66
мен ұғынықты болуы. Бұл жағдайда әрбір әрекет өз ретін қатаң
сақтап, әрекет нәтижесіне жетуді мақсат етуі керек.
Балаларды алгоритмге үйрету білімді игеруді жеңілдете
түседі.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру саба-
ғында алгоритм бойынша сабақ түсіндіру, яғни тәрбиешінің сан-
дарды түсіндіруін жекелеген дәл, нақты ретті элементтердің заң-
дылығын орындауы маңызды.
Тәрбиешінің алгоритм құруы дегеніміз бұл – балаларды оқы-
ту жүйесінің логикалық құрылымын жасап алуы, білім беру
жүйесін қатаң сақтауы, т.б.
Алгоритмді құру жаңа сабақты түсіндіруде де, өткен сабақты
қайталауда да пайдаланылады.
«Жиынды жекелеген бөліктерге, бірліктерге бөлу және бір-
ліктерден жиын құрастыру» тақырыбы бойынша алгоритмді мына
ретпен құруға болады.
1. Балалардың зейін қою белсенділігін арттыру үшін бір
үлкен және бірнеше шағын ойыншық әкелу (балалардың саны
бойынша).
2. Ойыншықтардың санын анықтау.
3. Әрқайсысына бір-бір ойыншықтан алуды ұсыну.
4. «Қанша» деген сұраққа жауап беруді үйрету.
5. «Бос» жиынды түсіндіру.
6. «Жиынды» қалай жасауға болатынын үйрету.
7. «Қанша» деген сұраққа бірнеше рет жауап беріп үйрету.
8. Балаларды жиын жасауға дағдыландыру.
Алгоритмді құрып болған соң сабақ өткізу қажет.
5>3>
Достарыңызбен бөлісу: