Қарапайымдылар


Саркомастигофоралар типі-Sarcomastigophor



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

 Саркомастигофоралар типі-Sarcomastigophor.


Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған 
аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органоидтарының 
құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді:
-
саркодиналар
– Sarcodina; -
талшықтылар
-Mastigophora.
Саркодиналар класы- Sarcodina.
Саркодиналардың 10 000-нан аса түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда, ылғалды топырақтарда жиі 
кездеседі.Адамның және жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.
Саркодиналардың денесінің сырты плазмалеммамен қапталған. Көпшілік түрінде, сауыт тәрізді ішкі және 
сыртқы қаңқасы болады. Барлық өкілдері жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары арқылы қозғалады. 
Ядросы біреу, кейде бірнешеу. Тұщы суда тіршілік ететін түрлерінде жиырылғыш вакуолдері 
бар. Бактериялармен, балдырлармен және қарапайымдармен қоректенеді. Жыныссыз (екіге бөліну, 
кейбіреулері бүршіктену арқылы) және жынысты (гамета түзу арқылы) жолмен көбейеді. Көптеген 
саркодиналар циста түзеді. 
Саркодиналар үш класс тармағына бөлінеді:
-
тамыраяқтылар
– Rhizopoda; -
сәулетәрізділер 
– Radiolaria; -
күнтәрізділер
- Heliozoa.
Тамыраяқтылар класс тармағы – Rhizopoda.
Тамыраяқтылар - саркода тип тармағының қарапайымдылары. Денелері бірнеше мкм-нан 3 мм дейін 
жетеді. Кейбір тамыраяқтылардың сыртқы қаңқасы болады. Қарапайымдылардың жасушасына - жасуша 
мембранасы, цитоплазма, көбінесе бір ядролы (бірақ көп ядролы формалар да бар), органеллалар(ас қорыту 
вакуолы, жиырылғыш вакуоль, митохондрия) кіреді. Тамыраяқтылар гетеротрофты түрде қоректенеді, 
тамақ бөлшектерін (ұсақ қарапайымдылар, бактериялар, органикалық фрагменттер) орап, фагоциттейді. 
Содан кейін ас қорыту вакуолы тағамды сіңіреді, ал қорытылмаған қалдықтар экзоцитоз арқылы сыртқа 
шығарылады. Көбеюі жыныссыз жолмен яғни екіге бөліну арқылы көбейеді. Теңіз және тұщы су 
қоймаларында, шымтезекті мүктер мен топырақта кең таралған. Олардың кейбір түрлері паразиттерге 
айналған. 
Тамыраяқтылар класс тармағы үш отрядқа бөлінеді:
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет