—делдалдар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.
– акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда- саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда- саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін – өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін – өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық- техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді: - қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаз-дарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру; - ел үкіметінің шығыстар мен өндірісті қаржыландыру және несиелендіру; жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру. 3.
Қор биржасы өзінің қызметін келесі қағидаларға сай құрады:
- брокер және тұтынушы арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде ресімделеді; - биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялылық пен ашықтық; - сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудиторлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер. 3.
Бағалы қағаздардан сауда жасау үшін көпшілікке қолайлы жағдай жасау, бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын салушы жеке және институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың, клиенттердің және биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.