Қарым-қатынас психологиясы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#90170
  1   2

Қарым-қатынас психологиясы

  • Орындаған:1-001 топ, Ганиева А.Б.
  • Тексерген: Жакишева Г.С.
  • Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Психология негіздері мен Коммуникативтік дағдылар кафедрасы
  • Қарағанды 2016

Жоспар:

  • 1. Қарым-қатынас, құрылымы және функциялары
  • 2. Қарым-қатынастың трансактілі анализі
  • 3. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас

“Для успеха в жизни умение общаться с людьми гораздо важнее обладания талантом.. ” 

  • “Для успеха в жизни умение общаться с людьми гораздо важнее обладания талантом.. ” 
  • (Джон Лаббок)
  • 1. Қарым-қатынас, құрылымы және функциялары
  • Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.
  • Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:
  • 1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;
  • 2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
  • 3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.
  • Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады:
  • қарым-қатынас мазмұны,
  • қарым-қатынас мақсаты
  • қарым-қатынас құрамы.
  • Қарым-қатынас түрлері:
  • 1. Маскалар байланысы;
  • 2. Қарапайым қарым-қатынас;
  • 3. Ресми-рөлдік қарым-қатынас;
  • 4. Кәсіби қарым-қатынас;
  • 5. Рухани қарым-қатынас;
  • 6. Манипулятивті қарым-қатынас;
  • 7. Ауқатты қауым қарым-қатынасы.
  • 1. Маскалар байланысы - ресми қарым-қатынас, адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, әр түрлі маскаларды қолданады, басқаша айтқанда, бұл – басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы;
  • 2. Қарапайым қарым-қатынас - басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау, мысалы, адам қажетті болса, байланысқа белсенді түрде түседі, ал адам кедергі болса, оны қабылдамайды, тіпті қатал, агрессивті түрде әрекеттеседі;
  • 3. Ресми-рөлдік қарым-қатынаста қарым-қатынас мазмұны мен құралы көрініс табады, мұнда адамның тұлғасын емес, оның әлеуметтік рөлін білу жеткілікті;
  • 4. Кәсіби қарым-қатынаста тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады;
  • 5. Рухани қарым-қатынас - достар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады, бір-бірін сөзсіз бет-әлпеті, қимылы, дауыс ырғағы арқылы түсінеді. Мұндай қарым-қатынас адамдардың бір-бірін жақсы білуі арқылы орнайды;
  • 6. Манипулятивті қарым-қатынас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы, мысалы, қорқыту, өтірік айту, т.б. арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады;
  • 7. Ауқатты қауым қарым-қатынасында адамдар өз ойын емес, тек сол жағдайда рұқсат етілген нәрсе туралы айтады. Бұл қарым-қатынастың кодексі: а) сыпайылық, әдептілік; ә) келісушілік; б) ашық мінезділік, мейірімділік.
  • Қарым-қатынас формалары:
  • Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
  • Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами қарым-қатынасты күрделеңдіріп жіберді.
  • Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
  •  
  • 2. Қарым-қатынастың трансактілі анализі
  • Трансакция – адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі.
  • Эрик Берн қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді:
  • Бала;
  • Ата-ана;
  • Ересек адам.
  • Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып
  • отырады. Адамның жүріс-тұрысында үш
  • позицияның біреуі басым болуы мүмкін.
  • Ата-ана позициясының 2 түрі белгілі:
  • жазалайтын – бұйрық береді, сынайды, тыңдамаған және қате жіберген кезде ұрсады;
  • бағатын - қорғайды, көмектеседі, қолпаштайды, қайырымды, кешірімді болып келеді.
  • Бала позициясы да 2 түрге бөлінеді:
  • тыңдайтын - айтқанның бәрін істейді, қарсылық білдірмейді;
  • тыңдамайтын - қарсылық білдіріп, өз дегенін істеуге ұмтылады.
  • Ең тиімдісі - қарым-қатынасқа түсетін адамдардың әрқайсысының ересек адам позициясын алуы.
  • 3. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас
  • Қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.
  • Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады:
  • 1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру;
  • 2) тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интоннациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі;
  • 3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, “хм-хм”, “эх”, “ах”, т.б. сөздердегі дыбыстар.
  • Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын - сөздер, 40 пайызын - дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.
  • Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:
  • 1. Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:
  • а) Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;
  • ә) Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;
  • б) Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді;
  • 2. Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;
  • 3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
  • Көпшілік елде жақында дегенді білдірсе, Сингапурда өлімді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет