энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттарды синтездейді,
сондықтан қоректенудің бұл тәсілін голофиттік немесе өсімдікше қоректену деп атайды.
Гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың хроматофора органоидтары болмайды. Олар
дайын органикалық заттармен, бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен т. б. қоректенеді. Қоректенудің
бұл тәсілін голозойлық немесе жануарларша қоректену деп атайды. Паразиттік тіршілік ететін талшықтылар
дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін
сапрофиттік қоректену деп атайды.
Миксотрофты талшықтылар автотрофты және гетеротрофты жолымен қоректене алады. Мысалы, жасыл
эвглена Euglena viridis миксотрофты организм күн сәулесі бар жерде жасыл
эвглена хлорофилл дәндері
арқылы нағыз жасыл өсімдіктер сияқты қоректенеді, демек көмір қышқыл газынан және судан органикалық
заттарды синтездеп алады. Эвгленаны органикалық заттарға бай қараңғы жерге орналастырса, онда эвглена
өзінің хлорофилл дәндерінің жасыл түсін жойып, дайын органикалық заттармен қоректенуге көшеді.
Осыған орай эвгленаның денесінің алдыңғы жағында ауыз тесігі мен жұтқыншағы дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: