104
тәрбиеші түсіндіреді. Балаларға бұл құрылғының аты секундомер
екенің түсіндіріп және секундомер қалай қозғалатының көрсетіп,
оның бір рет айналу қозғалысы әрқашан 1 минут болатының
түсіндіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларды 1 минут отырғызып
оның ұзақтығын секундомермен өлшеуді ұсынады. Балаларға
бұдан кейін құмсағатты көрсетіп, оның неге бұлай аталатынын
сұрайды. Тәрбиеші 1 минут ұзақтығын құмсағат және секундомер
арқылы бір мезгілде көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге 1
минутты секундомер және құмсағаттың көмегімен өлшеу керек
деген шешімге келеді. Тәрбиешілер мен балалар уақыт өлшеуіш
құрылғыларын қалай қолдану туралы айтады. Содан кейін әрбір
үстелдің үстіне құмсағаттарды қойып және 1 минут ішінде не істеп
үлгергендігі жайлы балаларға айтқызуды ұсынады. Олар бұл са-
бақта және келесі сабақта 1 минут ішінде не істеп үлгергендігі
жайлы өздерін тексеру керек. Балалар бірінші сабақта үш тап-
сырма орындайды:
1)
1 минуттық құмсағатты бақылай отырып, 1 минут ара-
лығында таяқшалардан қандай да бір өрнек салу керек. Әрбір
үстелде отырған балаларға бір уақытта құмсағатты аудару туралы
белгі беріледі және жұмыс барысында бақылап отырады. Құм
толығымен ағып біткенде, уақыт аяқталады, жұмыс дереу тоқ-
татылып, қолдарын стол үстінен алады. Жұмыс аяқталған соң 1
минут ішінде кім қанша және қандай өрнек салып үлгергендігі
жайлы әңгімелейді. Тәрбиеші құмсағатпен жұмысты орындау
барысында уақытында бақылап үлгеріп бітірген балаларды ерекше
бағалайды.
2)
1 минут ішінде он тал таяқшаны жаяды.
3)
1 минут ішінде таяқшаларды бір қорапшаға салады.
Достарыңызбен бөлісу: