Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет36/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Байланысты:
Математика

 
БАЛАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҢ МАССАСЫ ТУРАЛЫ 
ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Масса туралы түсінікті қалыптастыру, онымен байланысты 
қабілетті дамыту сабақ барысында да, күнделікті өмірде де іске 
асырылады. Сабақтар балалар тексеру әдіс тәсілдермен, сұрақ-
жауаптарды тұжырымдаумен, сөздің анықтамалармен таныстыру 
үшін мақсатты қолдану қажет. Білімді, қабілетті бекіту ойындар, 
жаттығулар барысында сабақтан бос уақытта балалармен 
әңгімелесу арқылы іске асыру қажет.
Балаларды 
оқытуды ұйымдастыра 
отырып, 
тексеру 
тапсырмаларын практикалық және танымдық жұмысқа қосып 
өткізу керек. Бұл ойын тапсырмалары болуы мүмкін: салмақтары 
әртүрлі немесе тең болатын заттарды табу қуыршаққа сәйкес 
келетін ойыншықты табу теңін табу. Заттардың ұқсастығын терең 
танысудың оны зерттеудің қажеттілігін түсінуге көмектеседі. 
Сабақтарда әрбір баланың заттармен белсенді жұмыс жасауын, 
тәрбиешінің немесе баланың зерттеудің әдіс-тәсілімен жолдарын 
көрсетуді, балалардың зерттеу барысында жаттығуын қамтамасыз 
ету керек. 
Сабақтағы 
тапсырмалар 
мен 
жаттығулар 
басқа 
бағдарламалық тапсырмалармен үйлестіріп жүргізіледі. Жаңа 
тәсілдермен таныстыруды сабақтың басында жүргізген дұрыс. 
«Алынған білім мен дағдыларды бекіту сабақ соңында жүргізіледі. 
Тапсырмалар ойын түрінде өткені дұрыс салыстыру үшін әртүрлі 
жұмыс түрінде қолдана алатын заттар алынады (көкөністер, 
жемістер, қораптар, ойыншықтар т.б) көрсетілетін материалдар 
біртіндеп қиындатылады. 
Салыстырмалы заттар түрінің көбеюі, олардың массалары-
ның қатынасының азаюы, балалардың олардағы өзгерістерді тез 
қабылдауын дамытады. Заттардың бұл қасиетін атап көрсетуге 
қызықтырады. Алынған біліммен қабілетті басқа жұмыс түрле-
рінде (ойын, жұмыс, тұрмыс) қолдануға мүмкіндік береді. 1-ші 
кезекте заттардың массасын олардың арасындағы қатынасты 


84 
салыстыру арқылы ашып, ажыратуды, нәтижені сөзбен айта білуді 
оқыту керек. Салмақтық өлшеу шамасы ретіндегі (өлшеу шамасы 
ретіндегі) жалпы қасиетін ашуға әр түрлі денелермен заттардың 
массасын өлшеу әдістерімен шамалары туралы білімді дамытатын 
өлшеу жұмысы көмектеседі. Бұл негізгі бағыттар бойынша жұмыс-
тар барлық топтар да ұйымдастырылады. 4 жасар балалармен 
жұмыс істейтін тәрбиешілер алдында төмендегідей міндеттерді 
шешеді: 
Салмақты заттың қасиеті ретінде түсінік қалыптастыру, оны 
басқа қасиеттерімен ажырата білу; 
Заттардың арасында анықталған қатынас орната отырып, 
қарама-қарсы және бірдей массалы заттарды салыстыру; 
Салыстыру нәтижесін жеңілдету – ауырлау, жеңіл-ауыр, 
бірдей, тең деген сын есімдерді қолдана отырып, баланың сөздік 
қорына енгізу; 
Балаларды салмақпен бастапқы таныстыру үшін барлық 
қасиеттері бойынша бірдей бірақ салмақ айырмашылығы 1:6 не-
месе 1:5 болу керек. Бұл кез келген іші қуыс заттар бола алады. 
Алдымен тәрбиеші бұл 2 затты түрі, түсі, көлемі, формасы 
бойынша ұсынады. Бұдан кейін балалар заттардың ауырлығы 
бірдей ме? Кезектесіп тексереді. Бұл үшін затты қозғаудың қара-
пайым түрі ұсынылады. (шалқан жұлып алу, заттарды алақанда 
ұстау, әр қолға біреуден алып жоғары көтеру). 
Балаларға байқалған нәтижені сөзбен айтуға көмектесу ке-
рек. (Шалқандар әртүрлі). Бұл тәсілдерді бекіту үшін қай ойын-
шық ауыр, қайсысы жеңіл екенін көрсетуді сұрау керек. Заттарды 
салыстыруға сүйене отырып, балаларға «ауыр», «жеңіл» деген 
түсініктермен таныстыру керек. Келесі сабақта балаларға салысты-
руға бұрыннан таныс заттарды беріп, одан кейін салмағының ара-
қатынасы 1:4 болатындай басқа материал беру керек. 
Одан кейін балалардың салмағы әртүрлі заттарды ажырату 
қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар күрделенеді. Балаларға 
заттар салмағы бойынша тең болуы мүмкін екендігі түсіндіріледі. 
Бұл үшін тәрбиешінің көмегімен 2 жұп салыстырылады: біреуінде 
екеуі де тең. Егер заттарды салыстыру кезінде қиындықтар туын-
дап немесе жауаптар қарама-қарсы болса тәрбиеші ойыншық 
таразы пайдалана алады. Зерттеу тәсілдеріне барлық балалар 
қатысу үшін балаларға заттар үлестіріліп беріледі: 1-ші әртүрлі, 


85 
одан кейін салмақтары бірдей заттар. Біртіндеп заттардың айырма-
шылығын азайтып салмағы аз болатын заттар енгізу керек. (150г, 
50г, 100г). 
Мұнан кейінгі сабақтарда заттарды салыстыруда заттың 
кейбір нышандарының түрі ауыстырылу керек. Бұл үшін салмағы 
бірдей түсі әр түрлі немесе керісінше түсі бірдей, салмағы әр түрлі 
заттар алынады. Салыстыруды талдап қорытумен аяқтау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет