Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ


БАЛАЛАРДА КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУ ТҮСІНІКТЕРІН



Pdf көрінісі
бет40/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Математика

БАЛАЛАРДА КЕҢІСТІКТІ БАҒДАРЛАУ ТҮСІНІКТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Адамның кеңістікті бағдарлау проблемасы кең әрі көп 
қырлы. Оған шама мен форма туралы түсініктермен қатар кеңістік 
айыруда кеңістікті қабылдауда да алуан түрлі кеңістік қатынас-
тарын түсінуде енеді. Нәрсенің кеңістігі басқа нәрселер арасын-
дағы қалпын анықтау тереңдікті қабылдау тағыда басқалары енеді. 
Кеңістік түсініктерді және кеңістік бағдарлау тәсілдерін 
қалыптастыруда алуан түрлі анализаторлар қатысады. Есіту, иіс 
сезу, көріп білуі сипап сезу және кинестетикалық т.б. 
Алайда кішкене балаларда кинестетикалық және көру ана-
лизаторларының атқаратын ролі ерекше. Кеңістікті бағдарлау ті-
келей кеңістік қабылдау негізінде және де кеңістік категорияларын 
(орны, қалпы, қашықтығы, нәрселер арасындағы кеңістік) сөздер-
мен өрнектеп айту арқылы жүзеге асады. Кеңістікті бағдарлау 
ұғымына қашықтықтарды, өлшемдерді, форманы нәрселердің 
өзара орналасуын және олардың бағдарланушы денеге қараған-
дағы орнын бағалау енеді. 
1) Кеңістікті бағдарлау тар мағынада жер бетінде бағдарлау 
деп түсінеміз, яғни бірінші тұрған нүктемен анықтау 
2) кеңістікте бағдарлаушы адамға қарағандағы айнала 
қоршаған объектілердің локализациясы оған мысал: оң жақта 
терезе, ал есік менің сол жағында
3) Кеңістіктегі нәрселердің бір-біріне қарағандағы орнын 
анықтау. Яғни олардың арасындағы кеңістік қатынастарды мыса-
лы, қуыршақтың оң жағында қонжық отыр, ал сол жағында доп 
тұр. Қозғалыс кезінде кеңістікті бағдарлай білу қажет. Тек осы 
жағдайда ғана жер бетіндегі бір нүктемен екінші нүктеге орын 
ауыстыру мүмкін. Бұл жердегі басты мәселе үшеу: 1) мақсат қою, 
2) маршрутын белгілеу, 3) қозғалыс үстінде бағытты сақтап отыру 
және мақсатқа жету. Зерттеуге қарағанда кеңістікті қабылдау 4-5 


97 
аптада-ақ білінеді. Нәресте 1-1,5 метр жердегі нәрсеге көз тоқта-
тып қарайды. Қозғалып бара жатқан нәрседен көз айырмай қарай-
тын кез 2-4 айда байқалады. Алғаш кезде көзін кенет аударып 
қараса кейін кеңістікті қозғалып бара жатқан нәрседен көзін 
айырмай қарайды. Кеңістік туралы ұғым осылай бірте-бірте 
қалыптаса бастайды. 
Бес жасқа қарағанда кеңістікті бағдарлау жөнінен жасқа 
қарағанда кеңістікті бағдарлау жөнінен өткізілетін сабақтар «Не-
нің қайда тұрғанын тап» типтес ойын іспеттес болуы тиіс. Мәсе-
лен, үстем жанына шақырылған бала өзінің алдында, артында, оң 
жағында, жоғары жағында, төменгі жағында не тұрғанын анық-
тауы тиіс. Басқалары оның жауаптарының дұрыстығын тексереді. 
Сонан соң баланың көзін жұмғызып, оның тұрған қалпын 
өзгертеді. Көзін ашып, ол енді өзінің әр тұсында не тұрғанын атап 
шығады.
Бұдан әрі балалар бөлменің әр жеріне, біреуі, мысалы, бір
бұрышына барып тұрады да өзінің алдында, артында, оң жағында 
сол жағында не тұрғанын айтып береді, екіншісі терезенің алдына 
барып тұрады т.с.с. Осы жағдайлардың бәрінде де баланың өз 
денесі санақ нүктесі болып табылады. 
Ересек балалар тобында заттардың арасындағы кеңістік 
қатынастарды білдіретін сөздерді түсіну және қолдану балаға 
өзінің сезім тәжірибесін ұғынуға көмектесетін маңызды фактор 
болып табылады. 
Кеңістікте бағдарлауда серуеннің, экскурсияның, қимыл-
әрекетті ойындардың, дене шынықтыру жаттығулары мен балалар-
дың тек өз тобының бөлмесінде бағдарлай алуы ғана емес, сондай-
ақ бүкіл балалар басқшасы үйінде бағдарлауының ерекше ролі бар. 
Тәрбиешінің тапсырмасы бойынша бір бала бір нәрсені 
шкафтың артына, шкафтың астына, жанына т.с.с жасырып қояды 
да, екінші бала соны іздеп тауып, оны қайдан тапқанын айтып бе-
ретін ойын түріндегі әдістерді де қолдануға болады. Ересек бала-
лар тобында оларды жазықтықта яғни екі өлшемді кеңістікте, 
еркін бағдарлай білуге үйрету керек. 
Мектепке даярлық тобында олар заттардың үй ішінде, ал 
кескіндердің парақ қағазда орналасуын анықтауға жаттықтыру. 


98 
Қозғалыс уақыты мен жолдың ұзақтығының арасындағы 
қарапаым тәуелділікпен таныстыру (жол неғұрлым ұзақ болса, оны 
жүріп өту үшін кететін уақыт соғұрлым көп). 
Мұнда мектепке дейінгі кіші және үлкен жаста кеңістік қа-
тынастарын танып білуді және кеңістік туралы түсінік қалып-
тастыруда тікелей өмір тәжірибесі жетекші роль атқарады. Мектеп 
жасына дейінгі балаларда олардың алуан түрлі әрекеттерінде 
жинақталады. Кеңістікті қабылдаудың жүйелік механизмін қалып-
тастыруда қозғаушы күшті жинақтай келе сөздің атқарар ролі арта 
бермек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет