Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет43/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Математика

 
УАҚЫТТЫ БАҒДАРЛАУ ҰҒЫМДАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Бұл балаларға уақыт арақашықтығын және осы немесе басқа 
уақыт бөлігінде шынайы не істеп үлгеретіндерін сезінуге мүм-
кіндік береді. Кейіннен бұл уақыттағы өзінің әрекетін жоспар-
лауды қалыптастыруға негіз болады, яғни бөлінген уақытқа сай 
жұмыс көлемін таңдайды. Балаларда уақыт аралықтарын сағатсыз 
бағдарлауды уақыт сезімінің негізінде дамыту. Балабақшадағы 
ересектер тобындағы балаларды 1 минут аралығындағы уақыт 


103 
сезімдерін дамыту. 1 минут - бұл бастапқы балаларға түсінікті 
уақыт бірлігі, бұдан 3,5 және 10 минуттар құралады. Тұрмыста бұл 
уақыт шаралары қоршаған адамдардың сөздерінде жиі кездеседі «1 
минуттан соң» , «осы уақытта», «бір минут күте тұрыңыз» деген 
тәрізді сөздерді балалар жиі естиді, бірақ бұл аралықтар туралы 
түсінігі бара-бар емес. Сондықтан балалармен алдын-ала минут-
тық аралықтарды қабылдау жұмыстарын бастау керек. Ал дайын-
дық топтарында 3,5 және 10 минуттық аралықтағы уақыт сезім-
дерін дамытып сағаттағы уақытты анықтауды үйрету керек. Жұ-
мыстың әдістері және оның ұйымдастырылуы: Балалардың 1,3,10 
минут ұзақтығымен таныстыру. Көрсетілген аралықтарды балалар-
дың қабылдауы үшін секундомер, құмсағат (ересектер тобында) 
құрастырушы сағатын (дайындық топтарында) қолдану керек. 
Балаларға белгіленген уақытта жұмысты орындауды үйрету керек. 
Ол үшін әрекет ұзақтығын бағдарлауды және уақытты өлшеуді 
және әрекет екпінін реттеуді үйрету керек. Бұл жұмысты кезеңмен 
орындау қажет. Бірінші кезеңде құмсағат арқылы әрекеттің орын-
далуының аяқталу мерзімін анықтауды үйрету керек. (тапсырманы 
1 минут ішінде орындап, уақытты минуттық құмсағатпен бақылау) 
Бұл балаларды өлшемдерді пайдалану тәжірибесін молайтуды 
қамтамасыз етеді. Екінші кезеңде әрекет үрдісіндегі уақыт аралық-
тарының ұзақтығының ұсынысын бағалауды үйрету қажет. Тәр-
биеші балалардың әрекет ұзақтығына дәл баға берілуін назарында 
ұстайды. Үшінші кезеңде әрекет ұзақтығы туралы түсінікті негізге 
ала отырып, оны алдан-ала берілген уақыт бөлігінде әрекет көле-
мін жоспарлауды үйрету керек. Берілген уақытта орындалатын 
жұмыс жоспарының көлемі құмсағат көмегімен тексеріледі. 
Төртінші кезеңде өмір бөлігіндегі уақыт ұзақтығын бағалауға 
үйрету(тұрмыста, сабақта, ойында) Бұл жұмыстар математика 
сабағында жүргізіледі. Бағдарлама материалының бірінші 3 сабақ-
та ересектер тобына қосылатын келесі тапсырмалар: Балаларды 1 
минут ұзақтығымен таныстыру; Уақытты құмсағатпен бағыттай 
білуді, әр түрлі әрекет барысында орындай білуге үйрету. Берілген 
тапсырманы қанағаттанарлықтай уақытында орындай білу сезімін 
қалыптастыру. Бірінші сабақта 1 митнут туралы ұғымдарын қа-
лыптастыру. «Минут –бұл алпыс секунд, ал секунд тіпті қысқа;» 
бір дегенше –секунд өтіп шығады, ал минутта алпыс секунд бар 
деп, 1 минуттың ұзақтығын секундомер арқылы көрсете отырып 


104 
тәрбиеші түсіндіреді. Балаларға бұл құрылғының аты секундомер 
екенің түсіндіріп және секундомер қалай қозғалатының көрсетіп, 
оның бір рет айналу қозғалысы әрқашан 1 минут болатының 
түсіндіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларды 1 минут отырғызып 
оның ұзақтығын секундомермен өлшеуді ұсынады. Балаларға 
бұдан кейін құмсағатты көрсетіп, оның неге бұлай аталатынын 
сұрайды. Тәрбиеші 1 минут ұзақтығын құмсағат және секундомер 
арқылы бір мезгілде көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге 1 
минутты секундомер және құмсағаттың көмегімен өлшеу керек 
деген шешімге келеді. Тәрбиешілер мен балалар уақыт өлшеуіш 
құрылғыларын қалай қолдану туралы айтады. Содан кейін әрбір 
үстелдің үстіне құмсағаттарды қойып және 1 минут ішінде не істеп 
үлгергендігі жайлы балаларға айтқызуды ұсынады. Олар бұл са-
бақта және келесі сабақта 1 минут ішінде не істеп үлгергендігі 
жайлы өздерін тексеру керек. Балалар бірінші сабақта үш тап-
сырма орындайды:
1)
1 минуттық құмсағатты бақылай отырып, 1 минут ара-
лығында таяқшалардан қандай да бір өрнек салу керек. Әрбір 
үстелде отырған балаларға бір уақытта құмсағатты аудару туралы 
белгі беріледі және жұмыс барысында бақылап отырады. Құм 
толығымен ағып біткенде, уақыт аяқталады, жұмыс дереу тоқ-
татылып, қолдарын стол үстінен алады. Жұмыс аяқталған соң 1 
минут ішінде кім қанша және қандай өрнек салып үлгергендігі 
жайлы әңгімелейді. Тәрбиеші құмсағатпен жұмысты орындау 
барысында уақытында бақылап үлгеріп бітірген балаларды ерекше 
бағалайды.
2)
1 минут ішінде он тал таяқшаны жаяды. 
3)
1 минут ішінде таяқшаларды бір қорапшаға салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет