«Айсәуле» бөбекжай балабақшасы
Педагогикалық
кеңестер
2022-2023 оқу жылы
(Педагогикалық кеңестің жоспары,
педагогикалық кеңестің хаттамалары)
Әдіскер: Жаманқара Н.
№1 педагогикалық кеңес хаттамасы
Өткізілген уақыты: 03.12.2022 жыл
Түрі: дәстүрлі (тұрақтандыру)
Тақырыбы: «Жаңартылған бағдарламаға сай мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиенің жүйесі».
Мақсаты: Жаңа оқу жылының мазмұнымен таныстыру
Төрайымы: Кульчикова Мадина Куанышевна
Хатшысы: Амет Айгерім
Қатысқан педагогтардың жалпы саны: 5
Әдіскер : Жаманқара Н.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Жаңа оқу жылының жылдық жоспарымен таныстыру, талдау.
2. Оқу қызметінің кестесін бекіту.
3. Кадрларды топтар бойынша бөлу.
4.Баяндама «Жаңартылған бағдарлама –білім берудің жаңа мазмұны »
5.Түрлі сұрақтар
ТЫҢДАЛДЫ:
Балабақша меңгерушісі Айкенова Шынар Мелсқызы педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Педагогикалық кеңестің құрамына білім беру ұйымының басшысы (төрайымы), әдіскер, педагогтар, тәрбиешілер, психолог кіретіндігін айтты. Сонымен қатар, педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хатшы сайлау керектігін айта отырып 2021-2022 оқу жылында педагогикалық кеңестің хатшысы болып Жаманқара Н. сайланғандығын естеріне түсіріп өтті.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕН: әдіскер Жаманқара Н.
Әдіскер 2021-2022 оқу жылында педагогикалық кеңестің хатшысы бұл жылы қызметінің өсуіне байланысты, Әмет Айгерімді сайлауды ұсынды. Педагогикалық кеңес құрамы бір ауыздан хатшы ретінде тәрбиеші Әмет Айгерімді сайлауды ұйғарды.
1 ТЫҢДАЛДЫ: Күн тәртібінде қаралатын бірінші мәселе бойынша бөбекжай балабақшасының меңгерушісі жылдық жоспардың бөлімімен, жасалу принципімен, балабақшаның жұмыс бағыты, мақсат, міндетімен таныстырып өтті.
2022-2023 оқу жылына Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы адамгершілік құндылықтарын танып, біліп, меңгеру нәтижесінде баланың жеке тұлғасын,
ішкі жан дүниесін қалыптастырып, тілін жетілдіріп, өзін – өзі тануы арқылы қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту мақсатында :
- баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
- Рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнын қарапайым сүйіспеншілік, денсаулық, достық, бақыт сияқты құндылықтарға баулу.
- Баланың өз бойындағы жақсы қасиеттері негізінде жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету.
- Күнделікті бірлесе атқаратын іс – қимылдар барысында балалардың бойында қоршаған орта құбылыстарымен адамгершілік қарым – қатынас жасау міндеті алынды.
Жылдық жоспарда осы міндеттерді шешу мақсатында жұмыстар жоспарланған.
Достарыңызбен бөлісу: |