Демонстрация – бұл дәлелдеуде қолданылатын логикалық тәртіп негізінде көрінетін логикалық тұжырымдама.
Тікелей дәлелдеме
Жанама дәлелдеме
Индуктивті дәлелдеме
Дедуктивті дәлелдеме
Жалған ақпарат тарату
Жалған ақпарат тарату – бұл адамдарға нақты жағдайға байланысты әдейі жаңылыстыратындай ақпараттандыру арқылы психологиялық әсер ету тәсілі. Жалған ақпарат пен өтірік мәліметтің болуы.
Жалған ақпараттар адам белгісіздік жағдайында жүрсе, таңдауда нақты шешім қабылдай алмай жүрген жағдайда, эмоциялық күйзеліс жағдайында, ақпараттың жеткіліксіздігі кезінде және т.с.с. жағдайларда күшті әсер етеді.
Қауесеттерді тарату
Қауесет – бұл қоғамдық санаға әсер ету мақсатында халықтың белгілі бір топ арасында ақпарат күшіне байланысты өздігінен туындайтын немесе әдейі бір адамның жалған ақпаратты таратуы.
Қорқыту
Қорқыныш – бұл шынайы немесе ойдан шығарылған қауіптілік жағдайында немесе белсіздік жағдайында адамның қорқынышын күшейту арқылы адамдардағы мазасыздық, депрессия немесе апатия күйін тудыру.
Қорқытудың түпкі мақсаты – қарсыласының моральдік-психологиялық тұрақтылығын барынша төмендету, оның қарсы тұрудағы ерік-жігерін әлсірету.
БАҚ-тағы манипуляция
БАҚ бағдарламарының негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық пікірге әсер ету.
Қоғамдық пікірлер арқылы манипуляциялау – стереотиптерге негізделген. Онда әр әлеуметтік ортаның, әртүрлі топтардың, тіпті мәдени контекстіндегі стереотиптер қартасын құру маңызды.