Ономастика
Арыс қаласында 6 ауылдық округ, 32 елді мекен, 432 көше бар. Ономастикалық ахуалды, тарихи дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша зерделеу және пысықтау жұмыстарын жүргізу мақсатындағы қала әкімінің 27.09.2013 жылғы №1-140 өкімімен жұмысшы тобы құрылған болатын, бүгінде жұмысшы тобының құрамы толықтырылып, өкіммен бекітілуде. Жұмысшы тобының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілуде. Сәуір айында «Көшеге ат беруге байыппен қарайық» атты жұмысшы топ мүшелерінің және ауыл округтеріндегі ономастикаға жауапты мамандарының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Хаттама толтырылып, ұйғарыммен расталған көше атауларын заңдастыру және атауы жоқ жаңа құрылған көшелерге атау беру жөнінде жұмыстар жүргізуге тапсырма берілді. Қалалық ономастика комиссиясының ұйғарымымен расталған 43 көшенің атауы жоқ 7 көшенің жалпы 51 көшенің құжаттары дайындалуда. Жергілікті «Арыс ақиқаты» газетінде 06.05.2017 жылғы №21 санында «Ономастика мәселелері талқыланды» тақырыбында өтілген кеңейтілген мәжіліс жөнінде және ономастика заңдылықтары туралы мақала жарияланды.
Көше атаулары жазылған тақтайшалардың дұрыс жазылып, дұрыс орналастырылуымен қатар қаламызда және ауылдық елді мекендерде біріңғай үлгіде жасалынуы көшелеріміздің сәулетін, көркін, арттырып, тарихи, мәдени танымдық тәрбие беретіні анық. Осы орайда республикалық деңгейде, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөнінде ұсыным бекітілген, ұсыным ды басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізу жөнінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, ауылдық округ әкімдеріне хат жолданды. Бүгінде Жиделі ауылдық округі әкімі аппараты осы ұсынымды басшылыққа ала отырып, демеуші көмегімен көше атауларын ілу жұмыстарын жүргізді.
2015 жылы ҰОС 70 жылдығына орай ҰОС–да ерлік көрсеткен батыр аталарымыздың есімін беру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес атауы жоқ нөмірленген үш көшеге ҰОС ардагерлері-Ә.Жұпарбеков, С.Балабаев, Я.Ысқабаевтың есімдерін беру жөнінде қалалық ардагерлер кеңесінен ұсыныс түскен болатын, ұсыныс республикалық ономастика комиссиясына жолданып, оң шешімін алған көше құжаттары биылғы жылы облыс әкімінің қаулысы және облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіліп, әділет басқармасына тіркелді. Арыс қаласындағы Көктем 2 шағынауданындағы №2 көшеге Ә.Жұпарбеков, №3 көшеге С.Балабаев, №4 көшеге Я.Ысқабаевтың есімдері берілді.
Дермене ауылдық округіне қарасты Шаян елді мекенін облыс тұрғындары Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылымен жиі шатастыратындығын айта келе, елді мекен тұрғындары тарихи маңызы бар Қызылкөпір атауымен қайта атау туралы өтінішіне сәйкес жұмыстар жүргізіліп, 2015 жылы облыс әкімдігі қаулысы мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімін шығаруға тиісті құжаттар жинақталған болатын, 2017 жылы оң шешімін тауып, облыстық әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Шаян елді мекенінің атауы Қызылкөпір атауымен ауыстырылды.
Жыл сайын қаламызда ауылдық округтердегі және қаладағы тұрғындармен жұмыс жүргізу бөлімдеріне қарасты елді мекендер мен көшелердің және мекемелер атауының тарихы және қай жерде орналасқан сызба картасы және берілген жылы туралы мәліметтер алынып отырады және әрбір ауылдық округке арнайы папка арналған. Бүгінде Ақдала (8) және Қожатоғай (6) ауылдық округтері атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша жұмыс жүргізуде. Арыс қаласындағы атауы ауыспаған МТФ және Лесхоз шағын жинақты бастауыш мектептеріне МТФ мектебіне Ынтымақ атауы, Лесхоз мектебіне Бірлік атаулары облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылып, оң шешімін алды.
Кесте бойынша мәлімет
|
Жалпы саны
|
Тарихи, жер-су атауы-мен
|
Адам атымен
|
Өзгертуді қажет ететіні
|
Нөмірлен
ген
|
Атауы жоқ
|
Білім мекемелері
|
39
|
21
|
18
|
2
|
-
|
-
|
Мәдениет мекемелері
|
6
|
6
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Спорт мекемелері
|
4
|
4
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Ауылдық округтер
|
6
|
6
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Елді мекендер
|
32
|
30
|
2
|
-
|
-
|
-
|
Көшелер
|
432
|
188
|
235
|
-
|
-
|
-
|
Шағын аудандар
|
10
|
8
|
2
|
-
|
-
|
-
|
№
|
Аудан, қала
|
Ауылдық округ
|
Жалпы саны
|
Тарихи жер-су атауы
|
Адам атауы
|
Өзгертуді қажет ететін ескі атаулар
|
1.
|
Арыс қаласы
|
6
|
6
|
-
|
-
|
№
|
Аудан, қала
|
Елді мекен
|
Жалпы саны
|
Тарихи жер-су атауы
|
Адам атауы
|
Өзгертуді қажет ететін ескі атаулар
|
1.
|
Арыс қаласы
|
32
|
30
|
2
|
-
|
№
|
Аудан, қала
|
Көше
|
Жалпы саны
|
Тарихи жер-су атауы
|
Адам атауы
|
Өзгертуді қажет ететін ескі атаулар
|
Нөмір
ленген көше
|
1.
|
Арыс қаласы
|
432
|
188
|
235
|
-
|
9
|
Қалалардағы шағынаудандар
№
|
Аудан, қала
|
Қалалардағы шағынаудандар
|
Жалпы саны
|
Тарихи жер-су атауы
|
Адам атауы
|
Өзгертуді қажет ететін ескі атаулар
|
Нөмір
ленген көше
|
1.
|
Арыс қаласы
|
10
|
8
|
2
|
-
|
-
|
Жарнама
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі жарнама мен көше бойындағы көрнекі ақпарат құралдарымен жұмыс үнемі жүргізіліп келеді. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабын орындау мақсатында жыл басындағы бекітілген жоспарға сәйкес, Арыс қаласындағы жарнамаларды реттеу және қадағалау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы топпен коммерциялық нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Арыс қаласында халыққа қызмет көрсету орындарының жарнама мәтендерінің заң талаптарына, эстетикалық нормаларға сай болуын, қатесіз жазылуын зерделеу, үйлестіру және қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында насихат топтарымен бірлесе отырып, «Сауатты жарнама-қала көркі» акциясы аясында 21.02.2017ж, 14.03.2017ж, 20.04.2017ж, 18-19.05.2017ж. 02.08-04.08.2017ж. аралығында көшелерді аралау жұмыстары жүргізілді. Арыс қаласының көшелеріндегі көрнекі жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын қадағалау мақсатында қаланың белсенді жастарының қатысуымен «Көрнекі ақпарат – тіл тазалығының айнасы» атты акция ұйымдастырылды.
14 наурызда мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен, сәулет және қала құрлысы бөлімі, білім бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тілдерді оқыту және дамыту орталығының қызметкерлерінің қатысуымен «Қала - көркі жарнама» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 21-бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үндеу таратылды.
Бөлім тарапынан «Арыс ақиқаты» газетінде 22.04.2017 жылы №19 санында «Сауатты жарнама-қала көркі» және 29.04.2017 жылғы №20 санында «Сауатты жарнама-жан азық» мақалалары жарық көрді.
Барлық жарнамалаға талдау жасалды, барлық коммерциялық нысандардаң суреттері қайта түсіріліп, тізімі жасалды. Жалпы коммерциялық нысан саны-486. Қаламыздағы барлық жарнама жасаушы компьютер орталықтарына Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының орындалуы туралы, шағын және орта бизнес өкілдеріне жарнама құралдарын әзірлеу барысында сауатты жазылуына, және т.б тегін консультациялық көмек көрсететін «Жедел желі» (Call center) туралы мәліметтер беріліп түсіндірме берілді. Ауылдық округ әкімдеріне бөлімнен хат жолданып маңдайшалар мен жарнамалардың заң талаптарына сәйкестігі бойынша мәліметтер жинақталады. Қаладағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлер палатасымен бірлесе семинар өткізу шілде айына жоспарланып отыр.
Жол бойында көптеп кездесетін жалюзи және натяжной потолок жарнамасы бойыншада жұмыстар жүргізілді, қаланың сәулеттік келбетіне жауапты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бөлімнен хат жолданды.
Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы Г.Садықова
Достарыңызбен бөлісу: |