Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет36/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

Ac қорыту жүйесі
эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен 
құралған. Алдыңғы және артқы ішектері қысқа, ортаңғысы ұзын. Алдыңғы ішегі әдетте кеңейген, 
кутикуламен астарланған және күшті бұлшықеттермен қапталынған, сұйық асты соруға бейімделген 
(насостың қызметін атқаратын) жұтқыншақ пен қарыннан тұрады. Алдыңғы ішекке шырыш бөлетін жұп 
сілекей бездері ашылады. Өрмекшілерде, осы бездердің және бауырдың ферменттерінің белокты ыдырату 
қабілеті жоғары. Өрмекші өзінің өлтірген жемтігінің денесіне осы бездердің сөлін жіберіп, қоректі ішектен 
тыс қорытады да, кейін қорытылған сұйықтандырылған қоректі сорып алады. Ортаңғы ішектің тұйықталып
аяқталатын тармақтары, өздерінің сілекей шығару әрекетімен қатар ішектің сорғыш беттерін кеңейтіп, асты 
сіңіруге көмектеседі. Артқы ішегі аналь тесігімен сыртқа ашылады. Өрмекшітәрізділердің көпшілігі 
жыртқыштар, бірақ омыртқалы жануарлардың қанымен,өсімдіктердің шырынымен және өсімдіктердің 
қалдықтарымен қоректенетін түрлері де бар.
Зәр шығару жүйесіне
Мальпиги түтікшелері және коксальды бездері жатады. Мальпиги түтікшелері 
энтодермальды ортаңғы ішектен пайда болып, ортаңғы мен артқы ішектің шекарасында орналасып, бір 
жағы тұйықталып екінші жағымен ас қорыту жолына ашылады. Олар жалпақ эпителий қабатымен 
астарланған, клеткаларында және түтікше қуысында көптеген гуанин дәндері болады. Гуанин 
өрмекшітәрізділердің зәр шығаруының негізгі өнімі, сыртқа сұйық түрінде емес, құрғақ кристалл түрінде 
шығарылады. Мальпиги түтікшелері тек ересек түрлерінде болады.
Тыныс алу мүшелері
әр түрлі; не жапырақтәрізді өкпелері, не кеңірдектері (трахеялары), не өкпелер мен 
кеңірдектері кездеседі. Өкпе қапшығымен құршаяндар, қылаяқтылар, төменгі сатыдағы
өрмекшітәрізділер тыныс алады. Сольпугалардың, пішеншілердің, жалған құршаяндардың, кейбір
кенелердің тыныс алу мүшесі трахеялар. Трахеядан тараған ұсақ трахеолалар әрбір мүшеге жалғасып, 
оларды ауамен қамтамасыз етеді.
Өрмекшілер отрядының өкілдерінде тыныс алу мүшелерінің екеуі де (жапырақты өкпе қапшыгы мен 
трахеялар) кездеседі. Олар құрсақ бөліміңде орналасқан жұп өкпе қапшығы және сыртқа екі
стигмамен ашылатын жұп трахея шоғыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет