Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі
/2017 жылдың 9 ай есебі/
Мәдениет үйі-1 Ауылдық клубтар-5 (Жиделі, Дермене ауылдық клубтары мектептің ішінде орналасқан). Қалада кітапхана-3 Ауылдық кітапхана-14 (Ақдала,Сырдария, Көкжиде, бір қалалық кітапхана мектепте орналасқан). Тілдерді оқыту және дамыту орталығы -1.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес облыстық дәстүрлі «Арай 2017», «Үкілі ару», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», «Батагөй қария», «Шаянға барсаң әншімен деме», «Күй құдіреті», «Менің Қазақстаным» ән фестиваліне және т.б. байқауларға, республикалық «Қазақ дауысы» байқауына Арыстық өнерпаздар қатысты. Облыстық «Туған жер –алтын бесігім» өнер фестивалі кең көлемде өткізілді.
Қала көлеміндежоспарға сәйкес көптеген іс-шаралар мен даталы мерекелер, салтанатты жиындар өткізіліп, халықтың ыстық ықыласына бөленуде.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде түрлі тақырыптарда іс-шаралар өткізіліп, мерейтой иелеріне арналған іс-шаралар, оқырмандарды тарту жұмыстары, мәдени мұра бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жұмыстар жүргізіліп, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл-мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты фестивалі өткізілді, қазақ, орыс, ағылшын тілдері ересек тұрғындарға кесте бойынша оқыту жұмыстары жүйелі жүргізілуде, 2016-2020 жылдарға арналған индикаторлар нақты орындалуда, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтетін қызметкерлер тізімі алынып, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен 250 қызметкер тест тапсырды. ҚАЗТЕСТ жүйесі Арыс қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясында және Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінде орналасқан.
Арыс қаласында 6 ауылдық округ, 32 елді мекен, 432 көше бар. Ономастикалық ахуалды, тарихи дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша зерделеу және пысықтау жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады, «Көшеге ат беруге байыппен қарайық», «Дәстүрлі атау – заман талабы» атты кеңейтілген мәжіліс болып өтті. МТФ, Лесхоз шағын жинақты бастауыш мектептеріне Ынтымақ, Бірлік атаулары ұсынылып, облыстық ономастика комиссиясынан оң шешімін тапты, республикалық ономастика комиссиясына жолдануда. Қалалық ономастика комиссиясының ұйғарымымен расталған және атауы жоқ жаңа құрылған 52 көшенің, 4 шағын ауданның құжаттары республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынуға дайындалуда. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабын орындау мақсатында жыл басындағы бекітілген жоспарға сәйкес, Арыс қаласындағы жарнамаларды реттеу және қадағалау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы топпен коммерциялық нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Сауатты жарнама-қала көркі», «Қала - көркі жарнама», «Сауатты жарнама-жан азық», «Көрнекі ақпарат – тіл тазалығының айнасы» атты акциялар аясында 21.02.2017ж, 14.03.2017ж, 20.04.2017ж, 18-19.05.2017ж. 02.08-04.08.2017ж. аралығында көшелерді аралау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында арнайы жоспар түзіліп мәдени іс – шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Арнайы желілік кесте бойынша латын әліпбиіне көшу жөнінде ауылдық округтерде, білім мекемелерінде, кәсіпкерлік мекемелерінде, қоғамдық ұйымдармен, еңбек ардагерлерімен және мекеме қызметкерлеріне түсіндіру, насихат жұмыстары жүргізілді.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша, бөлімнің жоспарына сәйкес ай сайын құқықтық оқыту сабағы өткізіліп отырады, Жергілікті газетке 18 наурызда, 17 маусымда, 19 қыркүйекте сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл жөнінде мақалалар мен сенім телефоны жарияланды.
Өткізілген іс-шаралардың барлығы жергілікті «Арыс ақиқаты», «Шалқар шыңдары» газеттерінде, қала әкімдігінің ресми сайтына тұрақты жариаланып, «Арыс толқындары» телеарнасынан көрсетіледі.
Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы Г.Садықова
Арыс қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік
мекемесінің мақсаты мен қызметінің мәні
/2017 жылдың 9 ай есебі/
Мемлекеттік мекеменің мақсаты мен қызметінің мәні аудан аумағындағы мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметтерді жүзеге асырады.
Мәдениет және тіл саласын дамытуда қабылданған бағдарламалар мен даму жолспарының негізінде өткізілген, әрбір атқарылған жұмыс, мәдени іс-шара, оқырман тарту, кітап қорын молайту және тағы басқа да жұмыстар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа алып жүргізілуде. Әрбір іс-шара халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүр рәсімдерін дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілдердің қолдану аясын кеңейту, өнерпаздардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өнерді ел арасында насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастардың бойына патриотизм мен батылдықты сіңіру арқасында отансүйгіштікке баулу. 2017 жылдың жоспар осы тақырыптарды басшылыққа алады. Тоқсан сайын жоспар жасалып, жүйелі жүргізілуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған материалдар
Жергілікті «Арыс ақиқаты», «Шалқар шыңдары» газеттерінде, «Арыс толқындары» телеарнасынан, барлық жоспарланған іс-шаралар тұрақты жариаланып көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы іс-шаралар мәліметі
Арыс қаласында «Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында бөлімнің іс-шаралар жоспары жасалып, жауапты қызметкер бекітілді.
Жоспарға сәйкес, бөлім мамандарының және бөлімге қарасты мекеме басшыларының қатысуымен ай сайын Әдеп кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және «Мемлекет қызмет туралы» Заң, «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдары, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып жұмыс жүргізілуде. Жергілікті газетке 18 наурызда, 17 маусымда, 19 қыркүйекте сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл жөнінде мақалалар мен сенім телефоны жергілікті «Арыс ақиқаты» газетінде жарияланды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында шектеулер және заңдағы өзгерістермен, бөлім қызметкерлері уақытында таныстырылып отырылады.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет ошақтары: мәдениет үйі мен клубтар-6, кітапхана -17, тілдерді оқыту және дамыту орталығы -1.
Мәдениет үйі-1
Ауылдық клубтар-5 (Жиделі, Дермене ауылдық клубтары мектептің ішінде орналасқан)
Қалада кітапхана-3
Ауылдық кітапхана-14 (Ақдала,Сырдария, Көкжиде, бір қалалық кітапхана мектепте орналасқан)
Тілдерді оқыту және дамыту орталығы -1.
Жеке жоспармен жүргізілетін жұмыстар
1. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті "Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып жұмыс жүргізу.
2. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа алып жұмыс жүргізу
3. Салауатты өмір салты /нашақорлық пен есірткі саудасы, жасөспірімдердің құқық бұзушылығын тоқтату жөніндегі/ бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу.
4. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын басшылыққа алу, жұмыс жүргізу
5.«Қазақстан – 2050» Мәңгілік ел /жеке жоспар бойынша барлық кітапханалар/
6. Терроризмнің алдын алу / жеке жоспар /
7. «Үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі» іс-шаралар жоспарын орындау, жоспарланған индикаторға нақты қол жеткізу.
8. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
9. Тәртібі қиын балалармен жұмыс жүргізу және мәдени іс-шараларға тартылуына ықпал ету жұмыстарын жүргізу
10. Көрнекі ақпарат, жарнамалармен жұмыс жүргізу
11. Қаладағы ономастикалық ахуалды талдау, жұмысты жандандыру;
Бөлімнің өткізген жиналыстары:
Жылдық жоспарға сәйкес апталық іс-шараны пысықтау, қортындылау, жоспарлау мақсатында апталық жиналыс мәдениет қызметкерлермен өтіледі.
Қаңтар айында мәдениет және кітапхана қызметкерлерімен жылдық есептің қортындысы жасалып, жылдық жоспар талқыланды.
Қаңтарда орталық кітапханада «Кітапханадағы кітап оқуды ынталандырудағы көпшілік шаралар» атты семинар кеңес, ақпан айында білім алудың басты құралы – кітап екенін оқырмандарға кеңінен насихаттауда, «Кітап оқу лидерін» анықтауда «Алтын формуляр иегері» жобасы жасалынып, БАҚ бетеріне жарияланды.
Наурыз айында «Мәдени қызмет-мерейлі міндет», қалалық мәдениет қызметкерлері мен клуб жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналған семинар ұйымдастырылды.
Сәуір айында, әдістемелік көмек көрсетуге арналған «Көшеге ат беуге байыппен қарайық» ауыл округтерімен және жұмысшы тобының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілді.
Сәуір айында мәдениет қызметкерлерінің және ақылдастар алқасы мүшелерінің қатысуымен мәдениет саласында атқарылған жұмыстардың І тоқсан есебі тыңдалып, кеңейтілген мәжіліс өтті.
Мамырда хор ұжымдары жетекшілеріне арналған «Хор жетекшілерінің хор шығармашылығында ән айту дәстүрі мен жаңашылдығы» тақырыбында облыстық семинар-кеңес, тренинг, мастер класс өткізілді.Сонымен қатар қалалық мәдениет үйінде және ауылдық клубтарда «Достық үйі» аясында «Достық» үйірмесі ашылып өзге ұлт өкілдерімен бірлесе жұмыстар жүргізілуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында арнайы жоспар түзіліп мәдени іс – шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Қаламыздағы кәсіптік колледж студенттері және жоғары сынып оқушыларын қатыстыра отырып «Рухани жаңғыру- ел болашағы» атты тақырыптық кеш өтілді. «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының бірінші орынбасары И.Қалиев баяндама жасады. Отан сүйгіштіке, туған жерге арналған патриоттық әндерден концерттік бағдарлама көрсетілді.
Жоспардан тыс клубтардың жай-күйі туралы олардың жұмыстарын алға қою мақсатында ай сайын жұмыстар жүргізілуде. /Құжаттарымен жұмыс, іс-шараларды өткізу, көгалдандыру, клубты безендіру, т.б/, әнші, бишілермен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі, семинарлар жоспарға сәйкес өтеді.
2017 жылы өткізілген мәдени іс-шаралар
( халықаралық, республикалық, облыстық, аймақтық, аудандық негізгі іс- шараларды атап көрсету.)
Облыстық дәстүрлі «Арай 2017» жас эстрада әндерін орындаушылар мен жүргізушілер байқауына Арыс қаласынан іріктелген 4 жас әншілер мен 3 жүргізуші қатысты, жас әнші Ж.Әділбек «Арай аруы» номинациясын иемденді.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар арасында кең көлемде атап өту мақсатында Түркістан қаласында ұйымдастырылған мерекеге Арыстық өнерпаздар өз өнерлерін жиылған көпшілікке тарту етті.
Облыстық «Үкілі ару» байқауына қатысқан Арыстық өнерпаз Әбдіхалық Айдын қатысып, марапатқа ие болды. Ауыл клубтарының жұмысын жандандыру мақсатында дәстүрлі түрде өтілетін «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» байқауы Байырқұм елді мекеніндегі ауылдық клубта ұйымдастырылып өткізілді. Облысқа танымал мәдениет майталмандарынан құралған топ, ауыл өнерпаздарының өнерін жоғары бағалады.
Облыстық салт- дәстүр және әдеп - ғұрып орталығында өтілген «Батагөй қария» байқауына қатысқар батагөй қариямыз Тұрмағанбетов Жолдасбек аудан, қаладын қатысқан 12 қариялар арасынан оқ бойы озып шығып «Бас жүлде» жеңімпазы атанды.
Республикалық «Қазақ дауысы» байқауына Арыстық өнерпаздар қатысып қайтты.
«Шаянға барсаң әншімен деме» атты облыстық өнер байқауында әнші А:Аширова ІІ- орын жеңімпазы атанды. Созақ елді мекенінде өтілген «Күй құдіреті» байқауына қатысып марапатқа ие болды.
Облыстық «Туған жер –алтын бесігім» өнер фестивалінде Шымкент қаласының мәдени – демалыс орталықтарында Арыстық өнерпаздар өз өнерін көрсетті. Орталық Әл-Фараби алаңында өнер мерекесінің ашылуына орай театрландырылған «Жібек жолы» атты қойылыммен басталып , орталық саябақта «Терме тағлымы атты» термешілердің концерттік бағдарламасы, сатира және әзіл сықақ театрында «Халық театры» ұжымы Д.Исабековтің «Құстар фестивалі» спектакліін көрермен назарына ұсынса, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония залында Ж.Байғұтиева атындағы өнер мектебінің концерті көрсетілді. Абай атындағы саябақта Арыстық ардагерлер ұжымының «Ардагерлер - ардағым» атты концерттік бағдарлама, «Наурыз» алаңында салт- дәстүрді насихаттайтын «Қыз жасауы» театрландылыған қойылым Гала- концертпен өз жалғасын тауып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыстық ілтипатына бөленді.
Қыркүйек айында Созақ ауданыныда өткен Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән фестиваліне Қожатоғай ауылдық мәдениет үйінің әншісі М. Жұбатов қатысып ынталандыру сыйлығына ие болды.
Осы айда облыстық «Халық театрлары мен драма ұжымдары» арасындағы байқау қалалық мәдениет үйінде өткізіліп, жерлес жазушы драматург Д.Исабековтің 75 жылдығына орай дайындалған «Құстар фестиалі» қойылымын ұсынды.
22 қыркүйек күні облыстық «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өтілген «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты форумға Арыстан зиялы қауым өкілдері мен өзге ұлт өкілдері қатысты.
Қала көлемінде өткізілген мәдени іс шаралар.
Балалардың қысқы демалыс уақытын тиімді қызықты өткізу мақсатында «Қош келдің ЭКСПО жылы» айдарымен балалар таңертеңгіліктер орталық алаңда кесте бойынша өткізілді.
Қалалық «Арай -2017» жас эстрада әндерін орындаушылар мен жүргізушілер арасындағы байқауға қала, ауыл көлеміндегі дарынды өнерлі жастар қатысты. Іріктеуден өткен өнерпаздар облыстық іріктеу сайысына жолдама алды.
Ұлы Жеңістің 72 – жылдығына, Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған дәстүрлі «Ел қорғаны – жастармыз»атты әскери патриоттық сайыс биылғы жылы 16 рет ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа қала, ауыл мектептерінен 20 топ қатысып өзара сайысқа түсті. Арыс қаласы әкімінің, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, мәдениет үйінің, «Отан» Ауған соғысы ардагерлер бірлестігі, білім бөлімінің, денешынықтыру және спорт бөлімінің, №44859 Әскери гарнизоны, Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің атынан мадақтама, бағалы сыйлықтар, сонымен қатар сайысқа қатысқан әскери жетекшілерге, үздік өнер көрсеткен топтарға мадақтамалар тапсырылды.
Алматы қаласында өткен ХХҮІІІ- Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатына орай, қала тұрғындарын салауатты өмірді насихаттай отырып, бұқаралық спортқа тарту мақсатында қалалық эстфета ұйымдастырып өткізді. Спортық- мәдени іс- шараға қаладағы 13 мекеме, ұжым қатысып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Халық әндерін ел арсында насихаттай отырып, жанды дауыста орындаушылар арасында «Үкілім- ай» ән сайысы, М.Мақатаевтың туылған күніне орай «Жыр алыбы, сыр алыбы – Мұқағали» атты поэтикалық- музыкалық қойылым көрермендер көңілінен шықты.
Жастар арасындағы достық пен сыйластықты дәріптейтін дәстүрлі «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» байқауына 14 жұп қатысып, өнегелі өнер мен салт- дәстүрді мадақтады.
1- наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне орай қалалық мәдениет үйінің ғимаратында қала тұрғындары, ардагерлер мен әскери қызметкерлердің қатысуымен салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Сонымен қатар Байырқұм ауылдық клубында «Алғыс –айтам қазақ еліне» мерекелік бағдарлама, Қожатоғай ауылдық мәдениет үйінде «Алғысым шексіз - Сіздерге» тақырыптық кеш, Монтайтас ауылдық клубында «Қазақстан- Ұлы далам» жас акындар мүшайрасы, Дермене ауылдық клубында «Мың алғыс» концерт, Жиделі ауылдық клубында «Алғыс айту – адамдық парыз» музыкалық кештер ұйымдастырылып өткізілді.
8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай әкімшіліктің үлкен залында қала әкімі батыр аналарға арнайы құттықтап сыйлықтар тапсырылып, мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Сонымен қатар Монтайтас ауылдық клубында «Сырлы жеңге сұлу қыз» атты қыз-келіншектер арасындағы байқауы, Қожатоғай ауылдық мәдениет үйінде «Анасы бар адамдар - қартаймайды» аналарға арналған концерттік кеш, Дермене ауылдық клубында «Сырғалым» келіндер сайысы, Жиделі ауылдық клубында «Қызым саған айтам» пікір алысу бағдарлама, Байырқұм ауылдық клубында «Құрметтейік ананы» атты концерттік бағдарламалар өткізілді. Мерекелік бағдарламада ауыл әкімдері құттықтау сөз сөйлеп, қыз-келіншектерге сыйлықтар тапсырды. Осы көктем мерекесіне орай қала әкімінің шақыруымен мәдениет үйінде әнші Х.Сейтованың «Ән арнаймын аналарға» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды.
Наурыз айында «Өнегелі келін, өнерлі қыз», халық әндері мен қазақ композиторларының шығармаларын аспаптардың сүйемелдеуімен жанды дауыста орындаушылар арасында «Назқоңыр» байқауының бүгінгі өнер сүйер қауымға берер өнегесі мол болды, «Болашақтың қуаты - 2017» тақырыбы аясында патриоттық әндер конкурсы өтті, жеңімпазға облыстық «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауына қатысуға жолдама берілді..
Наурыз мерекесі Әль-Фараби алаңында ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күніне арналып театрландырылған қойылым көрсетілді, жалпы халықтық мерекеге өзіндік айшықты салт-дәстүрлерімен тойланып, сахнада түрлі қойылымдар, Қыдыр баба, Наурыз қыз, әжелер ансамблі, Наурыз көже тарату, аластау рәсімдері мейрамның маңыздылығын аша түсті. Ауылдық клубтар киіз үй алдында қазақтың салт- дәстүрін насихаттайтын көріністер көрсетті. Монтайтас ауылдық клубы «Бесікке салу», Қожатоғай ауылдық мәдениет үйі «Беташар», Дермене ауылдық клубы «Тұсау кесер» дәстүрін көрсетті. Театрландырылған қойылым аясында мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы берілді.
Осы Ұлыстың Ұлы күні мерекесінде қалалық мәдениет үйінде көптеген қызмет атқарған, бүгіндері қазақ ән сүйер қауымының көңіліне қуаныш ұялатып жүрген жерлестеріміз Байырбековтер отбасын бастаған сазгер Ербол Байырбеков «Ата жұртым - Арысым» шығармашылық кешін көрерменге тарту етті. Мерекелік концертке қарындастары Ләззәт, Жанболат пен Жазира Байырбековалар және бір топ өнерпаздар Арыс аспанын әнге толтырды.
21 наурыз күні Арыстық өнерпаздар Түркістан қаласында өткен Наурыз мерекесіне қатысып концерттік бағдарламаны тарту етті.
Сәуір айында Қазақстан Ардагерлер қоғамдық бірлестігінің 30 жылдық меркесіне орай салтанатты жиын өткізіліп, мәдениет қызметкерлерінің мерекелік концерті берілді.
Дәстүрлі әзіл- шыны аралас «Супер келін» сайысы биылда өз жағасын тапты. Ауылдық жердегі мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыра отырып, тәжірбие алмасу мақсатында Монтайтас ауылдық клубында «Он алты қыз» байқауы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар мәдениет үйінің жоспары бойынша балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысуымен «Бала шақтан-болашаққа» атты сайыс, жас жеткіншектер арасындағы «Сүйкімді қыз», «Ханзада мен ханшайым», отбасылық «Мақал сөздің - мәйегі», жас өнерпаздар арасында өтілетін «Қоңыраулы қошақан-2017» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Ұлттық өнеріміздің қаймағы саналатын терме өнерін жастардың тал бойына сіңіру мақсатында «Терме тағлымы» айдарымен өтілген байқауға қала, ауыл көлеміндегі терме өнерін өздеріне серік еткен 14 талапкер қатысып, өз өнерлерін көрерменге тарту етті.
1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан!» атты іс-шара өз деңгейінде өтті. Қаламыздағы өзге ұлт мәдени орталықтарының көрмелері мен ұлттық тағамдарынан жасалған дастархан мәзірі қалың көпшілікке ұсынылды. Мерейлі мерекеміз білім ордалары мен мекемелердің, ұлт өкілдерінің шеруімен басталды. Мерекелік шеруді қаламыздағы мәдениет және өнер қызметкерлері бастады. Бірлігі мен достығы жарасқан қазақ елінің барлық ұлт өкілдері салт-дәстүрлері мен ұлттық нақыштарын көрсетіп, ынтымағы жарасқан ел екенімізді насихаттады.
3-мамыр күні қаламыздағы спорт алаңшаларында балаларға арналған «Мен қазақтың ұланымен» айдарымен мәдени- спорттық таңертеңгіліктер өткізілді.
4-мамыр күні Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына, Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай әскери бөлімде жоғары сынып оқушыларына «Ашық есік» күні өтіліп, соңында әскери қызметкерлер арасында «Айбынды сарбаз» әскери сайысы ұйымдастырылды.
Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына, Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай 6 мамыр күні «Батырлар алаңында» салтанатты митинг өтті. Мерекелік іс-шара Ұлы Отан соғысының майдан даласында қаза болған жауынгерлер мен бейбіт заманда өмірден өткен ардагерлер құрметіне гүл шоқтарын қоюмен және бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанының 25 жылдық мерекесіне орай Тәуелсіз мемлекетіміздің қорғаны болған әскери қыметкерлер Қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Мерекелік іс-шара әскери қызметкерлер мен мектеп оқущыларынан құралған әскери шерумен жалғасын тапты.
Мереке «Мен қазақтың сарбазымын» атты қала мекемелері мен білім ордалары арасындағы хор ұжымдарының патриоттық ән байқауына және концерттік бағдарламаға ұласты. Осы күні қала көлеміндегі ардагерлерге арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Ұлы жеңістің 72 жылдығы мерекесіне арналған мерекелік іс-шара 9 мамыр күні «Жеңіс» скверінде ұйымдастырылып өткізілді. «Әль-Фараби» көшесінің бойында Қожанов орта мектебінің жанында қала тұрғындары, мекеме басшылары мен қызметкерлері 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларының суретімен шеруге тұрғызылып, өмірден өткен ардагерлер құрметіне бас иіп еске алумен «Жеңіс» скверіне жүріп келді. Арыс қаласынан аттанған майдангерлердің құрметіне қойылған монументке гүл шоқтары қойылды. Қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Премьер Министрі Б.Сағынтаевтің және облыс әкімі Ж.Түймебаевтің құттықтау хаттарын табыс етті. Соғыс ардагері М.В.Третьяков сөз сөйлеп барша тұрғындарды мерекемен құттықтады. Мерекенің соңында орталық алаңда мәдениет қызметкерлерінің мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мамыр айында «Әкім бала», «Қарттарым қазынам» қайрымдылық акциясы, оқушылармен хор ұжымдары арасында байқау, "Толағай" жанұялық мәдени- спорттық сайыс, 23 мамырда күні мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесі жоғары көлемде аталып өтілді, еңбегі ерекше қызметкерлер марапатталды
31 мамыр «Қуғын- сүргін құрбандарын еске алу» күні қасірет мемориалында өткізілді, орталық алаңда Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күніне арналған «Темекі шегу - қасірет» атты акция ұйымдастырылды.
1- маусым Халықаралық Балаларды қөорғау күні мерекесіне орай қаламыздағы «Балалар үйінде» өтілген мәдени іс – шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев аранйы қатысып, мәдениет үйі өнерпаздарының күшімен дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Осы мерекеге арналған орталық алаңда түрлі мәдени іс- шщаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Бүкіл әлем көз тіккен Халықаралық ЭКСПО 2017 мерекесінің ашылуына орай орталық алаңда мәденеи қызметкерлерінің күшімен концерттік бағдарлама көрсетіліп, алаңдағы ЛЭД зкран арқылы бейне сюжеттер қойылды.
Осымен қатар ҚР. Мемелекеттік қызметшілер күніне, полиция күні мерекесіне арналған салтанатты жиындар өткізіліп, мерекелік концерттік бағдарлама көрсетілді.
26 маусым Халықаралық «Нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналаған жас өспірім балалар арасында акция ұйымдастырылып, деректі фильм көрсетіліп, дәрігерлер кеңесі берілді.
Көзі әлсіз көретіндер мен зағип жандар қоғамының құрылғанының 80 жылдығына арналған мерекеде мәдениет қызметкерлері өз өнерін тару етті.
Жастарымыздың бойына рухани құндылық пен асыл қазыналы салт-дәстүрімізді жаңғырту,ойлау,есте сақтау,ой өрісін кеңейту,денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу мақсатында «Шекемтас» ұлттық ойыны ұйымдастырылып,өнегелі салт-дәстүрді мадақтады.Жазғы сауықтыру лагерінен 4 топ қатысты.
Астана күніне арналған «ЭКСПО ордасы-Астана» атты концерттік іс-шара өткізілді.Іс-шараға 100-ге жуық өнерпаз қатысып,әсем қаламыз Астанаға арналған әсем ән мен тәтті күйлерін көпшілік қауымға паш етті.Арыс елін айтулы мерекемен қала әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы құттықтады.
Астана күніне және «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай «Жұлдызды балапан» атты көңілді-спроттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді.Бұл сайыс салауатты өмір салтын қалыптастыру,ойын арқылы әр түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларды үйрету,балаларды топ мүшелерімен достыққа,икемділікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Жазғы сауықтыру лагеріндегі балалар қатысып,арнайы мадақтамалармен марапатталды.
Қала күні мерекесімен қатар келетін теміржолшылардың кәсіби мерекесіне арналған мерекелік іс- шара қаламыздағы Әл Фараби атындағы орталық алаңда кең көлемде атап өтілді.
ҚР.Конститутциясының 22 жылдығына арналған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы дәстүрлі «Сіз Заңды білесіз бе?» атты сайыс, осы мерекеге орай «Айбары мықты – Ата Заң» атты тақырыптық концерт ұйымдастырылып өткізілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын насихаттау мақсатында арнайы жоспар жасалынды. Жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып «Өнерлі отбасы» байқауы, «Рухани байлық - кітап» атты акция, «Кітап – білім ордасы» кеш, кәсіптік колледж студенттері және жоғары сынып оқушыларын қатыстыра отырып, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы қызметкерлерінің «Рухани жаңғыру- ел болашағы» атты тақырыптық кеш, «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты латын әліпбиіне өту жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. «Тіл-татулық тірегі» оқырмандармен әңгіме, «Тілі бірдің тілегі бір» өзге ұлт өкілдерімен байқау, «Ұрпақ сабақтастығы – ел бірлігінің негізі» тақырыптық кеш, «Ерікті кітап өткізушілер» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. «Менің туған өлкем» тарихи-мәдени орындарды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Монтайтас ауылдық округіндегі тарихи орындарға жасөспірім оқырмандар барып, тарихымен танысты.
Достарыңызбен бөлісу: |