Арқылы жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту” «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді»


-тапсырма. Спорттың пайдаларын атап жаз



бет2/2
Дата14.09.2017
өлшемі178,2 Kb.
#32127
1   2





2-тапсырма. Спорттың пайдаларын атап жаз.

...........................................

...........................................

Спорттың пайдасы ...........................................

...........................................

3 -тапсырма. Досыңа тапсырма бер,орындат.

-Даша,сен тұр,жүр.

-Олег,сен тұр,секір.

-Марат,сен жаттығу жаса.

-Гүлназ,сен жүгір.

-Дильназ,сен есікті аш.

-Ілияс,сен есікті жап.

4-тапсырма. Дұрыс сөйлемдер құрастырып жаз.

1.негізі, Спорт, денсаулық.

2.зор, байлық, Денсаулық.

3.күнде, жуынуы, керек. Адам

4.шұғылданған, адам, ешқашан, Спортпен, ауырмайды.

5-тапсырма.Өлеңді жаттап ал.

Футбол.

Футбол деген ойынға

Барлық бала құмар-ақ.

Бірақ жолдың бойында,

Доп теппеңдер қуалап. (Ә.Асылбеков)

6-тапсырма. «Менің сүйікті спортшым» тақырыбына сөйлем түрлерін пайдалана отырып, шағын әңгіме құрастырыңдар.

7-тапсырма.«Спортшы» сөзін

1) Жікте

2) Тәуелде

3) Септе

8- тапсырма. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңдар:
Мұзда сырғанау, қақпаға шайба салу ______________________________
Мимен ойлану, қарсыласына мат қою ______________________________
Суда жүзу, мәреге жүзіп жету ______________________________
Доп тебу, қақпаға гол соғу ______________________________
Допты қолмен ойнау, торға доп салу _______________________________
Жүгіру, мәреге жүгіріп жету _______________________________
Былғары қолғаппен ұру, қарсыласын нокаут ету _______________________
Допты қолмен секіріп ұру, допты тордан асыру _______________________
Шаңғы тебу, мәреге сырғанап жету _______________________
Керекті сөздер: футбол, баскетбол, волейбол, хоккей, бокс, шахмат, суда жүзу, марафон, шаңғы спорты


9- тапсырма Тарихи басқатырма:Әріптерді дұрыс қойып ұлттық ойындар атауын тап

ҚАЙҮСКЕ –

ПКӨАРК –

ДАРУПСЫАҚА –

ЫҚҚЗУУ–

ТЛАБЫАНАҚ –

ҚАОҒҰМЗТЫЛҚА -

10- тапсырма Ребус шешу



Осындай түрлі тапсырмаларды кейде жеке,кейде топтастыра,жұптастыра орындатып, оқушылардың қызығушылығын арттырып отырамын.

Міндетті түрде ай сайын оқушылардың лексикалық минимуымын тексеремін. Ол үшін парақ қағаз беріп,естерінде қалған сөздерді жаздырып, келесі сабақта кім қанша сөз жазғанын хабарлап,ең көп сөз жазған оқушыны мадақтап отырамын.Оқушылар келесі жолы озып шығу үшін бар жігерлерін салады. Тек бұнымен шектелмей сол сөздермен сөз тіркесін,сөйлемдер, сұхбат құрғызамын. Сонда оқушылар сөздерді жалаң ғана жаттамай оны қолдана білуге жаттығады.

Сонымен қатар, оқушылармен қазақша әндер жаттап,ертегілерді сыныпта рөлге бөліп оқып,кейіпкерлерін сомдаймыз. Оның бәрі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі

Бастауыш сыныпта негізгі міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Осы орайда әріптестерге ұсынысым шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру барысында сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:

- Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;

- арнаулы бір тақырыпта пікір – талас тудыру;

- сөз жұмбақ құру, шешу;

-  шағын әңгіме мәтінін құру;

- өлеңдер құрау, өтірік өлеңдер құрау;

- әңгімелердің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою;

- елестетіп, қиялдау арқылы суретін салғызу, рөлге бөліп оқыту;

- адасқан сөзді орнына қой. т.б.

Ал, сыныптан тыс жұмыс кезіндегі шығармашылыққа баулу түрі:

- суретті кітапша жасату, жазбаша баяндату;

- ауыз әдебиетінің түрлерін сабақтарда кеңінен пайдалану т.б.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізуіп отырсақ, еңбегіміз оң нәтиже береді деп ойлаймын.

Араб ақыны және ғалым Абуль-Фарадж әл-Исфахани “Түсінгендіктің шын белгісі “Иә”деген жауап емес , шәкірттің жүзіндегі қуаныш” деген . Осы айтылған сөзге сүйене отырып, мен де әрбір сабақта оқушыларымның жүзінен осындай қуаныш,елге , тілге деген құрмет , Отанға деген сүйіспеншіліктерін ,пәнге деген қызығушылықтарын көргім келеді. Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, жан дүниесі сұлу, рухани бай, сезімтал, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін қажырлы еңбек қажет.

Сөзімді қорыта келе құрметті әріптестер ! Оқушыларымызды елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай:
Бақылаудың орнына -ынталандырайық, 
Мәжбүрлеудің орнына -кеңес берейік, 
Үгіттеудің орнына -түсіндірейік, 
Айқайлаудың орнына -әзілдейік, 
Кінәлаудың орнына-қорғайық, 
Ауыстырудың орнына -сенім білдірейік, 
Бұйрық беріп тексерудің орнына -кәсіби көмек көрсетіп,қолдау жасауға ұмтылайық, сонда біз оқушыларымызды жаңа заманға сай біліммен қаруландыра аламыз. 

Баяндамашы: ЖББ №6 орта мектептің қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі

Есеналиева Гүльжан Бидалиевна



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет