«Көк сандық» Қарағайлыда
23.08.2015 - 28.08.2015
«Көк сандықтың» саяхаты халықаралық жоба аясында Қарағайлы модельді балалар кітапханасында «Оқимыз бірге, оқимыз барлық жерде, оқимыз бәріміз!» ұранымен ұсынылған кітаптардың оқулары, библиографиялық шолулар, сұхбаттар, әдеби мереке және ойындар өткізілді. «Көк сандықтың» басты міндеті – балалар мен ересектер жақсы кітаптарды неғұрлым көп оқуды, үздік шығарманы таңдай білуді, оқыған кітаптан алған әсерін басқалармен бөлісуді үйрету.
Кітапханамызда №16,17 мектептің 2сынып оқушыларына Көк сандықтың ішіндегі кітаптарды ұсына отырып «Кітап патшалығы» әдеби мерекесін ұйымдастырдық. Қатысқан оқырмандар саны – 57 оқушы. Көк сандық ішінде көркем безендірілген 37 дана кітап бар. Іс-шара барысында кітапханашылар Көк сандықтың пайда болу тарихын әңгімелеп берді. Балалар қуана – қуана сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтардың шешуін тауып, Көк сандық ішіндегі кітаптарды дауыстап оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шарада көңілді, достық көңіл-күй орнады, балалар жан-тәнімен қуанышқа бөленді, қол соғып мерекеге шаттанып қалды.
Балалар Көк сандық ішіндегі кітаптармен танысты. Балаларға «Бөбектерге арналған қызықты ертегілер», «Үш аю» т.б. ертегілері оқылды. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға белсенді жауап берді. Іс-шара барысында балалармен ойындар ойнатылып, сергіту сәттері жасалды. Сонымен қатар балаларға естерінде көбірек сақталған жағдайды сурет етіп салу ұсынылды және бүлдіршіндер жігерлене келісті.
Достарыңызбен бөлісу: |