«Ерліке бастайтын есім» - дауыстап оқу; қатысқан оқырман саны – 14 оқушы.
Қазақ халқы ежелден жаңа туылған нәрестеге ат қоюға бейжай қарамаған. Кез келген
ата-ана шыр етіп дүниеге келген өз сәбиіне ең жақсы есім қоюға тырысатыны анық.
Әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған
сақтықпен қарап, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне
қояды. Өйткені, есімдердің адам өмірінде маңызы зор. Әр адам өзіне қойылған есімге
лайық өмір сүргісі келетіні анық. Сондықтан қазақта түрлі есімдер ырыммен қойылады.
Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ.
Біздің кітапханамызда «Көк сандық» келуіне байланысты іс-шаралар өтті. Кітапхана
оқырмандарымен Мәжитов Бағдаттың «Балдәурен» жинағындағы тырнақалды
әңгімелері мен 5-сынып оқушылармен бірге балалар өмірінің қызықты сәттері,
олардың түсініктерімен, қиялдары мен армандарымен бөлістік. Ерлікке бастайтын
есім атты әңгімесінде Абылай, Талғат, Азат есімді бір сыныпта оқитын балалардын
есімдерімен байланысты. Бірі атақты хан болса, бірі ұшқыш соғыста талай жауды
жайратқан, ал Азат болса 16-желтоқсанда туылған.Сол атақты есімдерге лайықты
боламыз деді балалар. Алайда, соңғы жылдары еліктеуден туған есімдер
Қазақстанда көбейіп кетті. Өзіміздің ірі тұлғаларымыз емес, шетелдің танымал
жұлдыздарының, не атақты адамдарының есімін қою көбейіп бара жатыр. Шетелдік
мағынасы жоқ, біз үшін таңсық есімдер белең алуда. Бала – адамның бауыр еті десек,
сонда бүгінгі күнде, жаһандану заманында қазақ бауыр етіне қандай есім беріп жүр?
Балалар сендердің есімдерің немен байланысты қойылған соны білесіндерма? деп
сұрадым, балалар өз есімдерің талқылай жөнелді сонымен біздің іс-шарамыз қызықты
өтті.
«Ертекші» қуыршақ үйірмесінің балаларымен «Ертегілер еліне саяхат» қуыршақтандырылған қойылым көрсетілді. Қатысқан оқырмандар саны -12 оқушы. Қуыршақтандырылған қойылым қоя отыра балалармен викториналық сұрақтар қойылды.
«Көк сандықты» оның саяхаты аяқталмағанын іштей түсінгенімен, барлығы оны мұңая шығарып салды, демек, жаңа оқырмандарымыздың қатары арта түсетіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |