V кезең «Ғажайыптар мемлекеті»
Үш пәннен сұрақтар қойылады, екі топ та бірдей жауап беруге болады. Сұрақ оқылмас бұрын топтар ұпай санын параққа жазып, жасырып қояды. Сұрақ оқылған соң екі топ та бірден жауаптарын параққа жазып көрсетеді, дұрыс жауап берсе ұпай қосылады. Жоғары ұпай-500.
Биология: Адам бір рет тыныс алғанда 500 см3 ау жұтса, 1 минутта қанша см3 ауа жұтады? (8000-9000см3)
Химия: Мына берілген реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріп, коэффиценттерінің қосындысы қаншаға тең? (, 7тең)
Физика: 1. Оның фамилиясының бірінші әрпі ток көзінің оң полюсіне жалғанатын электрод атауының бірінші әрпі. Екіншісі кедергі бірлігінің екінші әрпі, үшіншісі – ток күшін өлшеуге арналған аспап атының үшінші әрпі, төртіншісі – ток күшін реттейтін құралдың екінші әрпі, Ең соңғысы – кернеуді өлшейтін құралдың соңғы әрпі. Физик ғалым сонда кім болды? (Ампер)
2. Бұл ғимарат өзінің осы ерекшелігімен қоса, Галилей ашқан заңның арқасында Пиза қаласының даңқын бүкіл әлемге ғасырдан-ғасырға паш етіп келеді. Бұл қандай ғимарат және Г.Галелей қандай заң ашып еді? (Көлбеу мұнара. Денелердің еркін түсуі)
3. «Менің өзгелерден көреген болғаным, алдымыздағы алыптарға табан тірегендіктен болар»- деп айтқан ғалым? (Ньютон)
Қорытынды.
Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау. Оқушыларға естелік сыйлықтары тапсырылады.
Ғайжайып саяхат.
-Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бұгін апталықтың қорытынды кешіне қош келдіңіздер! Физика, химия және биология әлеміне саяхат шегеміз. Сондықтан осы жерден әр сыныптан араласып, екі топ шығамыз. Топ басшысын және топтың атын ойластырамыз. Топтың аты осы пәндерге сәйкестендірілген болсын. Саяхатымыз 5 кезеңнен тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын, тобымызды таныстырып алайық. (топтар таныстырылады)
І кезең. «Сұрақтар мемлекеті» 10 сұрақтан әр топқа оқылады, әр сұраққа 1 ұпайдан.
1-топ.
1. Көміртектің массасы (12)
2. Донор дегеніміз кім? (қан беретін адам)
3. Амеба қалай қозғалады? (жалған аяқтарымен)
4. Жыныс жасушаларының жиынтығы. (гамета)
5.Д.И. Менделеев периодтық заңын қай жылы ашты (1869ж)
6. Гидрлеу реакциясы дегеніміз? (Сутектің қосылу реакциясы)
7. Жасушаның энергетикалық станциясы. (Митохондрия)
8. Қысымның өлшек бірліктері. (Па, гПа, кПа, МПа)
9.Ток бар жерде біреу бар,
Өлшемі оның вольт, киловольт
Ұмытып кетпе, тағы бар
Гектавольт пен мегавольт. (кернеу)
10. Сутегінің екінші изотопы (Дейтерий)
2-топ.
1. Жапырақтарға жасыл түс беретін қандай заттар? (хлоропластар)
2. Адам ағзасында ұлпаның неше түрі кездеседі? (4)
3. Литийдің реттік номері (3)
4. Бутлеров химиялық құрылыс теориясын қай жылы ашты. (1861)
5. Кірпікшілі кебісше қалай қозғалады? (кірпікшелері арқылы)
6. Күзгі жапырақтардың сарғаюына немесе қызаруына қандай пластидтердің болуына байланысты? (хромопластар)
7.Сүйек пен тісте қандай металл болады? (кальций)
8. Жоғарыдан тасталған доп неге Жерге құлайды? (ауырлық күші)
9. Нені сандыққа тыға алмайсың? (Күн сәулесін)
10. Гемоглобиннің құрамында қандай элемент болады? (темір)
ІІ кезең «Жүйріктер мемлекеті»
1-топқа: Мектептен үйге жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін 1 минут ішінде айтып үлгірулері қажет? Топтан 2 оқушы шығады. Ұпай саны 500
мектеп
ρ
S
A
Үй
t
I
q
U
R
Q
I
P
мектеп
2- топқа: Жерден Айға жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін 1 минут ішінде айтып үлгірулері қажет? Топтан екі оқушы шығады. Ұпай 500
Кг/м3
Ай
Дж
С
М2
Жер
Вт
Кл
В
А
м
ІІІ кезең. «Кереметтер мемлекеті»
Сұрақ химия, физика пәнінен қойылады. Екі топ кезектесіп, ұяшықтар таңдайсыздар, оның ішінде жасырылған кілт сөздер бар. Кілт сөздерді оқи отырып, әр топ 100ден 500-ге дейінгі ұпайларын тігеді. Егер дұрыс жауап берсе, сол тігілген ұпай саны топқа қосылады, ал егер дұрыс жауап бере алмаса сол ұпай шегеріледі де, сұраққа жауап беру келесі топқа өтеді.
1-ұяшық: кілт сөздері: сабын тәрізді, тері, мата, күйдіреді.
Сұрақ: суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіреді, сондықтан .... деп атайды. (күйдіргіш сілтілер)
2-ұяшық: кілт сөздер: протон, әртүрлі, нейтрон, элемент атомы.
Сұрақ: ядро заряды, яғни протон сандары бірдей, бірақ нейтрон саны әртүрлі элемент атомының бір түрі қалай аталады? (изотоп)
3-ұяшық: кілт сөздер: желсіз ауада, физикалық құбылыс, хош иісі, гүлдер.
Сұрақ: Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? (Диффузия)
4-ұяшық: кілт сөздер: Тоқтар Әубакіров, ғашыркері, Геннистер, ғасыр адамы.
Сұрақ: Ғасыр адамы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Геннистер рекордтар кітабына қалай енді? ( МИГ-29 «Тбилиси» авиатасымалдаушы крейсерінің палубасына қондырып шығарды.)
IV кезең. «Алғырлар мемлекеті»
Биология пәнінен сұрақтар оқылады, сұраққа бірден жауап берсе 500 ұпай, ал егерде көмекке 2 сұрақты алса 300 ұпай, 3 көмекті алса 100 ұпай алады. Жауап бере алмаса, кезек қарсылас топқа өтеді.
1-сұрақ: а) бұл өсімдіктен Ежелгі Египетте пирамида салып жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған.
б) бұл өсімдікте фитоциттер өте көп, оны тұмау ауруымен ауырғанда пайдаланады.
в
Ом/м
) жуаның туған інісі. (сарымсақ)
2-сұрақ: а) бұл жемісті бетті күтуге, маска жасауда, беттегі сепкілді кетіруге пайдаланады.
б) оның құрамында 98 % су бар.
в) огурцыдың қазақша атауы (қияр)
3-сұрақ: а) Бұл құстың төс сүйегі жалпақ, әрі оның қыры болмайды, қанат саусақтары доғалданып келген.Қазақстанда қолда өсіріледі.
б) Аяқтарында екі саусақтары ғана болады, салмағы 90 кг жетеді.
в) Африкада кездеседі, етін, жұмыртқасын тағам ретінде қолданады. (страус, африкалық түйеқұс)
4-сұрақ:а) Жүрегі екі қуысты, қанайналым шеңбері біреу төменгі сатыдағы омыртқалы жануар.
б) 20 мыңнан астам түрі бар, денесі бас ,тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады.
в) зоологияның ихтиология саласы зерттейді, суда өмір сүреді. (балықтар)
Достарыңызбен бөлісу: |