Рухани, психологиялық әсер ету түрі. Манипулятордың басты нысаны болып адам тұлғасының рухы, адамның психикалық құрылымы болып табылады.
Жасырын әсер - бұл фактіні манипуляция объектісі байқамауы тиіс.
Шеберлік пен білімді талап ететін әсер. Қоғамдық сананы манипуляциялау жаңа технологияға айналып отырғандықтан, осы технологияны (немесе оның бөліктерін) меңгеретін кәсіби қызметкерлер пайда болды.
Киберпсихология
Бүгінгі қоғам виртуалды әлемдегі түрлі жағымды, жағымсыз ақпараттың адам санасы мен көзқарасын қалай форматтап, жан дүниесінде қандай сезімдер тудырып, әлеуметтік ұстанымын қалай қалыптастырып жатқанын жаңа технологияның адам болмысына әсерін зерттейтін киберпсихологияның зерттеу құралдарымен де байланыстырып, айқындап беруді талап етіп отыр.
Әлеуметтік желілер арқылы әсер ету
Әлемдегі соңғы індетке қатысты түрлі ақпараттар (мейлі ақиқат болсын, мейлі жалған болсын, мейлі діни бағытта болсын) өршіп тұр. Оған қоса, біздің (мұсылмандардың) ең сенімді Құдайына қатысты ақпараттар бойынша жалған ақпарат тарату, қауесеттерді тарату, қорқыту – күшті әсер ету құралы болып табылады.
Адамның өмір сүру салтының өзгеруіне әсер ететін – ақпараттардың ара-жігін ажырату, әр ақпараттарды адам санасы елезігінен өткізу басты қорғаныс.
Бақылау сұрақтары
Тұлға және топ: әлеуметтік-психологиялық ықпал ету мәселелеріне қатысты топтың тұлғаға, тұлғаның топқа әсерін сипаттайтын мысалдар келтіріңіз.
Психологиялық әсер етудің бір тәсілі ретінде мадақтау және жазалауды қалай тиімді пайдалануға болатындығына қатысты ұсыныстар жасаңыз.
Психологиялық әсер етудің құралдары - интернет желісі, әлеуметтік желілер негізіндегі қарым-қатынас типологиясына талдау жасаңыз.
Көсбасшының әсер ету қабілеттілігін сипаттайтын технологияларды қолданудың жолдарын сипаттаңыз.
Жеке құндылықтар мен әлеуметтік құндылықтар арасындағы байланысты әсер ету механизмі бойынша дәлелдеңіз.
Логикаға негізделген ақпараттар мен эмоцияға бағытталған ақпараттардың қайсысы әлдеқайда сенімді, әрі әсерлі болады? Не себептен?
Көпшілік алдында немесе БАҚ арқылы аудиторияға күшті әсер ету үшін қандай дәлелдемелерді қолдану эффективті болады?