Тақырыбы: "Күн мен жаңбыр", "Хоп!","Көңілді поезд","Көңілді адам","Шыршаны айналу","Құстар сайрайды".
Орындаған: Жұмақұл Г.Е
Тобы:105-38
Қабылдаған: Аширбаева А.Б
www.okmpu.kz
«Күн мен жаңбыр»
Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «күн»деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып тығылады.
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
«Хоп» ойыны.
Ойын мақсаты:Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты .Ойыншылар саны шектеусіз.Алдымен кезектесіп 1-ден 30-ға дейін 3-ке бөлінетін сан келгенде оның орнына «хоп»дей отырып санайды.Кім қателесіп қалатын болса ,сол ойыннан шығады.Кім ешбір қате жібермесе сол жеңіске жетеді.Мысалы:1,2, «хоп»,4,5, «хоп» сол сияқты....
Көңілді поезд.
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.
Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.
Балалар шыршаны айналып өлеңдерін оқиды,бір-бірлерінің қолдарын ұстап шыршаны айналады
Құстар сайрайды
Педагог бірнеше құстардың суретін көрсетіп, олармен жақынырақ таныстырады (көкек, бұлбұл, кептер, бозторғай т. б.).
Балаларға үнтаспаға жазылған құстар үнін тыңдатады.
- Құстардың сайрағаны сендерге ұнай ма? Әнші құс деп қай құстарды айтамыз?
Педагог міндетті түрде балалардың ойларын тыңдайды.
- Құстарда қандай дене мүшелері бар?
- Балалар, құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
- Көрдіңдер ме, балалар жер шарында қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды екен.
- Енді біз бүгін сурет салу барысында құстардың сайрағанын бейнелеп көрейік. Сендердің алдарыңдағы суретте торғайлар сайрағысы келіп тұмсықтарын ашып тұр, бірақ олардың дыбысы бізге естілмейді. Ол естілу үшін қәне бірге дауысын салайық деп құстардың дауысын салады.