Желіге ену әдісі – компьютерге желілік кабель бойынша деректерді қалай жіберіп, қабылдау керектігін анықтап беретін ережелер тобы.
Желілік операциялық жүйе - бұл желідегі коммуникационды процесстерді басқаратын және оның жалпы архитектурасына қолдау көрсететін бағдарламалық құралдар. Ол керекті желілік ресурстарды жұмыс станцияларына бөліп береді және қолданушыға осы ресурстарға стандартты және ыңғайлы қолжетімдігін қамтамасыз етеді
Модем (МОдулятор+ДЕМмодулятор) - алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Байланыс арналарының (кабельдік, радиожиіліктік немесе сымдық) типіне қарай қабылдау–жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б деп бөлінеді. Компьютерден модемдерге түскен цифрлық мәліметтер модульяциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша ), телефон желісіне бағыталады. Қарапайым телефон арқылы компьютерлерді өз ара байланыстыратын жабдық.
Интернет желісі – бұл желілік серверлер, электронды коммуникациялар, прокси-серверлер және жеке компьютерлер негізінде құрылған ауқымды желі.
Жұмыс станциясы - жеке қолданушымен қолданылатын енгізу шығару және ақпараттық есептеу құрылғысының комбинациясы. Күрделі графикалық немесе есептеу мүмкіндіктерімен көбінесе информацияны өңдеуге қымбат қаражат қажет ететін қолданбалы программа жасалатын қуатты автоматты компьютер деп аталады.
Интерфейс – 7 деңгейлік ЭМВОС моделінің аралас деңгей арасындағы алмасу ережесі.