Қаржылық есеп 1



Дата04.07.2018
өлшемі39 Kb.
#46895

Қаржылық есеп 1

  • Оқытушы жайлы мәліметтер: Омарбаева Перизат Заманбек қызы – «Экономикалық кибернетика» кафедрасының аға оқытушысы. Халық Шаруашылығы Институты. Жалпы еңбек стажы 34 жыл, ҚазҰТУ-де 1 жыл. Пән – Қаржылық есеп 1 курс – 2 мамандық: 050508 – Есеп және Аудит; Барлығы 2 кредит Лекция 15 сағат Тәжірибелік (семинар) сабақтар 15 сағат Аралық бақылау (саны) 2 СӨЖ 30 сағат СОӨЖ 30 сағат Барлық дәрісханалық сағат 60 сағат Барлық дәрісханадан тыс сағат 30 сағат Еңбек көлемі 90 сағат
  • Пәннің мақсаты және есебі:
  • Шаруашылық субъектілерінде экономикалық салаларды басқарудың қаржылық негізін бухгалтерлік есепте халықаралық стандарттармен жүргізу үрдістерін құрайтын факторлардың өз-ара есептік мазмұнын шоттық жазбаларда қарастыру арқылы сипаттау; факторлардың әсер ету деңгейін анықтау; келешекке болжам жасау; қажетті стандарттық-есептік бағдарламаларды меңгеру; факторлардың өз-ара сандық өлшемдік өзгеруінің әсерлеріне талдау жасау.
  • Пәннің берері:
  • Бухгалтерлік ақпараттарды басқару шешіміне қолдана білу; шаруашылық операцияларының есептік мазмұнына экономикалық талдау жасай білу; бухгалтерлік есептердің баланстық мазмұнының моделін құру; қажетті арнаулы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау; қаржылық есеп мазмұнына талдау жасай білу; болжамның тиімді шешімін қабылдау.
  • Пререквизиттері:
  • оқылатын пәнді игеруге қажетті бұрын өтілген пәндер (мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарындағы пәннің тізімі бойынша) .
  • Постреквизиттері:
  • пәнді оқыту барысында алынған білімдерді қолданатын келесі пәндер тізімі (мамандықтың жұмыс оқу жоспары).
  • Пәннің басқа пәндермен байланысы:
  • бухгалтерлік есеп принциптері, басқару есебі, қаржы, ақша, несие, банк, статистика, информатика пәндерінің мағлұматтарына байланысты. Осы пән келешекте барлық арнаулы пәндерді қазіргі нарық экономикасының талабына сәйкес игеруіне көмегін тигізеді.
  • Курстың саясаты мен процедурасы
  • Ағындық бақылау студенттердің өзіндік жұмысқа дайындығы, орындауы, белсенділігі ескеріледі. Сабақтың барлық түріне студенттің қатысу белсенділігі өз бетінше тапсырманы орындау қабілеттілігін қажет етеді, Сабаққа тек келгені үшін баға қойылмайды. Сондықтан барлық бағаның 25 пайызы өз бетінше жұмыс жасау қабілеттілігіне қойылады. Түсінбеген сұрақтарын уақытылы мұғалімнен көмек алып білуге, оқуға талаптануы керек. Күнделікті сабаққа дайындықпен келуді қажет етеді.
  • Тапсырма СӨЖ. Осы пәннің ерекшелігі әр студентке жеке тапсырма беріліп оның уақытылы, практикалық мәнімен ізденіс негізінде орындауын қажет етеді. Қосымша материалдарды өз бетінше оқып, жасаған жұмысын түсіндіре білуі, қорғауы қажет болады. Осыған байланысты төрт тапсырманы шығармашылық жұмыс ретінде жазбаша дайындап кесте бойынша уақытылы өткізу керек. Сондықтан жалпы бағаның 25 пайызы әр тапсырмаға беріліп отыр.
  • Лекция сабағы студенттердің қатысуын, тыңдауын, негізгі моменттерді жазып белсенділігін қажет етеді. Күнделікті лекцияға өткен материалды игеріп және жаңа материалмен танысып келуі керек. Сонда ғана лекция өз дәрежесіне мақсатына жетеді. Сондықтан студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында лекция материалына сәйкес жалпы бағаның 25-15 пайызы берілді.
  • Тәжірибелік жұмыс аудиторияда өтеді. Арнаулы бағдарламаларды пайдаланып тапсырмаларды, жеке тақырыптарды орындауды үйретеді. Көп жағдайда тәжірибелік жұмыс уақыттың аздығынан (50 минут) кейін сабақтан тыс кезде аяқтауды қажет етеді. Сондықтан жұмыстың орындалуын білу үшін және аяқталуын қамтамасыз ету үшін баға 15-25 пайыз беруге болады.
  • Студенттердің білімін бағалау
  • Межелік семестрге екі кезеңмен өткізіледі.
  • Кесте бойынша бағалары 8 және 15 аптада қорытылып қойылады. Теориялық сұрақтар лекция кезінде және басқа сабақтардың кезінде, тапсырмалар орындау және қабылдау кездерінде сұрап отырылады.
  • Тапсырмаларды кесте бойынша уақытылы тапсыру керек, кешіккен жағдайда бағасы 10 пайызға кем қойылады.
  • Қорытынды баға емтиханның бағасына және межелік бағаға бөлінеді. Межелік баға семестрге екі рет өткізіліп қосындысында 60 балл болса, ал емтиханның бағасы 40 балды құрайды. Әр межелік балл 30 балдан тұрады. Кестедегі межелік балдың бағасы пайызбен берілген


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет