Ante алды, алдында; apud қасында;contra



Дата28.05.2020
өлшемі15,15 Kb.
#71438
Байланысты:
Лекция предлогтар (1)


ПРЕДЛОГТАР

Латын тілінде әрбір предлог (шылау) аккузативпен немесе аблятивпен қолданылады. Екі предлог қана (in және sub) осы екі септеуде де қолданылады.

1. Аккузативпен жиі қолданылатын предлогтар (шылаулар): ad қасында, жанында, маңында; ante алды, алдындаapud қасында;contra қарсы, қарамастан; ob себебіper ішінде, іші арқылыtrans үстінде, үсті арқылы; post кейін, соң, әрі; praeter басқа;propter үшін, бола.

2. Аблятивпен жиі қолданылатын предлогтар (шылаулар): a (ab) –тан, -тен, -дан, -ден, -нан, -нен, кейін; cum -мен, -пен,- бен, бірге;de туралы, жөнінде, секілді, сықылды, жайында, турасында ; e (ex) –тан, -тен, -дан, -ден, -нан, -нен; prae алдында, шейін, дейін;pro үшін, қорғау үшін; sine – сыз, - сіз.

3. Екі септеуде қолданылатын предлогтар (шылаулар): in – да , -де, -та, -те жалғауы яғни «қай жерде?» сұрағына жауап берсе аблятивпен (abl.) қолданылады және «қайда?» сұрағымен аккузативті (acc.) керек ететін предлог (шылау); sub – астында яғни «қай жерде?» және «қайда?» сұрақтарына байланысты аблятив (abl.) пен аккузативті (acc.) керек ететін предлог (шылау). 

Ескерту. (N.B.) 1. Сausā себебі және gratiā үшін, болғандықтан предлогтары ілік септігімен яғни Genetivusпен қолданылады. Жоғарыда аталған предлогтар сөздің алдында тұрса, бұл екі предлог сөзден кейін тұрады. Мысалы: gloriae causā атақ үшiн, amicōrum causā дос үшiн, exempli gratiā мысалы, мысал үшiн

4. Кейбір предлогтарды (шылауларды) – cum, ex, in, de, ob cияқты – сын есім мен зат есімнің ортасына қоюға болады: magna cum cura қамқорлықпен, үлкен қамқорлықпен

5. а және е предлогтары дауысты әріптен басталатын сөздердің алдында ab және ex формаларында қолданылады.

Латын предлогтарының (шылауларының) кестесі төмендегідей болады:




Accusatīvus 


Ablatīvus 


Genetīvus 

Ad, ante, apud, contra, ob, per, trans, post, praeter, propter, in, sub 


A (ab), cum, de, e(ex), prae, pro, sine, in, sub 


Сausā, gratiā 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет