Ардананың Есенқұлы, Үргенішбай атаның ұрпақтары. Өмір дерек



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі43,95 Mb.
#6295
1   2   3

Дәуметұлы Шернияз
1878-1957ж
Жарықтық Шернияз атам әулие адам.Біздің ауыл бәрі молда атам дейтінбіз.Молда атамның нағашысы Базарқожа бейітіндегі қорымындағы салынған үй там Жылкелді әулие руы қырғыз.Молда атамның әулие кереметтігі сол,көтеріліп жын ұрған ауруларды атқа байлап әкелгенде төрт-бес күнде дем салып қазақша оқумен жазып үйлеріне қайтаратын.Тіс ауырып зарлап жатқан ағама әкем барып тұз оқытып әкеліп тісіне салғанда сап тиылатын.Молда атам тамқ аурудан ауырып өлерінің алдында хабар айтып Оңғар ахун баласы Бұрханды шақыртып алды.Біздің үй Шөмішкөлдің бергі бетінде ,Молда атамның үйі арғы бетте ортада су екі жүз метрдей жүріп өтесің.Мезгіл көктемге салым .Мұз әлсіреп быжылдап әр жері көгеріп ойылып жатыр.Мен бала болсамда жол көрсетуге Бұрхан мақсымның қасына ерті жіберді.Өтетін мұзға келсек әлсіреп жатыр.Тұрып-тұрып тыңдау жерімен Мақсым мені ертіп ,жүріп келеміз.Қорқынышпен үрей билеп келемін.Бірақ әлде бір құран сүресіме соны оқып аяғын нық басып сенімді келе жатырған мақсымның кереметтілігі ме?,әлде ауырып аманатын айтқалы жатырған молда атамның құдіретіме? Мұздан аяғымызға су жұқпай өте шықтық. Атаммен мақсым ұзақ сөйлесіп қайытты.Кейін әкемнің айтуы бойынша Шернияз атам намазын шығаруын аманаттапты. Үш күннен кейін қайтыс болған атамның намазын Бұрхан мақсым шығарды. Молда атамның аманаты орындалды. Молда атамның мақсымды шақыртуы, сондай-ақ өткел бермей жатырған әлсіз мұздан өтіп аманатын орындауы,екі әулиенің бір-біріне дидарласып,кітаптарын тапсырды деген әңгімеде бір кеметтің бары анық.Бейіті арғы беттегі Орал ахун бейітінің жанында жатыр.Сиынып тілек тілеушілер басынан үзілмейді.


Өтепбергенұлы Жұбаныш

1885-1951ж
Жұбаныш атам шаңырақ иесі,үлкен үй атануы ,төрт ұлдың кенжесі, Өтепберген атамның әкесі Нұрлыбай атамды қолына алып, өлгенше бағып, шаңырақты ұстауы шығар. Нұрлыбай атамыз өмірін сопылық-пен өткізген дейді.Отыз жыл далаға шықпай масахана құрғызып,соның ішінде отырған екен дейді. Сол шаңырақ әлі сол үлкен үй деп аталады. Жұбаныш әкем ертерек елуінші жылдарда қайтыс болды. Бейіті арғы бетте .Жастай қалған баласы Сағындық ағам бір сөзді,қулық сұмдықта шаруасы жоқ,бір тоға адам. Қазір сол отанның ақсақалының бірі. Ұлын ұяға, қыздарын қияға қондырып,немерелерімен Күлпара жеңгемізбен бақытты өмір кешуде.


Әйімбетұлы Кенжебай.
Кенжебай атам ірі сары зор денелі адам еді.Несие сөзі,бөтен ісі жоқ сабырлы жан еді.Баласы Жеткерген екі үйдің ортасында еркелікпен не құйтырғы іс жасап,мойынына асылып мазасын алсада,өте шыдамды ең айтар ауыр сөзі «ой ,найсап!»-деген сөз айтатын.Кенжебай атам өте қанды қол ,сыралы балықшы еді дейді. Жылым бригадирі болып, жылымы әр дайым балықты елден ерек ұстайтын.Майлаған жылымына барған адамдарға екі балықтан беріп ренжітпей,несібелерің ғой қазан -дарыңды қайнатыңдар деп риза етуші еді –деп Сейілхан көкем айтатын. Сол атаның шаңырағын баласы Жеткерген Қызылорда да ұстап отыр .Кенжебай атаның бейіті Шөмішкөлде аталар қорымында.

Қосанұлы Сұлтан.

1890-1976 ж.

Сұлтан атам ірі денелі зор адам еді. Саусақтарының жуандығы жас сәбидің білегінің жуандығындай, өте қайратты адам еді. Оны «Дәу ата», «Батыр атам» деп, ел аузында ол кісінің істеген істері аңыз ертегі түрінде айтылатын. Өзі батыр, ақкөңіл адам еді. Қайраттылығы сол ұстайтын жылқыларды шауып бара жатырғанда жалынан ұстап тоқтата беретін еді дейді. Әкесі Қосан атамыз шиті мылтығымен аң аулап бұлан, киік т. б. еттерінен, өкпе-бауырын теріден тіккен қалтаға салып, басқа шешеден туған іні-бауырларын асырап қамқорлық жасайтын дейтін. Сұлтан әкемізде жігітке аса қайрат пайда бермес деп, құрылып жатырған Үкіметтің саясатына қарсы шығып, сол үшін айдалып, түрме төрінен орын алады. Ресей түрмелеріндегі небір орыс баскесерлердің қазаққа істеген озбырлығына шыдамай күллі мұсылман жандардың намысын жыртып кеудесіне басты. Соларды басып, жаншып қазақ абройын биікке көтерді деп, ризалықпен бірге отырған жандар еске алады дейді. Сұлтанда қырық жігіттің күші бар, ал Тәженде қырық жігіттің жүрегі бір жігіттің күші бар деген екен.

Кезінде аты шыққан азамат еді,

Айналған ардананың ағасына.

Ешкімнің қайрат күші тең келмеген,

Қосанның Сұлтанының шамасына деп, Мырзағали ағамыз жырлағандай бұл пәниден батыр атамызда өтті ғой. Артында шаңырақ иесі баласы Төртқара, немересі Қанат бар. Қорымы арғы бетте.




Сұлтан әкем жайлы жиені Пірзадаұлы

Ізеннен естіген

әңгімелерім.

Сұлтан әкеміз әкесі Қосан қайтыс болғасын күш қайраты бар, өз туған нағашысы Сойырғас руынан екен, нағашыларына сәлем беріп қайтады. Сосын әкесі Қосанның нағашыларына олар Қыр жақты жайлайды екен. Соларға сәлем беріп қайтпақшы болып жолға шығады. Әкесінен есіткеніндей нағашысы Хангелді Төртқара руының әрі батыры, әрі ірі байларының бірі екен. Естуіңше Хангелді нағашысы қайтыс болыпты. Балалары қалып, шетінен ержүрек батыр екен. Солармен дидарласып, барып көріп қайтайыншы деп ауылына келеді. Келіп нағашыларына сәлем беріп, аунап-қунап жүре береді. Бір күні сол жақта үлкен ас береді деп естиді. Естуінше төртқара руының бір байы ат шаптырып, аламан бәйгеге 100 жылқы тігіп, балуан күрес т.б бәйге жариялап сауын айтады. Нағашысы, жиені Сұлтанды сынамақшы болып сен жиенім, нағашыларыңа келіп сәлем бердің. Ауылыңа қайтарсың бірақ нағашыларыңнан не алып қайттың деп елің сынайды. Сен пәлен жерде төртқараның батыры Бекалы бар. Сол жүйрік ат ұстап, бәйгеге Ақтабан атты жүйрі атын қоспақшы болып отыр. Қасында көтермеге тағы бір жүйрік аты бар. Қолыңа түсіріп бәйгеге қоссаң жиенсің ғой Хангелді нағашыңды, сенің жиен екеніңді есітіп білсе алдыңнан жықпас. Бірақ күзеті мықты . Ол батырдың қаһарынан қорқып қорадан қойы, ол ауылдан шыбыш лағы да жоғалмайды дейді. Анау-мынау адам ауылына бара алмайды дейді. Сол әңгімені есіткен Сұлтан әкем ауылды сырттай бақылайды. Сұрастырса батыр жатқан үлкен үйде найза сүйеулі. Кім батылы алады деген ой шығар. Отты батыр қамсыз жатады екен. Бағып, күзетіп отырған қарауылы төрт жігіт екеу-екеуден кезек ұйықтап күзетіп тұр екен. Жақындап келіп екеуін ұрып, байлап тастап бәйге атты жетегіңе алып тартып отырады.Ертеңіне тұрған батырға аттың қолды болғанын айтып ескертеді.Есіткен батыр із кесіп, атты Ханкелдінің жиені Сұлтан деген бала жігіттің алып кеткенін біледі.Ақылға салып ақсақалдарымен ойласқан батыр сендер сырттай бақылаңдар, не болғанда бұл баланың біздерді басынып емес ,еркелеген еркіндігі шығар депті.Ханкелді жиенінің атты ауылына алып кетпей бәйгеге қосам деп дүйім елдің алдында еркінсуінің мәнісі ,сонау сырдан келіп Ханкелдінің әруағын ,қалды Төртқара руының мәрттігін сынамақшы шығар.Ешқайысың қолын қақпаңдар,өзім асқа бармаймын деп тапсырыпты.Ас басталып бәйгеге аттарды қосқан Сұлтан нағашысының бәйге аты бірінші келіпті.Сол аста балуандар арасында күресіп бас бәйге алып,алдына күрес бәйгесіне бір үйір жылқыны және аламан бәйгенің жүз жылқысын салып, нағашысына барады. Нағашылары сен бәйге атын қосып, бағың жанды.Енді осы атын және бәйгеңді батырға апарып батасын алып ,бәйге атын апарып бер деп ақыл айтады.Батырға келсе ағаш үйдің көлеңкесінде отыр екен. Алыстан атынан түсіп сәлем беріп нағашым,намысыңа тисем басым міне,сіздің атыңызды мәрттігіңізді сатып осыншама олжалы болдым. Сонау сырдан Сұлтан деген ардана жиені келіп нағашыларынан олжалы болып қайытты деген атағыда болады. Мына бәйгені, жылқы- ларды алып батаңызды беріңіз деп басын иеді.Батыр ауыл ақсақалдар-



ын ,балаларын шақырып үлкен қонақасысын беріп,мына жиенімнің қаймықпай қалың ел алдында менің бәйге атымды алып қашып,бәйгеге қосып,өзі күресте палуандарымызды жеңіп абройлы болуы.Біздің Ханкелді ағамның батырлығының жалғасы барын,ол өлмегендігін,баланың абыройына біздіңде Төртқара руының қосылысы барын айтып батасын береді.Астына көтермелейтін бәйге атының бірін мінгізіп, алдына екі үйір жылқы салып қайтарады. Сұлтан нағашым, нағашыларының мәрттігін айтып, сол батыр нағашыларының рухына риза болып қуанғанда ұлының атын Төртқара қойып атын шығарды. Нағашы деген қандайды,үзілген жіпті жалғайды деп айтқандай қазақ халқының қыздарынан тараған ұрпақтарына құрметпен қарауы халқымыздың қадірлі қасиеті шығар деп нағашым айтып отыратын.


Қосниязұлы Ділекеш.

1895-1982 ж.
Ділекеш ата ірі денелі зор қара кісі еді. Мешітке жастайынан оқып, діни сауатты адам еді. Көп жыл балықшы, бригадир болып еңбек етті. Зейнетке шыққаннан кейін ауыл молдасы болып, имандылық жолында өмірден өтті. Ізін жалғастырмақшы болып немересі де Асқарбекте діни мектеп ашып, дін оқуын жалғастырды. Жеті-сегіз жыл Орал ахун тілеуханасының шырақшысы болды. Келешек ауыл ортасында салынған Орал ахун мешітін ұстасам деп армандайды. Длекеш атамның үлкен ұлы Жеткерген аға Қызылжарда тұрады. Бүкіл Үргенішбай әулетінің ең үлкен ақсақалы. Кемпірі Толыш жеңешем екеуі аллаға шүкірлік қылып, тәуба қылады. Қолында кіші баласы келіні мен Аюбек тұрады. Үлкен ұлы Қасқырбек пен келіні Қазалы қаласында тұрып жатыр. Атаның шаңырағында отырған Көзжетпес аға баласы Мейрамбекпен тұрып жатыр.


Шүкірұлы Жалғас.

1895-1982 ж.
Жалғас атам бұл өмірден таза әулие күйінде өтті. Өмірі Ораза намазын ұстап, тақуалықпен сол Орал ахун бейітінің шырақшысы болып, күн кешті. Жалғас атам әруақты, арқасы бар, жас кезінде ағаш үйдің шаңырағына шығып, арқасын ұстап қысқан кезде төбесінде жүретін еді дейді. Атам киелі ұста. Үй басып, ағаш үй жасайтын. Ағашты тезге салып темірдей игенде таң қалатынбыз. Айдаладағы қорада оңаша жұмыс істейтін. Біз Жеткерген екеуіміз ойнап жүріп, сусын апарып қызықтаушы едік. Бір таң қаларлығы жыландар бірі кіріп, бірі шығып атамның айналасында жүреді. Ал атам болса бізге тейгізбейтін. Бертінде атам болса біздің әруағымыз жылан болып көрінеді деуші еді. Рас солайда шығар әлі күнге дейін арғы беттегі бейітінде жылан көрінеді. Басында жуан өскен сексеуіл. Балалары Балтабай мен Хамит түнгі отырыстан шығып, шамалап ішкендігі бар атамның басына барып қайтпақшы болып бейітке келсе, жуандығы білектей жылан шаншылып бейітке жолатпайды. Бұл шын болған оқиға. Содан кейін атамның тегін еместігін мойындадық. Баласы Төрехан аға ерте қайтыс болып, он баламен отыз алты жасында жесір қалған азаматтай Әлимаш жеңгем балаларын жеткізді. Шүкір атамның шаңырағында Руслан мен Қалдыбай ұстап отыр. Шаңырақ ұстау бақыты кімге бұйыратынын бір құдай біледі.


Дәуметұлы Бекнияз.

189…-1961 ж.
Бекнияз атамды қажы атам деп айтсақта, қысқартып Бекеш ата деп айтатынбыз. Бекеш атам үйленбей, дүние жинап, мал жинамай дүниеден өтті. Өмірі жүрген жеріне есегіне Құран кітабын артып, күндізде, түндеде молаларға қонып, кітап ақтарып, құран оқып отыратын. Молада жатқанда Жеткерген екеуіміз жапқан нан, айран апарып берсек, бізге батасын беруші еді. Бекеш атамның бір кереметін Әлнияз баласы Бесқайыр айтады: «Бірде жол жүріп бара жатырғанда Шабанда Насырадин үйінен түстеніп, шай ішіп жолға шығады. Екі Құран кітабы қалай қалсада, сол үйде қалып қояды. Сөйтсе түн ішінде Құран кітабы сөйлеп мазаларын алған дейді. Қорқып кеткен Нәкең артынан атпен қуып апарып берген екен». Ол жайында естелік айтқан Сүйіншалы баласы Кенебай айтады: «Менің жастау бала кезім. Ақшатауда Құлсымақ балалары әкесіне ас беріп, біздің үйге Бекнияз кірді. Маған ешегіме шөп салып бағып қара, батамды беріп, ішірткі тұмар жазып берем деді. Шешем Қадиша аңқаулау адам еді және екі күн болғасын жақтырмады ма тамақтан кейін шай бере қоймаса, Бекеш атам кітап ашып әйел еріне тамақтан кейін шай берсін деп айтады дей әзілдесе, жеті түнде қамыс жағып шай әкеліп береді.Дастарханға шекер қант қоюды ұмытып кетсе керек, кітапта бар нәрсені дастарханға қойған ләзім десе, апам дереу сандықтағы шамалы шекерін дастарханға төге салды дей күледі. Ертеңіне маған тұмар жазып береді. Апам күртешемнің жағасына тігіп берді. Соны естіген әзілі бар жандар Кенебаймен сөйлескен адам дуаланып қалады. Өйткені үстінде Шернияз бен Бекнияздың дуасы бар деп күледі». Бекнияз атам кейін Қаратереңге Ернияз інісінің қолына барып қайтыс болады. Бейіті Дәумет әкесінің қасында жатыр. Айтушылар бейітінен от жанып тұрушы еді дейді.

Қорытынды


Осы шежірені жазу үшін қаншама екбектеніп іздену керек болды.Әуелі

әулетіміздің ең үлкені Манасұлы Сейілхан мен Манасұлы Сахидың айтулары бойынша өздері білетін әулет ұрпақтарының жобасын қағазға түсіріп жаздық.Кейін Қазақстанның жан-жағына тарап кеткен әулет ұрпақтарын түгелдедік.Осы шежірені баспаға жүйелеп компьютерде жазуда ұлым Манасов Ғалымжан мен інім Жеткергенұлы Аюбекке рахмет айтамын.Көрсеткен көмектеріне алғыс білдіріп ата-бабалары-ның рухы, әруағы қолдасын деймін. Алматыдан хабарласқан әруақты інім Тұрмағанбет Ерниязұлы Дәуметов аға осындай ұрпақ үшін, бір жақсы іс істеген екенсің .Ендігі сізге айтарым бұны жақсы бір дүние қылып шығаруға көмек берейін деп өтініш етті. Осы шежіре кітабымды ініме аманаттадым. Ниетіңе Алла риза болсын,талабың оң болсын.

Садуахас Манасов.

10.03.2010 жыл.



Шөмішкөлім

Айналдым ата мекен Шөмішкөлім,

Бабалар шежіре боп жатқан жерім.

Ардана топырағында түлеп өскен,

Киелі қасиетті туған елім.
Шөмішкөлдей көл бар ма?

Арданадай ел бар ма?

Деп жырлаған ақындар.

Ата қоныс, құт мекен,

Сенен асқан, сенен асқан,

Сенен асқан мен үшін,

Дүниеде жер барма.
Ағалар абыройлы асқақ ерлер,

Жеңгелер айдынымда аққу едің.

Ұл – қызым Шөмішкөлдің нұрасына,

Жалтылдап жауқазындай өсе бергін.


Суыңмен нуың бөлек Шөмішкөлім,

Сырымды өзіңменен бөліскенмін.

Жер бетін жүз айналып шарласамда,

Сенен асқан ел барына келіспедім.


Тұрмағанбет 21.11.10.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет