Қарашева Ж. Т. aзаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы



Pdf көрінісі
Дата01.05.2022
өлшемі155,3 Kb.
#141586
Байланысты:
thesis96523



Қарашева Ж.Т. 
 
aзаматтық құқық және 
азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы 
кафедрасының  
аға оқытышу 
 
 
Дидактика туралы
 
ұғым
 
Дидактика 

бұл ежелгі грек сөзі, яғни 

үйретуші мұғалім деген 
ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және 
әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.Дидактика 
білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін,
оқытуды 
ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың 
негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері те зерттелген.Дидактиканың 
ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592

1670). Оның 
«Великая дидактика» кітабының (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен 
принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.XVII ғ. швейцар педагогы 
Иоганм Генрих Песталюци (І746
-
1827) дамытып оқыту приициптерінің 
жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінін, негізін жасады.XIX ғ. 
неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790 
-
1966) дамытып 
оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді 
қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргштік, жігерлілік, 
оқушылардың дербес ерекшеліктерін есксру, жағынан қашыққа, оңайдан 
күрделіліке кошу т.б.К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына 
игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупска П.П.Блонский, 
С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, 
М.А.Данилов Л.В.Заикин, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөнінде 
еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды 
ұйымдастырудың 
әдістері 
мен 
формаларын 
дәлелдедіПедагогика 
ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог ғалымдары, ағарту 
ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабасв, Ахмет 
Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов 
т.б. ол уақыттарында шығармашылықпен еңбектесіп, бір сыпыра үлестерін 
косты.Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841
-
1889) қазак 
балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін 
зерттеді. Оның ғылыми
-
әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл 
балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, 
сөзімін оятатын жолы.[1]. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың 
ішінде рус тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, 
мектептер үшін оқу жоспарларының, оку пәндер бағдарламалары авторы. 
Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын мектептерге тиымды қолдануды 
ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, 


ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай 
оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның 
«Педагогика» кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан 
кейін 1923 жылы Тошкент қаласында («Түркістан баспасоз махкамасы») 
шығарылды. Мағжан осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін 
оқыту мен білім берудің негізі деп карастырған. Оның 1917
-
1918 жылдары 
Омбы қаласында курста қазак балаларына, 1919
-
жылдары Орынборда 
мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабйдағы арнайы орта мектепте оқыған 
дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан 
Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары 
Сокаттың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л. 
Рубинштейннің (1889
-
1960), А.А. Смирновтың (1894
-
1975), т.б. ғалымдардың 
еңбектері игі әсер етті.Жоғарыда айтылған ғалым
-
педагогтардың дидактикаға 
байланысты ой
-
пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.Шетел, 
Ресей, 
Қазақстан 
педагог
-
ғалымдарының 
еңбектері 
практикалық 
проблемаларды шешудің сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын 
анықтаудың негізі. Мәселен. нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін 
оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес 
жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім 
шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін 
қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, 
жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің 
идеяларына сәйкес ғылым нгзінде дәлелдеп, іске асыру қажет. Педагогикалық 
технология мәселесімен жан
-
жақты айналысып, зерттеу жүргізіп жүрген 
ресейлік ғалымдардың бірі 
– 
М.М.Левин. Ол педагогикалық технологияның 
негізгі қызметі 
– 
оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске асыру және жеке 
тұлғаны дамыту екендігіне тоқталады. М.Чошанов технологияны дидактикалық 
жүйенің проссуалдық құрамдық бөлігі деп есептейді.Педагог
-
ғалым 
В.М.Шепель: ”Технология 
– 
белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн 
қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс
-
тәсiлдер,”

дейдi. И.Г.Зайнышев: “белгiлi 
затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс
-
тәсiлдер жүйесi” 
деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса, технологияны “белгiлi 
шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын әрекеттер 
жиынтығы” деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған “адамның әрекетiн, бiлiктiлiгiн, 
тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды, әлеуметтiк шындықты сапалы өзгертуге 
бағытталған әрекеттер жүйесi” деп қарауды ұсынады.Ресейлiк ғалымдардың 
iшiнде технологияның мәнiн бiршама анығырақ айтқан Б.Т.Лихачев: 
”Педагогикалық технология 
– 
оқыту тәсiлдерi мен тәрбие құралдарын, 
оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын анықтайтын 
психологиялық
-
педагогикалық 
установкалардың
бiрлiгi, сондықтан да ол 
– 
педагогикалық процестiң 
инструментарийi
болып саналады”, 

дейдi.[2]. 
Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға «педагогикалық 
мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және 
әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі» деген 
анықтама берсе, В.М.Монахов технологияны «оқушы мен ұстазға бірдей 


қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу»,

деп 
санайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
 
 
1.Ж.А Қараев. Ж.У Кобдикова. Кобдикова Ж.У., Оқытудың «Үшөлшемді 
әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы 
– 
нәтижеге бағытталған білім 
берудің тиімді құралы ретінде. 
– 
Алматы, 2008. 
– 116. 
2
. Данилов М.А.., Есипов Б.П. Дидактика. 
– 
М., 1957.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет