Ары мектеп педагогикасы


Маркетинг мәселелері, түрлері мен салалары



бет78/123
Дата19.07.2024
өлшемі1,31 Mb.
#203614
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   123
Байланысты:
Жоғары мектеп педагогикасы

5.5 Маркетинг мәселелері, түрлері мен салалары.

Нарық қатынастары шығармашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік кұресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс.


«Маркетинг» деген термин АҚШ экономикалық әдебиеттерінде ХІХ-ХХ ғасырдан бастап қолдана бастады. Маркетинг тұжырымдамасының негізгі мәні тұтынушылардың мұқтаждарын қанағаттандырумен тығыз байланысты. Бұл тұжырымдаманың өмірге келу себебі де тауарлардың молынан өндірілуінен, оларды сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделене сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделене түсуінде. Сондықтан да ХХ ғасырдың басында маркетингті өтім әдісі ретінде қолданып, маркетинг жөнінде коммерциялық түсінік орын алды. Яғни, өндіруші демек сатушы сатып алуға жеткілікті шамасы бар сатып алушыны тауып, өнімін шығаруы тиіс еді. Яғни, маркетинг теориясын басқару жүйесінде қолданып, оның басты принциптеріне сәйкес тек сенімді түрде сатылатын өнімді өндіру және фирма осыған сай ұйымдастырылуы тиіс еді.
Сондықтан да, маркетингтің мәні оның алдына қойылған атқаратын қызметтерімен белгіленеді деске те болады. Біздің дәуірімізде маркетинг мәні жетіліп, өзгерді. Оның мәнінің өзгерісіөнімді шығару және өнімді өткізу шарттары өзгерісімен байланысты. Қазіргі кезде маркетинг әрекетінің мәні сайып келгенде жоғары пайда алу үшін рыноктың, демек тұтынушылардың нақты қажеттерін зерттеу, соның негізінде фирманың барлық қызметін (тауарды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады.
«Маркетинг» термині ағышылнша «market» сөзінен шыққан және дәлме-дәл мағынасы рынокпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді. Алайда, ұғымның мәні одан да кең, ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Келесі кезекте маркетингтің бірнеше аспектілерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет