9 апта практикалық жұмыс.
Дзюба Аяжан Х5-101 тобы.
Қарым-қатынастың қоғамдық-әлеуметтік өмірде тілдесу арқылы жүзеге асуы. Ұжымдағы өзара тұлға аралық қарым-қатынас. Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.
Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».
Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі. Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетпен байланысы айқын көзге түседі. Бірақ, қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры, аспектісі болып табыла ма немесе қарым-қатынас пен іс-әрекет – екі дербес, тең құқылы процесс пе деген сұрақ туындайды.
Бірлескен іс-әрекетте адам қажет болған жағдайда басқа адамдармен бірігуі, олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жауапты хабарлауы және т.с.с. тиіс. Бұл жерде қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры ретінде, оның маңызды ақпараттық аспектісі ретінде, коммуникация ретінде (бірінші түрдегі қарым-қатынас) болады.
Алайда, коммуникация ретіндегі қарым-қатынастан құралатын іс-әрекет процесінде белгілі бір зат жасай отырып (прибор құрастыру, ойын айту, машина құрастыру және т.с.с.) адам тек осымен ғана шектелмейді; жасалған зат арқылы өзін, өзінің ерекшеліктерін, өзінің индивидуалдығын басқа адамдарға «трансляциялайды», өзін басқа адамдарда жалғастырады.
Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетпен байланысы айқын көзге түседі. Бірақ, қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры, аспектісі болып табыла ма немесе қарым-қатынас пен іс-әрекет – екі дербес, тең құқылы процесс пе деген сұрақ туындайды.
Бірлескен іс-әрекетте адам қажет болған жағдайда басқа адамдармен бірігуі, олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара түсіністікке қол жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жауапты хабарлауы және т.с.с. тиіс. Бұл жерде қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры ретінде, оның маңызды ақпараттық аспектісі ретінде, коммуникация ретінде (бірінші түрдегі қарым-қатынас) болады.
Алайда, коммуникация ретіндегі қарым-қатынастан құралатын іс-әрекет процесінде белгілі бір зат жасай отырып (прибор құрастыру, ойын айту, машина құрастыру және т.с.с.) адам тек осымен ғана шектелмейді; жасалған зат арқылы өзін, өзінің ерекшеліктерін, өзінің индивидуалдығын басқа адамдарға «трансляциялайды», өзін басқа адамдарда жалғастырады.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адама түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни, қарым-қатынас адамның психологиялық дамуыныңы маңызды факторы. Жалпы алғанда, қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.