Зайсан ауданы әкімдігінің «М.Әуезов орта мектебі» КММ
«Оқыту мен оқудағы
жаңа әдіс-тәсілдер»
Қатысушы: Изетова Арай Мұратқызы
Тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер»
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Мекеме: Зайсан ауданы әкімдігі «М.Әуезов орта мектебі» КММ
Email: izetovaa@mail ru.
Телефон: 8-775-894-64-81
Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.
Мақсатым: «Нәтижеге бағытталған оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдана отырып, сапалы білімге қол жеткізу және шығармашылыққа баулу, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру»
Міндеттерім:
-Оқытудың әрбір кезеңінің жылжуда болуын қамтамасыз ету.
-Тиімді әдістерді тәжірибеге енгізу үшін шығармашылықпен жұмыс істеу.
-Көшбасшылығымды барлық қырынан дамыту.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру, бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру..
Атап айтсақ, инновация білім беру процесін өзгертуге бағытталған педагогикалық жаңалық.Жаңалық енгізу мәселелерді тиімді жолмен шешу үшін қажет. Осы орайда инновациядағы мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін компоненттерді атап айтқым келеді.
Ақпараттық(қабылдау, жүйелеу, талдау, тарату)
Зерттеу(проблема туғызу,жоспарлау,эксперимент, қорытынды)
Интеллектуальды(жүйелеу, жалпылау, талдау, салыстыру)
Приативті(елестету, топтастыру, әсірелеу, қайта түзеу, жаңа түрлендіру) Диагностикалық(диагностикажүргізу, тәртіін білу) Болжау(мақсат қою,соңғы нәтижені болжау) Коммуникативті(байланыс орнату) Аксиологиялық(өзін-өзі ұйымдастыру) Басқару(мәлімет беру, ынталандыру, қадағалау) Жобалау(мақсат қою, жоспарлау, жобалау, модельдеу) Инновациялық(нәтиже жинау, өңдеу) Орта білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген , яғни оқушының өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру, оқушы мен мұғалім арасына ынтымақтастық орнату , өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, өмірлік ұстанымды, көшбасшылық негіздерін қалауда 7 модуль әдіс-тәсілдері тиімді.
1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдері . Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну, постер қорғату. Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.
2-модуль. Сыни тұрғыдан ойлау модулі. Бұл жаңаша әдіс – тәсіл арқылы оқушының өз ойын суреттеу арқылы ойлау қабілеті, сөйлеу мәдениеті дамиды. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
3-модуль. Оқыту үшін және оқытуды бағалау. Бұл әр сабақтың соңындағы оқушылардың білімдерін тиянақтау жиынтығы. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады
4модуль.Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
АКТ-ны пайдалану үстіндеОқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады
5модуль.Талантты және дарынды балаларды анықтау. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6- модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
Күнделікті сабақ өту барысында деңгейлік ерекшеліктері әртүрлі оқушыларды бір топқа бөлу қарастырылады және осы оқушылар үшін деңгейлік сұрақтар дайындалады. Оқушыларды мұндай тәсіл арқылы топтастыру оқушылардың когнитивтік дамуына байланысты жүргізіледі. Когнитивтік даму- баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Сондай-ақ, бұл оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру негізі болып табылады. Оқытудың мұндай түрі оқушылардың зейінін тұрақтандыруға және шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға негізделеді
7модуль.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
Ол үшін мынадай мақсаттар қою шарт:
Мен … жақсартқым келер еді.
Мен … жаңа тәсілін әрі қарай дамытқым келеді.
… үшін мен стратегиялар жасар едім
Мен біздің … тәсілді өзгертер едім.
Яғни, соңғы модуль мұғалімнің жұмысын дамытуға бағытталған. Дамыту жұмысының мақсаты:
Жаңаша білім беру – жаңа білімді өз бетімен игеру дағдыларын меңгерген, шығармашылық қабілетті, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, проблемалық ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздегендіктен мен бүгінгі жобаға 1-ші модулді «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»
Достарыңызбен бөлісу: |