Қаржы жоспарлау жүйесі.Қаржылық болжаудың дамуы



Дата06.02.2022
өлшемі276,54 Kb.
#79592
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint (2)

Қаржы жоспарлау жүйесі.Қаржылық болжаудың дамуы.


Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Дайындаған: Сейтова Камила
Эк-19-1
Тексерген: Шодыраева Шынар
Қаржылық жоспарлау — бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. 
Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады
Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді жоспарлау әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық болжаудың
несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
қаржылық ағымның құйылуын талдау.
Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады.
Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша-ның көлемі мен олардың көздерін анықтау;
кірістерді өсірудің,
шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау;
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу 
Жоспарлау:
экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық қүбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып өткен жылдардың саныңа бөледі);
нолдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептслуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына каржы жүйссін (құрамын) дамыту мен жстілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспарлау кезеңдері мен олардың ерекшеліктері
бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мөліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістермен шығыстардың нақтылы турлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сөйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет