Қарым-қатынастың интерактивті жағы Қарастырылатын сұрақтар



бет1/7
Дата06.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#195401
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-ЛЕКЦИЯ слайд МиП

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті


Психология
11-дәріс
А.Ә. Әкімбаев
магистр., аға оқытушы

Қарым-қатынастың интерактивті жағы

Қарастырылатын сұрақтар:

  • Психологиялық әсер етудің мәні.
  • Психологиялық әсер ету түрлері.
  • Әсер ету механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру.
  • Сендіруді тиімді әсер ету факторлары.
  • Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері мен әдістері: демонстрация, жалған ақпарат тарату, қауесеттерді тарату, қорқыту, БАҚ-тағы манипуляция.

Психологиялық әсер етудің мәні


Психологиялық әсер – бұл күрделі феномен, ол адамның психикалық жай-күйіне, басқалардың сезіміне және ойларына әсер ету. Адамдарға әсер ету жағдайы кейде білгілі бір мамандықтарда арнайы мақсатта қолданылады. Айталық, коммерциялық және жарнама ұйымдары, сатушылар және т.б. кейбір маман иелері өздерінің кәсіби іс-әрекеттерінде табысқа жету үшін адамдардың шешім қабылдауына бейсаналы әсер етудің тәсілдерін саналы түрде қолданады. Тіпті, жанұяда, достарымызбен қарым-қатынас барысында біз бір-бірімізге әсер етіп жатамыз.
https://www.youtube.com/watch?v=V8-P_hl79QY

Психологиялық әсер етудің мәні

Әсер етудің маңызды құрамдас бөліктері

  • коммуникатор
  • ақпарат сипаты
  • канал
  • аудитория

Психологиялық әсер ету формалары


Ашық
Саналы
Бейсаналы
Жабық
Ерікті
Еріксіз

Карпман ұшбұрышы

Әсер етуді Стивен Карпман (1968) мелодрамалық құбылыс ретінде сипаттаған

  • Бақылаушы-диктатор
  • Жәбірленуші
  • Құтқарушы

Әсер ету механизмдері: ЖҰҚТЫРУ

  • Жұқтыру – қандайда бір жолмен адамдардың көпшілігін интеграциялайтын әсер ету тәсілі.
  • Жұқтыру еріксіз, бейсаналы формада жүзеге асады. Экстатикалық күйде болған адам осындай бақытты сезімді бастан кешіру үшін бірдей нәрсені қалайтын адамдарға айналады.
  • Адамдар тобыры мен оның әсері туралы жан-жақты зерттеген француз ғалымы, әлеуметтік психолог Густав Лебон (1841-1931) жұқтыру феноменін бұрақалық және адамдар тобы ретінде үлкен топтың стихиялылығы деп түсіндірген.
  • Видеоролик: лифттегі жұқтыру феномені эксперименті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет