2. Тармақталған алгоритм – бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм.
Тармақталған алгоритмді жазудың екі түрі бар: толық және толық емес. Тармақталған алгоритмді жазудың жалпы түрін және блок-схемасын қарастырайық.
Мысалы: Егер < жауын басылса > онда (толық емес түрі)
Қолшатырды жабамыз
Тармақталу соңы
Мысалы:
Егер жауын басылса онда (толық түрі)
Қолшатырды жабу
Басқаша
Қолшатырды жаппау
Тармақталу соңы
Өз өмірлеріңде мынадай жағдайлар бірнеше рет болған шығар, мәселен, сабақ оқу керек, алайда сен компьютердегі ойынды аяқтағың келеді. Немесе далада жаңбыр жауып тұр, сен серуенге шығасың ба, әлде шықпайсың ба?
Келтірілген мысалдар біздің ойымыздың тұжырымын көрсетеді: кейбір оқиғалар болды ма, жоқ па?
Мысал келтірейік: Егер жаңбыр басылса, онда қолшатырды жабуға болады. Бұл мысалдағы шарт «жаңбыр басылды» болып табылады. Егер шарт«ақиқат» болса, біз қолшатырды жабамыз. Әйтпесе, егер шарт «жалған» болса, онда қолшатыр ашық күйінде қалады.
Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын «егер» және «онда» сөздері шарт деп аталады.
Алгоритмдегі шарттарды жазу үшін >, <, = сияқты салыстыру таңбалары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |