80
Балалардың түрлі зат өлшемдерін шартты өлшеуіштердің
көмегімен өлшеуге үйретуде таразымен, жалпы таразы түрлерімен
таныстырып, оны пайдалана білуге үйретудің маңызы зор. Зат-
тардың ауыр, жеңілдігі олардың аз–көптігі, үлкен–кішілігіне
байланысты бола бермейтіндігін тәжірибе жүзінде көрсетіп, анық-
тау қажет. Заттың салмағын анықтауда түрлі әдіс–тәсілдер қолда-
нуға болатынын, зат салмағын көз мөлшермен, қолмен салмақтап
көріп, білуге болатынын түсіндіру қажет. Осы мақсатта түрлі
ойыншықтарды, дидактикалық құралдарды, ойындарды пайдалана
отырып, балаларға өлшетіп көруге болады. Мысалы: «Көкөніс
дүкенінде» атты сюжетті рольдік ойын арқылы сабақ өткізе оты-
рып, таразымен таныстыруға болады.
Сондай-ақ балалардың масса туралы ұғымдарын қалыптас-
тыру қажет. Заттың массасы заттың өзі тұрған орнына түсірген
қысымы екендігін түсіндірген жөн.
Сабақты практикалық мазмұнда, практикалық жұмыс бары-
сында өткізген тиімді. Шынайы көкөніс түрлерін таразыға тартып,
көрсете отырып, балалардың ауыр–жеңіл ұғымдарын нақтылап,
көрсетуге болады. Заттардың саны бірдей болғанмен, бір зат өзінің
бірнеше заттан ауыр болатынын саналы ұғындыру керек.
Саны бірдей, массалары әр түрлі, саны әр түрлі, массалары
бірдей т.б. жағдайлар ескеріледі. Теңестіру үшін екі түрлі жағдай
қарастырылады, жеңіл жағына қосу. Ауыр жағын алу т.б. қолмен
жаттықтыру, балалардың ойлау қабілетін тереңдететін ойындар,
сезімталдық қасиеттерін дамытатын тапсырмалар беруге болады.
Оқулықтағы суреттерді, дидактикалық құралдарды пайда-
лана отырып, сабақты ойын түрінде өткізуге болады. Уақыт өл-
шеуішімен таныстырып, таразыны пайдаланып, сусымалы заттар-
ды өлшеп көрсетуге болады. Ойлануға берілген тапсырма бары-
сында балалар геометриялық фигуралардың бір қалыптан, екінші
қалыпқа қалай ауысатынын біледі. Сусымалы заттардың қасиет-
терімен, адам өміріндегі маңызымен, пайдасымен танысады.
Достарыңызбен бөлісу: