Қаржы кафедрасы БӨж тақырыбы: Қазақстан қор биржасы Дайындаған: Алиякбаров м кабылдаған: Кулбаева М



Дата18.12.2023
өлшемі25,27 Kb.
#197545
Байланысты:
WAVJQVYMMESL11122023093912
6. ?ойма ме?герушілері айды? со?ында есеп жасайды С материалды?, 8 апта глоссарий, 8 иондардың түзілуі қмж, ПШТЕ, АҚҚТЕ болжамдарын жасау, жобаның өтелу мерзімі мен рентабельділігін есептеу, Шаблон бизнес-плана казахс. (1) (1)

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика, басқару және құқық факультеті
Қаржы кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан қор биржасы


Дайындаған: Алиякбаров М
Кабылдаған: Кулбаева М

Түркістан 2023
Жоспар
I. Кіріспе
II. Қазақстан қор биржасы
III. Пайдаланылған дереккөздердің тізімі

Құру тарихы


1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және 23 жетекші қазақстандық коммерциялық банктарымен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.
1994 жылдың 03 наурызында, биржаның атауын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты, биржа "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен қайта тіркелді.
1995 жылдың 12 шілдесінде биржа өз акционерлерінің биржаның бағалы қағаздар нарығында қызметін дамытуды бастау туралы шешіміне қабылдауына байланысты, "Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1995 жылдың 2 қазанында биржа бағалы қағаздар нарығында биржалық қызметті жүзеге асыруға № 1 лицензиясын алды, алайда осы лицензияның қолданысы тек мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттық ұйымдастыру құқығымен ғана шектелген. Қолданыстағы заңнама қор биржасына тауарлық биржа қызметтерін атқаруға тыйым салынуына байланысты, биржа 1996 жылдың 12 сәуірінде "Қазақстан қор биржасы" атауымен қайта тіркелді. 1996 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы биржаға бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектелмеген лицензиясын берді.
Осылайша 1997 жылдың 05 наурызындағы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" жаңа заңы қор биржасының қызметін тек бағалы қағаздармен шектейтініне байланысты, биржа акционерлерінің жалпы жиналысы 1997 жылдың сәуірінде "Алматы қаржы құралдарының биржасы" ЖАҚ (AFINEX) жеке заңды тұлғасын бөліп шығару арқылы биржаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, осы ұйым 1997 жылдың 30 шілдесінде тіркелген. 1997 жылдың 01 қыркүйегінен бастап AFINEX сауда алаңына шетел валюталарының және мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ауыстырылды. Ал биржаның өзі 1997 жылдың 03 шілдесінде бұрынғы атауымен қайта тіркеуден өтті.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылдың 10 маусымындағы заңы өз күшіне енуімен, қор биржасының қызметіне шетел валюталарының және бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдардың сауда-саттығын ұйымдастыруға салынған тыйым жойылып, AFINEX пен Қазақстан қор биржасын біріктіруге мүмкіндік берді. Осы туралы шешімді акционерлердің 1999 жылдың 06 қаңтарында өткен жалпы жиналысы қабылдады, ал 1999 жылдың 16 наурызында біріктірілген биржаның тиісті мемлекеттік қайта тіркеуі жүзеге асырылды.

2006 жылдың 15 желтоқсанында KASE Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңы ретінде белгіленді. 2007 жылдың 23 тамызында болып өткен KASE акционерлерінің жалпы жиналысы биржаның коммерциялануы туралы шешім қабылдады. KASE коммерциализациясы шегінде дауыс берудің бұрынғы "бір акционер – бір дауыс" принципінен бас тартып, жалпы акционерлік қоғамдардың барлығына ортақ болып қабылданған принципі, яғни, бір акцияға бір дауыс принципіне ауысу жүзеге асырылды.


KASE құрылуының және дамуының негізгі кезеңдері
1993 Шетел валюталарының алғашқы сауда-саттықтары
1995 Мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттықтары
1996 Туынды қаржы құралдарының – мерзімдік келісімшарттарының алғашқы сауда-саттықтары
1997 Листингілік акциялардың, мемлекеттік акциялар пакеттерінің, листингілік емес бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттықтары
1998 Биржада тікелей мәмілелер жасау жүйесін іске қосу
Қазақстанның еурооблигацияларының алғашқы сауда-саттықтары
1999 Листингілік корпоративтік және муниципалды облигацияларының алғашқы сауда-саттықтары
Тікелей репо нарығын іске қосу
2001 Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының алғашқы сауда-аттықтары
Автоматты репо нарығын іске қосу
2002 Вексельдердің алғашқы сауда-саттығы
2003 Шет мемлекеттердің бағалы қағаздарының алғашқы сауда-саттығы
2006 Шетелдік корпоративтік облигациялардың алғашқы сауда-саттығы
KASE есеп айырысу жүйесін қолданумен "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ IPO жүргізу
2007 KASE негізінде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңын құру
KASE коммерциялануы
2008 KASE корпоративтік басқару кодексін бекіту
Валюталық своп операцияларының нарығынын іске қосу
2009 KASE негізгі сауда-саттық алаңын және АӨҚО АСА біріктіру арқылы нарықтың бірлігін қалпына келтіру
2010 Тәуекел-менеджментінің жаңа жүйесін қолданумен, деривативтердің жаңартылған нарығын іске қосу
2011 DowJones FEAS Индекстері қатысушылары тізіміне KASE енгізілуі
Толық алдын ала қамтуымен T+0 (гросс) сызбасы бойынша бағалы қағаздар сауда-саттық жүйесінің іске қосылуы
Еуроазиялық қор биржаларының федерациясы (FEAS) 17-ші Бас ассамблеясын өткізу
Корея, Стамбұл және Тегеран қор биржаларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою
"STrade" –интернет-трейдингтің көпфункциясы жаңа жүйесінің құру
2012 Биржаның қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыруға және банктік операциялардың кейбір түрлерін (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жабу) жүзеге асыруға лицензия алуы
KASE құрылымында Клирингілік палатасын құру
2013 Вена қор биржасы мен (WBAG) есептелетін, акциялардың жаңа индексін – Kazakhstan Traded Index Local (KTX Local) іске қосу
Әлемдік биржалар федерациясының (WFE) толық мүшесі мәртебесін алу

KASE бүгін


Мәртебесі
Биржа, акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанында қызмет ететін, коммерциялық ұйым болып табылады. Биржаның органдары:

жоғарғы орган – Биржа акционерлерінің жалпы жиналысы;


басқару органы – Биржаның Директорлар кеңесі (Биржалық кеңес);
атқарушы орган – Басқарма.
Биржаның жетекшілігі
Алдамберген Алина Өтемісқызы – Басқарма Төрайымы
Сәбитов Идель Марсильұлы – Басқарма Төрағасының орынбасары
Цалюк Андрей Юрьевич – Басқарма Төрағасының орынбасары
Хорошевская Наталья Юрьевна – Басқарма Төрағасының орынбасары
Тұрмагамбетов Қайрат Жұмабекұлы - Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры
KASE акционерлері
2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша биржаның 57 акционері бар, солардың ішінде банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару компаниялары, жинақтаушы зейнетақы қорлары және басқа ұйымдар бар. "Қазақстан қор биржасы" АҚ жарияланған акцияларының жалпы саны 5 000 000 дананы құрайды, олардың 942 013 акциясы орналастырылған. Қазақстан Реапубликасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамына қатысты кейбір сұрақтар туралы" № 134 қаулысына сәйкес, орналастырылған акциялардың 50,1 % үлесіне "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" ММ иеленген.

KASE Жарғысымен "алтын акция" қарастырылған, бұл акцияның иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Бұл акция валюталық реттеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары нарығын реттеу сұрақтарына қатысты KASE органдарының шешімдеріне тыйым салуға құқық береді.

Мүшелері
Биржада мүшеліктің үш санаты бар. Ұйымды қызықтыратын қаржы құралының түрлері бойынша өткізілетін сауда-саттықтарға қарай, KASE валюталық, қор немесе мерзімдік нарық мүшесі бола алады. Бір уақытта аталған екі немесе үш санатқа мүшелік етуге рұқсат етіледі.

2014 жылдың 01 маусымдағы жағдай бойынша KASE мүшесі мәртебесіне нарықтың 58 кәсіби қатысушысы иеленген.

Халықаралы ұйымдардың жұмысына қатысу
KASE:

Әлемдік қор нарықтың жалпы биржалық айналымын қамтитын, 80-нен астам әлем биржаларын біріктіретін, Әлемдік биржалық федерациясының аффилиирленген мүшесі;


Еуропа және Азияның дамып келе жатқан қор нарықтарында қызмет ететін, биржалық индустрияның 50-ге жуық кәсіби ұйымдарын басн қосатын, Еуро-азиялық қор биржаларының федерациясының (FEAS) мүшесі;
9 ТМД елдерінің 20-ға жуық ұйымдарын біріктіретін, Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы елдерінің Халықаралық биржалақ ассоциациясының (ТМД ХБА) мүшесі;
Әлемдік биржалар, банктер, брокерлік және инвестициялық компанияларды, сондай-ақ жетекші ақпараттық агенттіктерді, жалпы алғанда 200-ден астам мүшелерді біріктіретін, Қаржылық ақпараттарының таратушыларының және тұтынушыларының халықаралық ассоциациясының мүшесі;
Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы, 250-ге жуық мүшелерінің басын қосқан, ірі кәсіби бірлестігі – Қазақстан қаржыгерлерінің Ассоциациясының мүшесі;
Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған (биржалық) нарықтардың қалыптасуы мен дамуына, соның ішінде биржалық заңнаманың дамуына арнайы құрылған, биржалар мен нарыққа қатысушылары арасынан 7 қаржы институттарын біріктіретін, 2011 жылы құрылған Қазақстанның биржалық ассоциациясының (ҚБА) мүшесі.
KASE нарықтары
KASE қызмет көрсететін нарықтар:

шетел валюталары (соның ішінде валюталық своп операциялары);


мемлекеттік бағалы қағаздар;
үлестік бағалы қағаздар (акциялар мен пайлар);
корпоративтік борыштық бағалы қағаздар;
репо операциялары;
деривативтер.
Шетел валюталарының нарығы
Валюталық нарық, KASE құрылған сәттен бастап ұйымдастырылған алғашқы нарықтардың бірі болып саналады. Шетел влаютасының, сол кезде АҚШ долларының, бірінші сауда-саттығы 1993 жылы өткізілді. Бүгін KASE сауда-саттықтарының жалпы көлеміндегі жартысына жуық үлесівалюталық нарықтың еншісінде. KASE осы нарықының негізгі қатысушылары Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылады.

Қазіргі таңда биржада АҚШ долларының, еуро және Ресей рублінің теңгеге, сондай-ақ еуроның АҚШ долларымен сауда-саттықтары өткізіледі. USD/KZT және EUR/KZT жұптары бойынша, қалыпты мәмілелермен қатар, бір және екі күн мерзімге валюталық своп операциялары жүзеге асырылады.

Әдетте АҚШ долларының теңгеге сауда-саттығының KASE шетел валюталары нарығы айналымындағы үлесі 95 %-дан асады. Күн бойы KASE шетел валюталары бойынша үш: таңертеңгі, күндізгі және кешкі сауда-саттық сессияларын өткізеді. Бірінше екеуі мәміле жасалған күні есеп айырысуға арналған сауда-саттықтар, ал кешкі сессияда, есеп айырысу Т+1 және Т+2 сызбалары бойынша жүзеге асырылатын, валюта саудаланады.

Сауда-саттық күннің соңында әр валюталық құрал бойынша нетто-клиринг жүргізіледі. Есептесулер KASE Есеп айырысу палатасы Клирингілік палатасының мәліметтері бойынша DVP (Delivery Versus Payment – "төлемге қарсы жеткізілім") принципімен жүзеге асырылады. Валюталық нарық мүшелерінің басым бөлігі биржада теңге мен шетел валютасының мерзімдік жеткізілімі тәртіптемесінде жұмыс істейді. Валюталық нарықтың жаңа мүшелері және (немесе) жеке банктер жоғары дәрежедегі тәуекелмен сатылатын валютаның алдын ала жеткізілімі тәртіптемесінде жұмыс жасайды.

Шетел валютасы нарығында есеп айырысу бойынша KASE банк–корреспонденттері болып табылады:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (KZT);


Deutsche Bank Trust Company Americas (USD);
The Bank of New York Mellon (USD);
Citibank N.A. (USD, EUR);
Commerzbank AG (EUR);
"Сбербанк России" ААҚ (RUB).
KASE валюталық нарығы қазақстандық экономиканың маңызды элементтерінің болып табылады. Соңғы жылдары оның үлесінеҚазақстанның банкаралық валюталық нарықтың 50-ден 83 %-на дейін тиесілі. Дәл осы жерде АҚШ долларының теңгеге орташа сараланған бағамы қалыптасады, ал келесі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы болып жарияланады.
Биржа көрсететін қызметтер
Биржадағы листинг
KASE листингілік талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

Бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі мен мерзімдері, бағалы қағаздарды ресми тізімнен шығару процедурасы, оларды тізімнің бір сананына екіншісіне, ақпараттарды ашу бойынша талаптар, листингілік алымдарды төлеу тәртібі, сондай-ақ басқа да листингілік талаптар мен процедуралар Биржаның ішкі құжаттарында анықталады.

Ақпараттарды ашу бойынша қойылатын талаптар
Бағалы қағаздардың листингі және KASE ресми тізімінде тұрған кезінде ақпараттарды ашу бойынша қойылатын талаптарды Биржа анықтайды. Осы талаптарға мыналарға қатысты қойылады:

бағалы қағаздар листингіне байланысты ұсынылатын құжаттар, соның ішінде, эмитенттің қызметіне және оның бағалы қағаздары туралы негізгі ақпараттар көрсетілетін, сондай-ақ қаржылық жағдайына талдау қамтылған, инвестициялық меморандумның мазмұны;


эмитенттің қаржылық есеп берушілігі және осы бойынша аудиторлық есептер;
эмитенттің қызметіне және оның бағалы қағаздарына қатысты кез келге елеулі ақпаратты ашу.
Осы талаптармен, KASE интернет-сайтында жарияланған, Листингілік ережелермен толығырақ танысуға болады.
Листинг процедурасы
Биржадағы листинг процедурасына эмитентті және оның бағалы қағаздарын Биржаға ұсынылған құжаттар мен ақпараттар негізінде уәкілетті органмен, сондай-ақ Биржаның ішкі құжаттарында анықталған, листингілік талаптарға сәйкестігіне тексеру кіреді.
Компанияның бағалы қағаздарын Биржаның ресми тізіміне енгізу туралы шешімді арнайы органмен – Литсингілік комиссиясымен қабылданады.
Бағалы қағаздар Биржаның ресми тізімге енгізілгеннен кейін, осы бағалы қағаздардың сауда-саттығы тізімге енгізілген күннен кейін үш ай аралығында ашылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына инвесторларды тарту үшін салықтық жеңілдіктер жүйесі белгіленген. Атап айтқанда, салық төлеуші мынадай кірістер бойынша салық салынатын кірістерін азайтуға құқы бар:
сыйақылдар есептелген датаға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар бойынша сыйақылар
Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сатылғандағы, сатылу датасына осы қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар құнының өсімінен түскен кірістер
дивидендтер мен сыйақылдар есептелген датаға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар.
KASE нарықтарының индекстері мен индикаторлары
KASE нарығы, Биржа нақты уақыт тәртібінде, сондай-ақ сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша есептейтін және жариялайтын, индикаторлардың жиынтығымен сипатталады.

KASE Индексі


KASE ресми тізімінің ең өтімді акцияларымен жассалған, мәмілелердің бағалары бойынаш есеептелетін, нарықтық капитализация бойынша орташа сараланған композиттік индекс. Индекс нақты уақыт тәртіптемесінде әр жасалған мәміледен кейін есептеліп отырады.

Пайдаланылған дереккөздердің тізімі:
http://www.kase.kz/kz/main/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет