9. Академиялық тәртіп саясаты
№
|
Тәртіпті бағалау критерийлері
|
Баллдар саны*
|
1.
|
Сабақтан кешігу
|
-3
|
2.
|
Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесу
|
-10
|
3.
|
Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу
|
+3
|
4.
|
Басқа да критерийлер
|
|
*Ескерту: студенттің рейтингін төмендететін баллдар минуспен, жоғарылататын баллдар плюспен қойылады.
10. Академиялық тәртіптің және этиканың саясаты
• оқытушылар, студенттерімен мейірімді болуы;
• университеттің, факультеттің барлық тәрбие іс-шашараларға қатысу;
• университеттегі тәртіп саясатын сақтау;
• корпустағы тазалықты сақтау.
4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Қазақ тілінде оқитын білім алушылар үшін «Қаржы теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
№
|
Оқулық және оқу құралының атауы
|
Білімгерлер контингенті
|
Бар (данамен)
|
Кітапхана-да
|
Оқу залында
|
кафедрада
|
1
|
Нұрымов А.А Қаржы. Оқу құралы. –Астана: Мастер По ЖШС- 2014ж.-309б.
|
15
|
8
|
6
|
|
2
|
А.А Қаржы менеджменті. Оқулық. - Астана: ҚазЭҚХСУ БПО, 2014. – 374 б.
|
15
|
6
|
4
|
|
3
|
Аралбаева А.А. Қазақстан Республикасындағы қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу: Оқу құралы. - Алматы: «Экономика» баспасы, 2014. - 208
|
15
|
10
|
73
|
|
4
|
Нұрымов, А.А. Қаржы менеджменті [Мәтін]: Оқулық / А.А. Нұрымов, Ж.М. Бұлақбай.- Алматы: Эверо, 2015.- 336бет. 25 экз
|
15
|
5
|
3
|
|
5
|
Сартанова Н.Т. Мемлекеттік қаржы: Оқу құралы/ Н.Т.Сартанова,А.К.Абжанова - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. - 190 б
|
15
|
7
|
5
|
|
6
|
Байжолова Р.Ә. Қаржы: Оқу құралы. Р.Ә. Байжолова, JI.M. Сембиева. Алматы: ССК, 2017. - 504 б.
|
15
|
9
|
6
|
|
5. Лекциялық кешен (лекция тезистері, иллюстративтік және таратылым материалдары)
1-тақырып. Кіріспе: Қаржы және оның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі рөлі
1 Қаржылық қатынастардың теориялық негіздері
2 Нарықтық экономикада қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары
3 Қаржылық қатынастардың пәні, обектілері және субъектілері
4 Қаржыны зерделеудің әдіснамасы және әдістемесі
Тақырыптын мақсаты - Қаржылық қатынастардың теориялық негіздері танысу.
Сұрақтардың мазмұны:
Қаржы(фр. finance, лат. finantia- аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) - мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді.
Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады.
Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады.
Әдебиеттер тізімі
[1,2,3] [4,5], [6. 7]
2- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының рөлі
1. Қоғамдық ұдайы өндірісте қаржы қатысуының сипаты
2. Қоғамдық өндіріс ауқымдарын өлшеу
3. Қаржының мәні және оның функциялары
4. Қаржы функцияларына экономистер қөзқарастарының эволюциясы
5. Қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасының қағидалары
Тақырыптын мақсаты - Қоғамдық ұдайы өңдірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлімен танысу.
Сұрақтардың мазмұны:
Құндық экономикалық кагегориялар ретіндегі қаржы үғымы. Объективтік жэне субъективтік себепітермен айқындалатын қаржының қажеттігі. Қаржы табиғаты. Тауар-акша катынастары жэне қаржы. Ұдайы ендірістік үдерістегі каржы. Ұлтгық шоттар жүйесіндегі үлттық өндіріс көлемдерін өлиіеу- ІЖӨ жэне ЖҰӨ.
Ақша қаржының бастапкы категориясы ретінде. Ақшаның, қаржының, рыноктық ортадағы олардың модификацияларының қазіргі түсіндірмесі (интерпретациясы). Ақшалай қосалқы категориялардың, соның ішінде қаржынын іс-әрекетінде ақша функ- цияларының дамуы. Категориялар мен қосалқы категорияларды шектеудің проблемалары. Нарықтық экономикада қоғамның міндеттерін жүзеге асыруға ақшаның, кредитгің, қаржының, олардың туынды нысандарының бағытгылығы. Макроэкономикалық реттеуде ақша мен қаржыны пайдалану. Мемлекеттің құрылымдык-инвестициялық саясаты. Экономика дамуының қазіргі кезеңінде инфляцияны басқару саясаты.
Қаржьшық ресурстар жэне қорлар қаржьшық қатынастардың материалдық - заттай алып жүрушілері ретінде. Қаржылық ре- сурстардың көздері. Қаржылық ресурстар өсуінің факторлары.
Қаржының мәні іс-әрекет ететін механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қазіргі уақытта қаржының екі функциясы орындалады: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны, сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу: алғашқы және қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу - салалық, аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. ¦лттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы аппараты болып табылады. Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомствалардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді;
қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады;
кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі.
Әдебиеттер тізімі
[1,2,3] [4,5], [6. 7]
3- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі экономикалық категориялардың өзара байланысы және өзара әрекеті
1. Қоғамдық ұдайы өндірісте категориялардың өзара байланысы
2. Ақша, қаржы, несие, еңбекақы .қатынастары
3. Қаржы мен қаражаттың айырмашылығы
Тақырыптын мақсаты – Экономикалық категориялардың өзара байланыстарын анықтау.
Сұрақтардың мазмұны:
Мемлекеттің қаржысы қоғамдық қажеттіліктерді (қорғаныс, білім, басқару, мәдениет және т.б.) және халықтың жеке топтарын әлеуметтік қорғауды (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, жүктілігі бойынша жәрдем және т.б.) қамтамасыз ете отырып, меншік нысанының алмасу үрдісін жалпы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етеді. Мемлекеттің дәстүрлі функцияларынан басқа мемлекеттің шаруашылық үрдістерді реттеу функциясын атқарады яғни республикалық бюджет арқылы жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайызы және ІЖӨ 20 пайыздан астамы бөлістіріледі.
Бұл өз кезегінде ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісін жоспарлауға және экономиканың басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар субъективті жеке шешім қабылдаған жағдайда қаржыландыру тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайы қаржының атқаратын ролінің арта түскенін айта кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларға байланысты орын алды:
Біріншіден, дәстүрлі кәсіпорын топтарымен қатар шаруашылық субъектлер қалыптасқан жағдайда қаржылық қатынастардың жаңа топтары қалыптасады. Осы уақытта олардың арасындағы байланыс шиеленісе түседі.
Екіншіден, – қаржылар ақша қатынастарының жеке аясы болып табылады. Қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып ақшалар қаржының материалдық негізі болып, айналыс құралы функциясын атқарады яғни капиталға айналады.
Үшіншіден, микро деңгейде қаржылардың ролі төмендеп, макродеңгейде олардың мәні артады.
Еліміздің жаңа экономикалық қатынастарға көшуі өндірісті едәуір төмендетіп, жұмыссыздықтың қалыптасуына жол беріп, әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздықтың және инфляцияның қалыптасуын туындатты. Осы кезеңде мемлекеттің қаржы саясаты тұрақсыз болып, жиі өзгереді. Сонымен қатар сәйкес келесі жағдайлар орын алады:
Қаржылық ресурстар тек мемлекеттік бюджетте ғана емес, басқада қорларда- зейнетақы, еңбекпен қамту және медициналық сақтандыру қорларында шоғаырланады;
Бюдже, негізінен салықтық түсімдер арқылы толықтырылады. Салықты көбейтуге бағытталу өндірістің құлдырауына әкеледі. Сол себептен салық жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындайды;
Экономикаға мемлекетттің араласпауының нәтижесінде халық шаруашылығын бюджеттен қаржыландыру көлемі –60% -12%-ға дейін төмендейтіндігі.
2 Қаржының функциялары. Қоғамдық ұдайы өндірістегі экономикалық категорияның функціялары мен рөлін шектеу. Қаржының функцияларына экономистер көзқарастарының эволюциясы. Қаржының басқа экономикалық категориялармен (багамен, еңбекақымен, кредитпен) өзара байланысьі. Қаржы өз кезегінде экономикалық категория ретінде өз функциясын атқарады. Функция дегеніміз – бұл берілген экономикалық категорияның спецификалық мүмкіндіктерін сипаттайтын жағдай, яғни оның атқаратын қызметтерін сипаттайды. Экономикалық категорияның спецификалық мүмкіндіктерін сипаттай отырып, оның экономикалық табиғаты анықталады. Қаржы екі түрлі функция атқарады: бөлініс және бақылау функциялары.
Қаржының мәні оларды функцияларында айқын байқалады. Функция дегеніміздің өзі қаржының атқаратын жұмысы. Бүгінгі таңда шет елдерде қаржылардың функцияларының саны мен мазмұны бойынша көптеген пікірлер туындауда. .
Қәзіргі уақытта қаржылардың 2 тұжырымдамасы (концепциясы) кең қолданысқа келуде. Оның бірі-бөлістірушілік, екіншісі- ұлғалмалы өндірістік концепция.
Бірінші бөлістірушілік тұжырымдамасын ұстанушылардың ойынша: қаржылар қоғамдық ұлғалмалы ұдайы өндірістің екінші кезеңінде яғни ақшалай түрде қоғамдық өнімді бөлістіру үрдісінде қалыптасады. Осы тұжырымдама негізінде қаржылар екі функцияны атқарады: бөлістірушілік және бақылаушылық функция.
Бөлістірушілк функция арқылы қоғамдық өнім мен оның маңызды бөлігі-ұлттық табыс бөлістіріліп, қайта бөлістіріледі. Қоғамдық өнімді бөлістірудің екі түрін бөліп көрсетуге болады: алғашқыбөлістіру және қайта бөлістіру. Алғашқы бөлістіру жағдайында қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталынады және жаңадан жасалынған құн –ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттік, өндірістік аяның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары негізінде қалыптасады. Қайта бөлу – бұл салалық сондай-ақ аумақтық тұрғыда шаруашылық жүргізуші субъектлер бойынша қоғамдық өніммен, тұтынуды үлестірудің сан алуан процестерін (үрдістерін) қамтиды.
Әдебиеттер тізімі
[1,2,3] [4,5], [6. 7]
4- тақырып. Қаржының қазіргі концептуалдық теориялары
1. Қаржының теориялық қағидаларының көрінуінің қазіргі экономикалық теориялары және нысандары, әдістері
2. Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері
3. Қаржының теориясымен практикасы саласында ресейлік және отандық
4. Монетарлық және фиксалдық саясаттардың келісімі
5. Дағдарысқа қарсы сезіну тұжырымдамалары
Тақырыптын мақсаты - Қаржының теориялық қағидаларының көрінуінің қазіргі экономикалық теориялары және нысандары, әдістері мен танысу.
Сұрақтардың мазмұны:
Қазіргі экономикалық теориялар және жаңа нысандар, қаржының теориялық қағидаларының көріну әдістері. Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері. Қаржының теориялық қағидалары көрінісінің қазіргі экономикалық теориялары мен жаңа нысандары, әдістері. Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері: классикалық мекгеп, қазіргі неоклассикалық теориялары; кейнстік, посткейнстік теориялар; монетаризм; «жалпыға ортақ береке мемлекеті» теориясы; үсыным экономикасының теориясы; оңтайлы болжамдар теориясы, институтционализм, тұрақты даму теориясы, неолибералдық бағыт. Қаржының теориясы мен практикасы саласындағы ресейлік және отандық ғалымдардың ғылыми зертгемелері. «Ынталандырушы» және «тежеуші» фискалдық саясаттың шаралары. Монетарлық және фискалдық саясатгардың келісімі. Арзан және қымбат ақшалардың саясаты. Манделло-Флемингтің моделі. «ЖҰӨ – жиынтық шыгыстар» жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-тендіктің тәсімі.
Шығыстар мультифликаторының сипатгамасы. Макроәконо-микалық тепе-теңдік жүйесіндегі салықтар мультифликаторының іс-әрекеті. Баланыстандырылған бюджет мультифликаторының мазмұны. Сұраным мен ұсынымға салыктар іс-әрекетінің тәсімі.
«Үсыным экономикасы» теориясындағы салықтардың түсін- іктемесі. Институционализм және неоиституционализм.
Макроэкономикалық тепе-тендіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында тепе-тендікті тудыратыны анық.
Фискалдық саясаттың нұскалары. Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын кетермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай - күйі де осындай тәртіппен реттеледі.
Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мумкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұскалары тұжырымдалады. Құлдырау кезіңде ынтыландырушы фискалдық саясаты жүргізіледі ол мыналарды қарастырады:
1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) салықтардың төмендеуі;
3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін еске-
ре отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттар қамтиды:
1) мемлекет шығыстарының азаюы;
2) салықтардың көбеюі;
3) бұл бағыттардың үйлесуі.
Дискредициялык емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.
Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. Төмендегі сызбада мемелекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіндегі бұл өзгерістер (T сызығы) көрсетілген.
Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфлияцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары денгейі инфлияциямен жалғасады, құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Әдебиеттер тізімі
[1,2,3] [4,5], [6. 7]
Достарыңызбен бөлісу: |