Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет42/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Математика

УАҚЫТТЫ БАҒДАРЛАУ ТҮСІНІКТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Қазіргі еңбек шарты адамнан әрекет үрдісінде уақыт ағынын 
қадағалай білуде, оны уақытқа бөлуде, белгілі жылдамтықтағы 
әртүрлі сигналдарға жауап қайтаруда және берілген уақыт ара-
лығында өзінің әрекет қарқынын жылдамдатып немесе бәсең-
детуде, уақытты ұтымды пайдалануды талап етеді. Ол үшін уақыт 
сезімі дамыған болу керек. Бұл адамның ұйымшыл болуына түрткі 
болады, уақытты сақтауға, оны дәл ұтымды пайдалануға көмекте-
седі. Уақыт тек қана әртүрлі әрекет түрлерінің реттеушісі ғана 
емес, сонымен қатар адамның әлеуметтік қатынасының реттеушісі 
болып табылады. Уақыт оқушының өмірі мен оқу әрекетін 1-сы-
ныптан бастап-ақ реттейді. Балалардың бастапқы оқыту үрдісінде 
ақыл-ойдың дамуына Б.Т.Ананьев психологиялық-педагогикалық 
зерттеулер жүргізді. Мектепке бару кезеңінде, уақытты ажырату 
қабілеті дамыған балалар көптеген қосымша қиындықтарды 
жеңуге тура келеді. 1-сыныптан бастап-ақ балалар сыныпта бір 
қарқынмен және ретімен жұмыс істейді, берілген уақытта жатып
белгілі уақыттағы өзінің іс-әрекетін басқарып, оны сақтай білуі 
керек. 1-сынып оқушылары сабаққа кешікпей келуді, үйде 


101 
уақытында сабағын дайындауды бастауы бәріне үлгеруді үйрену 
керек. Мектептің балаға қойылатын осы талаптарының барлығына 
оны мектеп жасына дейін дайындау керек. Әсіресе оған қажеттілік 
6 жастан мектепке барған кезде өседі. Сондықтан балаларда 
уақытты сезінуін белгілі уақыт бөлігін сезініп, оларды анықтай 
білуді 5 жастан бастап-ақ дамыту керек. Зерттеулердің көрсет-
кіштері бойынша мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балаларда 
уақыттағы әрекетін реттеу әдісін қалыптастыру мүмкін. Ол үшін 
өмірге керекті әртүрлі уақыттағы уақыт аралықтарына балалардың 
назарын аударатын арнайы жағдайлар туғызу қажет және осы 
уақыт бөліктерінде не істеп үлгеру керек екенін көрсету керек. 
Уақыт аралықтарын әрекет үрдісінде өлшеуді содан кейін оған өз 
бетімен баға беруді, өз іс-әрекетін есептеп және оны алдын-ала 
белгіленген уақытта орындауды үйрету қажет. Уақыт түсінігін қа-
лыптастыратын факторлар негізінен мыналар жатады: Уақыт 
эталондарын білу (олар жайлы жалпы түсінік). Бала қандай да бір 
уақыт ұзақтығын немесе уақыт аралықтарының ұзақтығын өз 
бетімен анықтау үшін ол сағаттағы уақыт шараларын және сағатты 
қолдануды үйрену керек.
Құмсағаттар – балалардың уақытты өлшеулері үшін қолда-
нуларына ыңғайлы барынша тиімді құралдардың бірі. Құм сағат-
тардың уақытта санау талабы жоқ, әрі өте көрнекік үйде өз әрекет-
терін уақыт аралығында үйлестіруге дағдылана отырып, балалар 
біртіндеп өз әрекеттерінің қарқынын, минут ішінде орындауға 
дағдылана түседі, әрі бірнеше анализаторлардың (көру, бұлшық ет 
сезімі) көмегімен минут интервалын сезініп, қабылдап, дағдылана 
бастайды. Уақыт есебі факторын балалардың өзі реттен, түсіне 
бастайды. 
Сонымен қатар, белгілі бір уақыт аралығанда істеген жұмы-
сын түсіне білулеріне сөздік әдістердің де зор ықпалы бар. Мыса-
лы: «бір минут ішінде, сендер 7, 8 шаршыны қиып үлгердіңдер» 
т.б. 
Уақытты бағдарлауға күнделікті әрекет түрлерінде: атын, 
оқу, сабақ, серуен, үй тұрмысын әбден үйреніп қалыптасуға 
болады. Әсіресе балалармен үйде, серуенде немен айналыс-
қандары туралы сұраудың маңызы зор. Сен кеше таңертең не 
істедің? Сен бүгін түсте не істедің? деген сауалдарға бала өз 
істеген іс-әрекеттерін тәуліктің бөліктеріне сәйкес естеріне түсіріп 


102 
уақыт кезеңдерін ажыратуға дағдыланып, уақыт ұғымдары қалып-
таса бастайды. 
Бала бүгін, кеше, ертең ұғымдарымен таныса отырып, тәулік 
және оның құрамы туралы жан-жақты біле бастайды. 
Уақыт ұғымдарының сөздік атауларымен таныса отырып, 
бала баяу, тез, біршама қарқын деген ұғымдармен жете таныса 
бастайды. Балаларда біртіндеп тәуліктің бөліктері, алмасып 
отыратыны туралы ұғымдар қалыптаса бастайды, балада бір тәулік 
екінші тәулікпен, бір күн екінші күнмен ауысып отыратындығы 
туралы түсініктер қалыптаса бастайды. 
Сондай-ақ, балаларға апта күндерін, жыл мезгілдерін атап 
үйретудің маңызы өте зор. 
Сонымен бірге уақыт ұғымдары, тәулік бөліктері туралы 
ұғымдарын қалыптастырғанда күннің қозғалысын, ертеңгілік, 
түсте, кешке қалай ауысатынын түсіндіру қажет. Күннің, ауадағы 
құбылыстардың 
қоршаған 
болмыстың 
құбылысы 
туралы 
түсіндірудің маңызы зор. 
Уақытты бала нақты бір белгімен тығыз байланыста ғана 
түсіне алады. Мысалы, ертең – күн өте жарық болары, түн – қап-
қара қараңғы болары. 
Уақыт ұғымдарын қалыптастыруда балалардың дербес 
әрекеттерінің де зор маңызы бар. 
Баланың сан алуан әрекеттерінің қатарында ол әрқашан 
үздіксіз орындайтын, қайталанып отыратын әрекеттерде бар, 
мысалы, жуыну, тамақтану т.б. міне осы әрекеттерге сүйене 
отырып, әрбір баланың жеке тәжірибесіне сүйене отырып, уақыт 
ұғымдарын бекітуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет