Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

гидрозоа класы 
- Hydrozoa, 
сцифозоа
- Scyphozoa және 
маржан полиптері
- Anthozoa.

ГИДРОЗОА КЛАСЫ - HYDROZOA
Гидрозоа класының 2700 түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым 
құрылысты жануарлар. Олардың полиптер мен медуза формалары - гидрополип және гидромедуза деп 
аталады. Жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы арқылы дамиды. Личинкалары - планула деп аталады.
Гидрозоа класы екі класс тармағына бөлінеді:
гидроидтылар
- Hydroidea және 
сифонофоралар
- Siphonophora.
ГИДРОИДТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - HYDROIDEA
Бұларға жеке немесе колония құрып тіршілік ететін гидроидты полиптер жатады.
Гидра (Hydra oligactis) - қарапайым құрылысты полиптің бірі. Биіктігі 1 см-ге жуық, ұзына бойы 
созылған қапшық тәрізді, табанымен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшық суларда жиі 
кездеседі.
Құрылысы мен физиологиясы.
Гидраның денесі эктодерма және энтодерма қабатынан құралған. 
Олардың арасындағы мезоглея қабаты өте жұқа құрылымсыз қоймалжың заттан тұрады. Денесінің бос 
жағында (алдыңғы) 6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесігі орналасқан. Ол энтодермалық 
клеткаларымен астарланған гастральдық қуысына ашылады.

Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралған. Олар: жабынды пителиальді 


клеткалары, эпителиальды-бұлшықет клеткалары, интерстициальды немесе аралық, атқыш, жыныс және 
нерв клеткалары. 
Эпителиальды-бұлшықет (мускул) клеткалары цилиндр немесе призма тәрізді, өзінің түбімен мезоглея 
қабатына бағытталып, сол жерде өскіншелер түрінде созылады. Өскіншенің цитоплазмасы жіңішке 
жиырылғыш талшығын құрайды. Ал клеткалардың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты эпителиді құрайды. 
Сонымен эпителиальды-бұлшықет (мускул) клеткалары жабынды эпителидің және жиырылу қызметін 
атқарады.


Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық немесе интерстициальды клеткалар 
орналасқан, олардан жыныс және атқыш клеткалар пайда болады.
Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты қабықты сопақша атпа капсуласы 
орналасқан. Капсула улы затқа толы және оның ішінде қабықшасының өзгеруінен пайда болған, іші қуыс 
спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың сыртында қылтанақ тәрізді - книдоциль деп 
аталатын сезгіш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала қоршаған. 
Құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты капсуланың бірнеше түрі кездеседі. Пенетранттар - 
капсуласы ірі, атқыш жіпшесін жауының немесе қорегінің денесіне сұғып жіберіп, улы заттарымен оны 
жансыздандырады. Вольвенттер - капсуласы ұсақ, атқыш жіпшесі қысқалау, қорегін жіпшемен 
шырмаалады. Глютинанттар - капсуласы созылыңқы, атқыш жіпшесі ұзын, жабысқақ өз қорегіне 
кілегейленіп қалады. Осындай құрылысты атқыш клеткалар қорғаныс және қорегін аулау қызметін 
атқарады. Атқыш клеткалар көбінесе қармалауыштарда және ауыз тесігінің айналасында шоғырланып 
орналасады.
Жыныс клеткалары аралық (интерстициальды) клеткалардан қалыптасып, аталық клеткалары - 
сперматозоидтары ауыз полюсіне, ал аналық - жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара 
және кос (гермафродиттер) жыныстылар.
Гидраның эпителиальды - бұлшықет клеткаларының астында жұлдыз пішінді нерв клеткалары 
(нейрондар) жатады. Олар өздерінің тармақ ұштары арқылы бір-бірімен сабақтасып нерв торын түзеді. 
Осындай құрылысты жүйені диффузия типті нерв жүйесі деп атайды. Гидраларда екі нерв шоғырын 
байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны тітіркендірсе денесі түгелімен 
жиырылады.
Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетінен бастап гастральды қуысын түгел іштей астарлап жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет