Қолданбалы деңгей (Application layer) - қолданбалы процестердің желілік ресурстарға енуіне арналған терезенің ролін атқарады. Бұл деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды және файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мәліметтер қорларын пайдалану, электрондық пошта, гипермәтіндік Web-беттер сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар (message) деп аталады.
Қолданушы интерфейсі - аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістерімен құралдары
Ашық жүйе - ашық спецификацияға сәйкес құрылған кез-келген жүйе (компьютер, есептеу желісі, ОЖ, программалық пакет, басқа да аппараттық және программалық өнімдер)
Спецификация - аппараттық және программалық компоненттердің формалданған сипатталуы, олардың іс-әрекеттерінің тәсілдері, басқа компоненттермен әрекеттесуі, қолданылу шарттары, шектеулері және басқа да сипаттамалары. Кез-келген спецификация стандарт бола бермейді. Жүйені құру үшін ашық спецификациялар неғұрлым көп қолданылса, жүйе соғұрлым ашық бола түседі.
OSI үлгісі - ашық жүйе, яғни жіберілетін және қабылданатын хабарламалардың мазмұны мен мәндерінің форматын анықтайтын, стандартты ережелерді қолдану арқылы басқа желілік құрылымдармен әрекеттесуге даяр желілік құрылым. Кейде OSI стегі деп аталатын OSI эталонды моделі Халықаралық стандарттар ұйымымен өңделген 7-деңгейлі желілік иерархия болып табылады.