Сабақтың мақсаты: Білімділік Алгоритм типтері сызықтық, тармақталу және циклдік



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,58 Mb.
#27165
түріСабақ
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және

циклдік алгоритмдер).



Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік

алгоритмдер) тақырыбын түсінгендерін тексере отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс- әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.



Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен

іскерлігін,   танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.



Тәрбиелік оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек

сүйгіштікке, ұқыптылыққа және өз өмірінде алгоритм құра білуге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: практикалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтастыру, «қызығушылықты ояту», «Бас бармақ» бағалауы, Кері байланыс.



7 модульдің ықпалдастығы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту мен оқудағы көшбасшылық, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.



Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу),  таратпа карточкалар, смайликтер.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушыларды тұгендеу

3. «Шаттық көңіл-күй» сыйлау

4.Сыныпты топтарға бөл, топ мүшелерін тағайындау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Сұрақ- жауап



ІІІ. Жаңа білімді пысықтау.

Топпен жұмыс «Кластермен жұмыс».



ІV. Сабақты қорытындылау

1. Компьютерде практикалық жұмыс.



V. Үйге тапсырма

№3,3 пораграфты оқып келу.



VІ. Бағалау (Оқушылардың білімділігі, белсенділігі бойынша топ мүшелері өздерін бағалау).

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

оқушылармен сәлемдесу;

оқушыларды түгендеу;

Топтастыру (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер арқылы топқа бөлу);



ІІ.Үй жұмысын тексеру. «сұрақ-жауап»

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм түрлері?

Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір.

Циклдік алгоритм дегеніміз не?. Мысал келтір.



ІІІ. Практикалық сабақ

сызықтық алгоритм (бірнеше командалардың тізбектеліп құрылуы);

тармақталған алгоритм (бір немесе бірнеше командаларды таңдау);

циклдік алгоритм (шарттарға тәуелді немесе берілген шарт орындалғанға дейн командалардың қайталануы).

Мұндай құрылымдардың жинақталып қолданылуы кез келген алгоритмді практикалық түрде орындауға мүмкіндік береді.

1.Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

Мысалы, тал егу алгоритмі

қолға күректі аламыз

жерді қазамыз

жерге су құйямыз

талды жерге орналастырамыз

Басы

Қолға күректі алу

Талды орналастырамыз

Жерге су құйамыз

Жерді қазу

Соңы

(1-сурет).



Мұндай алгоритмдер сызықтық деп аталады, бұл жерде командалар  белгілі реттілікпен орындалады.
 (1 сурет)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет