Әңгімелеп үйренеміз
М. Төрежанов
«Кішкене бағбан»
Әңгімені оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Үстел театрын пайдалана отырып әңгімелеуге үйрету; мақалмен жұмыс істету арқылы дұрыс қорытынды жасауға жетелеу 9.30-9.55
«Әлеуметтік»
Өзің-өзі тану
Менің үйдегі достарым
«Қамқорлық» ұғымының маңызын түсіндіру. Үй жануарларына қамқорлық көрсету туралы түсінік беру. 10.05-10.30
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық, (Орындарынан тұрады)
Мойынымызды бұрайық (Мойындарын екі жаққа алма кезек бұру)
Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап (Қолдарын созып суда жүзгендей жүзеді)
Қане, жүзіп алайық,
Оңға, солға бір қарап, денемізді бұрайық.( оңға, солға бұрылады)
|
Шаттық шеңбер
Мен келдім, міне, бүгін ортаңызға,
Амандық тілеп сізге, баршаңызға.
Саулығын берсін деймін бәрімізге,
Келесі кездескенше жаңа күнге.
|