Қарасай негізгі мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Архимед күші.
Өткізген: Кудайбергенова А.Н
2013-2014 оқу жыл
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Ж.Жәдігеров
Күні: 10.03.2014ж
Сыныбы: 7
Пәні: физика
Сабақ тақырыбы: §44. Архимед күші.
Сабақ мақсаты:
1.Тәжірибелер арқылы Архимед күші туралы ұғым қалыптастыру.
2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, көрсетілімдер.
Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран
Қажетті құралдар: Динамометр, шелек, цилиндр тәрізді дене, шүмегі бар ыдыс, кішкене сауыт,доп.
Демонстрациялық көрсетілімдер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?
Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?
Металл манометр қалай жұмыс істейді?
Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тәжірибе:
Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.
Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?
Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.
Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.
IV. Есептер шығару.
V. Бекіту. 1. Архимед күші неге тең?
2. Архимед күшінің шамасын анықтауға болатын қандай тәжірибе.
3.Архимед күші қандай шамаларға тәуелді.
4. Архимед заңын пайдалана отырып, дененің тығыздығын қалай анықтауға болады?
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
§44 түсінік айту.
23 –жаттығу 4,6,7 есеп шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |