Қарапайым математикалық ТҮсініктерді қалыптастыру пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұНЫ


ТҮРЛІ ӨЛШЕМДЕРДІ (СҰЙЫҚ, СУСЫМАЛЫ) ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет34/44
Дата29.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#137183
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Байланысты:
Математика

 
ТҮРЛІ ӨЛШЕМДЕРДІ (СҰЙЫҚ, СУСЫМАЛЫ) ЖӘНЕ 
ҰЗЫНДЫҚТЫ ӨЛШЕУДІ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ 
 
Сенсорлық дамуды түрлі жолдармен дамытуға болады. 
Балаларда «салмақ сезімін», яғни «өлшеу» сезімін дамыту ма-
ңызды. Бұл әсіресе балаларға сұйық және сусымалы заттар туралы 
түсінік бергенде маңызды. Сусымалы заттарды бір–бірінен ажы-
ратып, өлшей білуге тәрбиелеу, сусымалы заттардың ерекшелігі – 
төккенде, яғни бір ыдыстан екінші ыдысқа аударып салғанда төбе, 
үйінді сияқты болып қалатынын дәлелдеп түсіндіру. Сусымалы 


79 
заттарды шартты өлшеуіштің көмегімен өлшей білуге дағдылан-
дыру. 
Балалардан қандай сусымалы заттар білетіндігін сұрау (құм, 
топырақ, ұн, бидай, күріш, тары, жарма, құмшекер т.б.). Сусымалы 
заттарды ыдысқа төккенде не пайда болатынын мысал арқылы 
түсіндіру қанттың, ұнның, күріштің үйінділері пайда болды. 
Сұйық заттың физикалық қасиеттерімен таныстыру қажет. 
Сұйық заттар температураға байланысты бір күйден екінші күйге 
ауысады, көлемі өзгереді. Сұйық заттарды бір ыдыстан екінші 
ыдысқа құйғанда беті тегіс болады. 
Балаларға сұйық заттарға мысал ретінде су, сусын, сүт, 
айран, шырын, қымыз, шұбат, сұйық май, жанар май, тосап, шәй, 
сұйық дәрі, сұйық тамақ т.б. ұғындыру, мысал келтіру. Сұйық 
заттар ыдыстарда құйылып, сақталады. Сұйық зат құятын және 
өлшейтін ыдыстар – бөшке, түрлі шыны банкілер, шелек, күбі, 
торсық, тостаған, цистерна т.б. Сұйық заттарды шартты өлшеуіш-
пен үй жағдайында да өлшеуге болады. Сұйық заттар құятын 
ыдыстардың сыйымдылығын басқа кішілеу ыдыстар арқылы 
анықтауға болады. 
Мысалы: 1 литрлік банкіде 5 стақан сүт бар, 20 литрлік бөш-
кеде 2 шелек жанар май бар, бір шелекке 10 литр сұйық зат сияды 
т.б. 
Осы мазмұнда балалардың ойлау қабілетін тереңдететін, 
сезімталдық қасиеттерін дамытатын қызықты тапсырмалар беруге 
болады. 
Балалардың сенсорлық жағынан даму мазмұны мен міндет-
тері, ең алдымен, балалардың логикалық ой–өрістерінің жетілуіне, 
олардың сезімдері мен ұғымдарының дамуына негізделді. Әсіресе 
мектепке дейінгі кезеңде «салмақ сезіну», «өлшеу» дағдыларын 
қалыптастыру баланың қабылдау сияқты психологиялық қабілеті 
қалыптасып дамуы үшін зор мәнге ие. Кішкентайлар тобында 
салмақты сезіну дағдыларын қалыптастыру мақсатында түрлі (ең 
ауыр, ең жеңіл) салмақтар мысалға алынса, ересектер тобында 
«салмақ» айырымы өте елеусіз, өте жақын салмақтар алынады. 
Барған сайын бұл салмақтар айырыла (300 грамнан 50 грамға 
дейін азайтылса бала қабылдауы, түйсінуі дамитындығы сөзсіз. 
«Салмақ сезімдерін дамыту үшін тегі, өлшемі, материалы әр түрлі 
заттарды қолдануға болады. 


80 
Балалардың түрлі зат өлшемдерін шартты өлшеуіштердің 
көмегімен өлшеуге үйретуде таразымен, жалпы таразы түрлерімен 
таныстырып, оны пайдалана білуге үйретудің маңызы зор. Зат-
тардың ауыр, жеңілдігі олардың аз–көптігі, үлкен–кішілігіне 
байланысты бола бермейтіндігін тәжірибе жүзінде көрсетіп, анық-
тау қажет. Заттың салмағын анықтауда түрлі әдіс–тәсілдер қолда-
нуға болатынын, зат салмағын көз мөлшермен, қолмен салмақтап 
көріп, білуге болатынын түсіндіру қажет. Осы мақсатта түрлі 
ойыншықтарды, дидактикалық құралдарды, ойындарды пайдалана 
отырып, балаларға өлшетіп көруге болады. Мысалы: «Көкөніс 
дүкенінде» атты сюжетті рольдік ойын арқылы сабақ өткізе оты-
рып, таразымен таныстыруға болады. 
Сондай-ақ балалардың масса туралы ұғымдарын қалыптас-
тыру қажет. Заттың массасы заттың өзі тұрған орнына түсірген 
қысымы екендігін түсіндірген жөн. 
Сабақты практикалық мазмұнда, практикалық жұмыс бары-
сында өткізген тиімді. Шынайы көкөніс түрлерін таразыға тартып, 
көрсете отырып, балалардың ауыр–жеңіл ұғымдарын нақтылап, 
көрсетуге болады. Заттардың саны бірдей болғанмен, бір зат өзінің 
бірнеше заттан ауыр болатынын саналы ұғындыру керек. 
Саны бірдей, массалары әр түрлі, саны әр түрлі, массалары 
бірдей т.б. жағдайлар ескеріледі. Теңестіру үшін екі түрлі жағдай 
қарастырылады, жеңіл жағына қосу. Ауыр жағын алу т.б. қолмен 
жаттықтыру, балалардың ойлау қабілетін тереңдететін ойындар, 
сезімталдық қасиеттерін дамытатын тапсырмалар беруге болады. 
Оқулықтағы суреттерді, дидактикалық құралдарды пайда-
лана отырып, сабақты ойын түрінде өткізуге болады. Уақыт өл-
шеуішімен таныстырып, таразыны пайдаланып, сусымалы заттар-
ды өлшеп көрсетуге болады. Ойлануға берілген тапсырма бары-
сында балалар геометриялық фигуралардың бір қалыптан, екінші 
қалыпқа қалай ауысатынын біледі. Сусымалы заттардың қасиет-
терімен, адам өміріндегі маңызымен, пайдасымен танысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет