Архивтік нұсқа Редакциялау күні



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата18.05.2022
өлшемі179,37 Kb.
#143601
1   2
Байланысты:
12082 kaz 20061225 20220404



 
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 
 
 
Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 12 Нормативтік қаулысымен.


Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
25.12.2006
Сақтау күні
04.04.2022
Дата редакции
25.12.2006
Дата скачивания
04.04.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
23. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерге немесе қоғамға 
қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту туралы істерді тергеген және қараған кезде бұл 
қылмыстардың тек қасақана жасалатынын ескеру қажет.
Мұндайда қылмыстық жауаптылық, егер айыпты адам осындай 
қылмысқа тартылған адамның кәмелетке толмағанын анық білген жағдайда ғана 
туындайтынын басшылыққа алу қажет.
24. Кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тарту деп қылмысқа 
тартушы адамның кәмелетке толмағанның қылмысқа қатысуға ынтасын (ниетін, 
ұмтылысын) және дайындығын қалыптастыру жөніндегі мақсатты әрекеттерін 
тану қажет. Мұндайда ересек адамның әрекеттері белсенді болуы тиіс және 
психикалық немесе денесіне зиян келтірумен (ұру, көндіру, қауіп туғызу және 
қорқыту, ақша беру, алдау, кек алу, қызғану және өзге де ұждансыз сезімін 
қоздыру, жауапсыздыққа сендіріп, қылмысты жасаудың орны мен тәсілін немесе 
оның іздерін жасыру туралы кеңес беру, жасаған әрекеттер үшін ақы төлеуге 
немесе ұрланған заттарды сатуға көмектесуге уәде беру және т.б.) ұштасуы 
мүмкін.
Тергеу органдары және соттар кәмелетке толмағанды қылмыстық 
немесе өзге қоғамға қарсы әрекеттерге тарту мақсатында ересектердің қандай 
нақты әрекеттер жасағанын көрсетуге міндетті.
Ересек адамның кәмелетке толмағанға психикалық немесе денесіне зиян 
келтірмей, қылмыс жасау туралы өздігінен жәй ұсыныс айтуы кәмелетке 
толмағанды қылмыстық әрекетке тарту болып табылмайды.
25. ҚК-нің
және
көзделген қылмыстар, кәмелетке 
131
132-баптарымен
толмағанның ересек адамның ықпалымен қылмыстарды қасақана жасау ниеті 
пайда болған кезде, қылмысты немесе қоғамға қарсы өзге де әрекеттерді жасауға 
тарту сәтінен бастап аяқталды деп есептеледі.
26. ҚК-нің 131-бабының 3-бөлігінде және 132-бабының 3-бөлігінде 
көзделген кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қарсы іс-
әрекеттерге тарту кезінде күш қолдану деп кәмелетке толмағанның денесін 
ауыртумен, денсаулығына жеңіл және орташа дәрежедегі зиян келтірумен 
байланысты ұрып-соғуды, өзге де күш қолдану әрекеттерін түсінген жөн.
Егер кәмелетке толмағанды қылмыстық немесе қоғамға жат өзге 
әрекетке тарту оның денсаулығына ауыр зардап келтірумен немесе дербес 


Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
25.12.2006
Сақтау күні
04.04.2022
Дата редакции
25.12.2006
Дата скачивания
04.04.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
қылмыс құрамын құрайтын өзге әрекеттермен ұштасса, онда бұл әрекеттерді 
қылмыстардың жиынтығы бойынша дәрежелеу қажет.
27. Кәмелетке толмағанды қылмысқа тартқан және оған қатысқан ересек 
адамның әрекеттері жасөспіріммен бірге нақтылы қылмысқа қоса қатысқаны және 
оны қылмыстық әрекетке тартқаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің 
баптарының жиынтығы бойынша дәрежеленетіні түсіндірілсін. Мұндайда 
қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасқа толмаған адаммен бірге жасалған 
қылмысты адамдар тобымен жасалған деп дәрежелеуге болмайды. Мұндай 
жағдайда ҚК-нің
2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған адамды 
28-бабының
қылмыстық әрекетке тартқан ересек адамды қылмысты орындаушы деп тану 
қажет.
28. Қылмыстық істегі азаматтық талап арызды қараған кезде соттар 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 926-бабына
сәйкес 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген (оның ішінде 
моральдық) зиян үшін жалпы негізде жауапкершілікке тартылатынын 
басшылыққа алулары тиіс.
Егер 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу 
үшін жеткілікті табысы немесе өзге мүлкі болмаған жағдайда, зиянды толық 
немесе оның жетіспеген бөлігін, егер зиянның өздерінің кінәсінен туындамағанын 
дәлелдей алмаса, оның ата-анасы (асырап алушылары) немесе қамқоршылары 
толық өтеулері тиіс.
Зиян келтірген адам он сегіз жасқа толғаннан кейін немесе оның 
кәмелетке толғанша зиянды өтеу үшін жеткілікті табысы немесе өзге мүлкі пайда 
болса, не ол құқық қабілеттілігін кәмелетке толғанша иеленсе, ата-ананың 
(асырап алушылардың) қамқоршының және тиісті мекеменің кәмелетке 
толмағандардың келтірген зиянын өтеу жөніндегі міндеті тоқтатылады (АҚ-тің
2-тармағы).
17-бабының
Егер зиян бірнеше адамның біріккен қылмыстық әрекеттерінің 
салдарынан туындаса, онда сотталғандардың ересектері де, кәмелетке 
толмағандары да жеткілікті еңбекақысы мен мүлкі болған жағдайда, АК-нің 932-
сәйкес ортақ материалдық жауапкершілікке тартылады. АК-нің осы 
бабына


Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
25.12.2006
Сақтау күні
04.04.2022
Дата редакции
25.12.2006
Дата скачивания
04.04.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
бабының екінші бөлігіне сәйкес сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның 
мүддесі үшін бірігіп зиян келтірген адамдарға үлестік жауапкершілік жүктей 
алады.
Заңда көрсетілген жағдайларда кәмелетке толмаған сотталушылардың 
келтірген зияны үшін жауапкершілікке тартылатын азаматтар мен ұйымдар оны 
үлес бойынша өтейді.
29. Кәмелетке толмағанды шартты түрде мерзімінен бұрын босату 
туралы мәселені шешу үшін ҚК-нің
жазаны өтеудің қысқартылған 
84-бабымен
мерзімдері белгіленгеніне соттардың назары аударылсын.
Егер адам қылмыс жасағаны үшін он сегіз жасқа толғанға дейін 
сотталып, оны мерзімінен бұрын босату шарттары он сегіз жасқа толғаннан кейін 
туындаса, онда бұл мәселені шешкен кезде ҚК-нің 84-бабының ережелері 
қолданылады.
30. Айыпкердің, сотталушының қылмыстық жауапкершілікке тартылған 
кезде немесе үкім орындалған кезде кәмелетке толған-толмағанына қарамастан, 
ҚК-нің 85-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық 
жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кетуі және айыптау үкімін орындау 
мерзімі ҚК-нің
көрсетілген ересек адамдар үшін 
69 және 75-баптарында
белгіленген мерзімдердің жартысын құрайтынын ескерген жөн.
31. Соттар ҚІЖК-нің
талаптарын бұлжытпай 
387-бабының
орындаулары тиіс, әрбір іс бойынша жасөспірімдердің қылмыс жасауына ықпал 
еткен себептер мен жағдайларды анықтауы, олар алатын тәрбиедегі, әкімшілік 
органдар мен лауазымды адамдардың кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың 
тәртібін қадағалауды жүзеге асырудағы кемшіліктер мен олқылықтарға, сондай-ақ 
сот ісін жүргізуде жол берілген заң бұзушылықтарға көңіл аударуы және осындай 
фактілер бойынша жеке қаулылар шығаруы тиіс.
32. Соттарға кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді 
қарауды тәжірибесі мол білікті судьяларға тапсыру; қажетті жағдайларда 
кәмелетке толмағандарға қатысты істерді жеке өндіріске бөлу туралы және сот 
талқылауының жариялылығын шектеу жөніндегі мәселелерді шешу; шартты 
соттау және бас бостандығынан айырумен және тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу 


Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
25.12.2006
Сақтау күні
04.04.2022
Дата редакции
25.12.2006
Дата скачивания
04.04.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
шараларын қолданумен байланысты емес жаза тағайындалған жағдайда бұл 
туралы мамандандырылған мемлекеттік органдарға хабарлау және оларға 
сотталушының тәртібін қадағалауды жүзеге асыруды жүктеу ұсынылсын.
33. Кәмелетке толмағандарды негізсіз соттау немесе олардың 
әрекеттерін дұрыс дәрежелемеу фактілерін болдырмау үшін соттар апелляциялық 
(қадағалау) шағымдарын және наразылықтарды қараған кезде оларға 
тағайындалған жаза мөлшерінің сәйкестілігіне және әділдігіне ерекше көңіл 
бөлуге, әрбір заңды бұзушылық реттеріне назар аударуға және олқылықтарды 
уақытылы жоюға шара қолданулары тиіс.
34. ҚІЖК-нің
2-бөлігіне,
1-бөлігіне және
396-бабының
460-бабының
1-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері соттың 
492-бабының
үкімдері мен қаулыларына апелляциялық және қадағалау тәртібінде шағымдануға 
құқылы екендері түсіндірілсін.
Заңды өкілдің апелляциялық (қадағалау) арызы оның іске қатысуы 
тоқтатылғанша берілсе, арыз қаралған кезде ондағы мүдделі адамның кәмелетке 
толғанына қарамастан, барлық жағдайларда қаралуға тиісті.
35. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты 
Пленумының 1986 жылғы 19 желтоқсандағы "Жасы толмағандардың қылмыстары 
және оларды қылмысқа, өзге де қоғамға жат іске тарту жайындағы істер жөніндегі 
сот тәжірибесі туралы" N 19
күші жойылды деп танылсын.
қаулысының
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Жалпы отырыстың хатшысы,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет