Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ, оларға мыналар кіреді:
- мемлекеттік қызмет көрсетулер;
- қорғаныс;
- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сот қызметі, құқықтық және қылмыстық-атқару іс-әрекеті;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
- мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік;
- ауыл, су, орман және балық шаруашылықтары, ерекше
қорғалатын табиғи территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар
әлемін қорғау, жер қатынастары;
- отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану;
- өнеркәсіп, сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі, көлік және байланыс;
- қарыздарды өтеу;
- арнайы трансферттер;
- басқалары.
Бюджеттен тыс қорлар – республикалық бюджеттен тыс
құрылатын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін
басымдықты маңызы бар мемлекеттік, аймақтық және салалық
деңгейдегі негізгі міндеттерді шешуге арналған қаржы ресурстары-
ның мақсатты қорлары.
Қазақстанда арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры, Инновациялық қор, Ұлттық қор кіреді.
Мемлекеттік бюджеттің күйі үш жағдайда болады.
Біріншіден, егер мемлекеттік бюджет шығындары оның табыстарынан асып кетсе, онда бюджет тапшылығы орын алады.
Екіншіден, егер мемлекеттік бюджет түсімдері оның шығыстарынан көп болса, онда бюджет артықшылығы орын алады.
Үшіншіден, егер мемлекеттік бюджет табыстары мен шығындары бір-біріне тең болса, онда бюджет тепе- теңдік жағдайда болады.
Мемлекеттік бюджетқаржы жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады. Мемлекеттік несие тарту жолдарына:
1. Ұлттық банк тарапынын Үкіметке берілетін тікелей банк несиелері;
2. Мемлекеттік бағалы қағаздар шығыру; жатады.
Мемлекеттік несие негізінде мемлекеттік қарыз қылыптасады. Мемлекеттік карыз – белгілі бір уақыт мерзіміне шығырылғын, бірақ өтелмеген міндеттемелердің үстеме ақысымен қосқандағы сомасы. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыз болып бөлінеді.
Өтелу мерзіміне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МЕИКАМ болып бөлінеді. Қазақстанның сыртқы қарызы Үкіметтің, Ұлттық банктің сыртқы қарыздары, мемлекеттік кепілдік берілген және мемлекеттік кепілдік берілмеген сыртқы қарыздарынан тұрады.
Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір мақсаттар үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа мақсаттар үшін құрылады. 1999жылғы Қазақстанның қаржы жүйесін реформалаған кезге дейін елімізде 5 бюжеттен тыс қор болды (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен қамтамысыз ету қоры, зейнетақы қоры). Кәзіргі кезде бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорын, ұлттық қорын жатқызуға болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне келесі субъектілер қатысады:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары;
2. Кастодиан-банктер;
3. Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар;
4. Қаржы нарығын және қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік.