Архив. Интернет желісінің архивтерінде файлдарды анықтауға арналған жүйе


WAP хаттамасы негізіндегі мобильді интернет



бет66/72
Дата08.02.2022
өлшемі10,24 Mb.
#98234
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
ВСС лекциялар (1)

WAP хаттамасы негізіндегі мобильді интернет
WAP (Wireless Application Protocol - желісіз қосымшалар хаттамасы) –бұл хаттама немесе техникалық стандарт, осы тәсіл арқылы ақпарат Интернет желісінен шағын ұялы телефон дисплейіне беріледі. Бұл технология ұялы телефоннан Internet желісінің мобильді ресурстарына қосылу мүмкіндігіне ие болуға, WML немесе XHTML формаларындағы ұялы телефон мүмкіндіктеріне арнайы икемделген ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Ұялы байланыс жүйесін құру принциптері Әрбір ұяшықта жоғары емес қуат пен байланыстың белгіленген арналар мөлшерімен байланыс құралы арқылы қызмет көрсетіледі. Бұлай қызмет көрсету байланыс құралының арналар жиілігін басқа алыс арақашықтықтағы ұяшықта қайталап қолдануға мүмкіндік береді. Теориялық жағынан бұндай байланыс құралдарын көршілес ұяшықтарда қолдануға болады. Іс жүзінде ұялы қызмет көрсету аймақтары әртүрлі факторлар әсерінен, мысалы радиотолқындарды таратудың шарттарын өзгеруі салдарынан жабылып қалуы мүмкін. Сондықтан көршілес ұяшықтарда әртүрлі жиіліктер қолданылады. F1, F2 және F3 сияқты үш жиілікті пайдалану арқылы ұяларды құру үлгісі 1.1- суретінде берілген
Әртүрлі жиынтықтағы жиіліктегі ұялар тобы кластер деп аталады. Оны анықтайтын өлшем көршілес ұялардағы қолданылатын жиіліктердің саны болып табылады. 1.1. суретінде, мысалы, кластердің өлшемі үшке тең. Бірақ іс жүзінде бұл өлшем 15–ке дейін жетуі мүмкін. Ұялы байланыстағы ұстанымның негізгі мазмұны аралас ұялардағы жиіліктерді қайталап қолдану болып таблады. Алғашқы уақытта ұялы байланыс жүйесінде қолданылған алғашқы әдіс–жиіліктерді қайталап қолдануды ұйымдастыру әдісі болды және айналма диаграмалары бар базалық станцияларды антенналарын қолдану әдісі болды.
Бұл әдіс бірдей қуаттағы дыбыс сигналын барлық бағытта беруді қамтамасыз етеді, яғни барлық бағыттардан, барлық базалық станциялардан дыбыс сигналдарын қабылдаумен тең. Жиіліктерді белгілі мөлшерде қайталап қолдануға болатын базалық станцияларда бір–бірінен D қашықтығында орналасқан, ол “қорғау интервалы” деп аталады (1.2-сурет). Бірдей жиіліктерді қайталап қолдану мүмкіндігі байланыстың ұялы жүйесіндегі жиілік спектрін қолданудың жоғары тиімділігін анықтайды. Ұяларды кіші ұяшықтарға бөлген кезде базалық станциялардың саны артады, ал сәуле түсу қуаты базалық және жылжымалы станциялар үшін төмендейді. Бұндай әсер базалық станциялардағы секторлық антенналарды пайдалануға болады. Радиусы 300–500 м. аз ұяшықтар ыңғайсыз, себебі қызмет көрсетудегі қабылдау ағыны өседі. Бұнда ұялы байланыс жүйесін құрудағы көпдеңгейлі (иерархиялық) сызбаларды ірі ұяшықтарда (макроұяшықтарда), ал кіші (микроұяшықтар, пикоұяшықтар) ұяшықтарда пайдалануға болады. Кей жағдайларда ұяшықты бөлу қажет емес, оларды ірілендіру қажет, егер трафик кіші болса, ол базалық станцияның қажетті жүктемесін қамтамасыз ете алмайы. Егер осында ұяшықтың радиусы базалық станцияның қабылдағышының ең алыс қашықтықта әрекетінен жоғары болса, онда байланыспен алыс қашықтықта қамтамасыз ету үшін ретранслятор рөлін атқаратын қайталағыштарды қолдануға болады.
Ұялы радиожүйе стационарлық жүйесі бар аймағында жылжымалы абоненттерді байланыспен қамтамасыз ету керек. Радиожүйенің элементтері базалық станциялар болып саналады. Бір–бірінен алыс қашықтықта тұрған базалық станциялар бірдей жиілікті қайталап қолдана алады. Радиожүйенің сапалы жобалары трафиктің мүмкін тығыздығын қанағаттандыруы қажет, бұл жерде радиоқұралдардың ең аз мөлшері жиілік аумағын есепке ала отырып абоненттерге қызмет көрсетуге жұмсалуы қажет. Бұндай жағдайды базалық станциялардың орналасқан жерлерін ыңғайландыру, қабылдағыштардың қуаты, антенналардың биіктігі мен түрлері, базалық станциялардың арасында жиіліктерді тарату есебінен шешуге болады. Жағдайдың қиындығы сонда – тура шешім табуға мүмкіндіктің жоқтығында және біртіндеп жақындасу әдістерін қолдануға болатындығында. Синтез процедурасын сипаттағанда жүйенің түрін есепке алу талап етіледі. Әрі қарай NMT және GSM стандарттарының өлшем жүйелерін бағытталаймыз. Базалық станцияның құрал–жабдықтары базалық станцияның контроллерінен (BSC) тұрады. Базалық станцияның контроллері бірнеше қабылдау–жіберу блоктарынан басқара алады. BSC радиоарналарды бөлуді басқарады, қосылуларды бақылайды, олардың кезектігін реттейді, секірмелі жиіліктердің жұмыс кестесін қамтамасыз етеді, дыбыс сигналдарының модуляция мен демодуляциясын, хабарламалардың кодталуы мен декодталуын, сөздің кодталуын, сөзді жіберуге арналған қабылдау жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, жеке шақырудың хабарламалар беру кезектестігін анықтайды. BSC жылжымалы байланыстың коммутация орталығымен (MSC) бірлесе отырып, HLR және VLR регистрімен қосылып, арналарды босату қызметімен айналысады, әрине MSC–тің бақылауымен. MSC базалық станциядан арналарды босатуды қамтамасыз етуді сұрауы мүмкін. BSC пен MSC бірлесе отырып жылжымалы станциялардың кейбір категориялары үшін хабарламаларды ерекше жеткізуді қамтамасыз етеді. Алты бұрышты ұяшыктарды колдану кажетті жиілік диапазонының ұзындығын реттеуге мүмкіндік береді.Бұдан басқа, алты бұрышты форма (түрі) базалық станциялардың антеннасының бағыттылығының айналма диаграммасына сай келеді және ол ұяшық ортасын да орналасқан. R ұяшық радиусы арқылы өтетін базалық станциялардың қызмет көрсету аймақтарының көлемі N абоненттерінің мөлшерімен анықталады, олар бір мезгілде қызмет көрсету аймақтарында әңгіме жүргізе алады. Қосымша қағазда көрсетілген ұялы байланыс жүйесінің ыңғайлы түрін құруда біз абоненттердің белсенді аймақтаррында ұяшықтың радиусы азайып, белгіленген жиілікті қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкін екекнін, қабылдағыштардың қуатын азайтуға және базалық станциялардағы қабылдағыштардың сузімталдығын азайтуға болатынын, жүйедегі құралдардың құрамын қысқартуға, болатынын негізге алдық. R радиусындағы ұяшықтың мөлшерін таңдауға тоқталайық. Бұл мөлшерлер D қорғау интервалын анықтайды (1.2-сурет), ұяшықтар арасында белгілі жиіліктер қайталап қолдануы мүмкін. D қорғау интервалының көлемі, жоғарыда аталған факторлардан басқа, радиотолқындарды таратудың мүмкін деңгейі мен шарттарына байланысты. Барлық аймақтағы шақырулардың жиілігі бірдей болған жағдайда ұяшықтардың бір өлшемі таңдалады. Базалық станцияның қызмет көрсету аймағының өлшемі R радиусы арқылы көрсетіліп, N абоненттері арқылы анықталып, қызмет көрсету аймақтарында бір уақытта әңгіме жүргізуге байланысты болады. Ұяшықтардың радиусын азайту жиіліктерді қолданудың тиімділігін арттыруға және абоненттің ұлғайтуға ғана емес,сонымен бірге қабылдағыштардың қуатын азайтуға және базалық станциялардағы қабылдағыштардың сезімталдығын азайтуға ықпал етеді. Бұл өз кезегіндегі ұялы байланыс құралдарының электромагниттін сәйкестік жағдайын жақсартады. Шудың деңгейін төмен түсірудегі тиімді әдісте бағыттылығы тар диаграммадағы секторлық антенналарды қолдануға болады. Бұндай бағытталған антенна секторында сигнал (дыбыс) бір жағына көбірек беріледі, ал қарама–қарсы бағыттағы берілу деңгейі ең төменгі мөлшерге дейін қысқарады. Ұяларды секторларға бөлу ұялардағы жиіліктерді жиі қолдануға мүмкіндік береді.Бұлай ұйымдастырылған ұяларды жиіліктердіқайталап қолданудағы жалпыға мәлім әдіс әрбір базалық станцияға 3–секторлы антенналарды қолдануға және жиілігі тоғыз топты құрайтын 3 көршілес базалық станцияларды қолдануға негізделген (1.3 сурет). Бұл жағдайда бағыттылығы 120 диаграммасы бар антенналар қолданылады. Жиіліктерді қолданудағы ең жоғары тиімділік және жүйедегі ең көп абонентердің болуы жиіліктерді қайталап қолданудағы жасалған әдісті қамтамасыз етеді,мұнда екі базалық станция жұмыс істейді.Бұл әдісті іске асыруда 1.4 суретіндегі әрбір жиілік кластер деңгейінде екі рет қолданылады, ол төрт ұяшықтан тұрады,мұндағы базалық станция 12 жиілікте жұмыс істей алады,онда бағыттылығы 60 диаграммасы бар антенна қолданылады.
Ұялы байланыс жүйесінің сыйымдылығын жоғарылату әдістері болады. Ол әдістің бірі ұяшықтарды бөлу, яғни жиіліктерді қайталап қолдану коэффициентінде аз ұяшықтарға өту әдісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет