Конвертер (Convertor) – екі орташа тәуелділікті интерфейсі бар екі портты құрылғы.
Конвертерлердің қайталағыштардан айырмашылығы – олар дуплексті режимде жұмыс жасай алады. Кең таралған 100Base-TX/100Base-FX конвертерлері.
Қайталағыштар (Repeater) – көптеген сегменттерді біріктіруге мүмкіндік беретін көп портты құрылғы. Өзінің бір портына коллизияның сигналын немесе кадрын қабылдағаннан кейін оны қайталағыш өзінің басқа қалған порттарына бағыттайды. Қос талшықты (12, 16 немесе 24 порттар RJ-45) арналған көптеген порттары, BNC бір порты және AUI бір порты бар құрылғылар кең таралған. Қайталағыштар OSI моделінің физикалық дәрежесінде жұмыс жасайды.
Желілік бейімдеуіш (NIC, Network Interface Card) – компьютердің оны басқа компьютерлермен байланыстыратын деректер тасымалдау ортасымен тікелей әрекеттесетін шеткері құрылғысы. Бұл құрылғы электр-магниттік сигналдар арқылы көрсетімделген екілік деректермен сыртқы байланыс арнасымен айырбас жасау мәселесін шешеді. Желілік бейімдеуіш операциялық драйверінің басқаруымен жұмыс істейді. Желілік бейімдеуіштер тақша түрінде жасалады. Желілік бейімдеуіштің тақшасы өз драйверімен бірге арналық деңгейдің функцияларын, сондай-ақ, физикалық деңгей қызметтерінің біраз бөлігін жүзеге асырады. Желілік операциялық жүйеде бейімдеуіш пен драйвер жұбы тек қана физикалық деңгейдің және МАС-деңгейшенің функцияларын орындайды, ал LLС-деңгейше әдетте операциялық жүйенің барлық драйверлер мен желілік бейімдеуіштерге ортақ модулімен жүзеге асырылады. Желілік бейімдеуіштің барлық функцияларын магистральдық және желілік деп екі үлкен топқа бөлуге болады.