«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет22/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:
1. Материалдық қорларды сатып алу және жабдықтаушылармен есеп айрысу тәртібі мен құжаттандыруы
2. Негізгі шоттар корреспонденциясы дегеніміз не?
3. Негізгі шоттар корреспонденциясына анықтама
4. . Негізгі шоттарға мысал келтір
5. Өндіріс қорларының түсімі мен шығысына түсініктеме


Сабақ тақырыбы: Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі
Материалдардың бухгалтериядағы талдамалық есебі сандық және ақшалай өлшемде есептелінеді. Ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізеді. Материалдардың әрбір номенклатуралық номеріне жеке карточка ашылады. Материалдардың кірісетілуі, босатылуына жасалған әрекет құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысын шығарып, олар үлгілі түрі М-20 материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Бұл тізімдеме әр қойма бойынша бөлек және бір жылға ашылады. Ай соңында материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын көшіріп жазады. Егер есепті ай бойы ұйымда кіріске алынбаған, шығыс етілмеген болса онда олардың бұрынғы қалдық саны мен сомасы жаңа айға көшіріліп жазылады. Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларынан үлгілі түрі М-20тізімдемеге дұрыс толтыруын бухгалтерия қызметкері міндетті түрде тексеріп қол қояды. Бухгалтерияда материалдардың жинақтама есебі айналым тізімдемесінің негізінде немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдемесі жасалады.
Тізімдеме екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде ұйымға түскен материалдардың нақты өзіндік құны мен есептік бағасы арасындағы ауытқулар анықталады және кіріске алынған материалдардың жиынтық өзіндік құны жайлы деректер көрсетіледі.
Екінші бөлімінде әрбір қойма мен материалдарға жауапты тұлғалар материалдардың қозғалысын тиісті шоттар бойынша көрсетіледі.
Сонымен қатар бухгалтерияда материалдардың шығысына арналған құжаттардың бірінші даналарының негізінде «Материалдардың шығысын бөлу» деген әзірлеме кесте жасалады. Онда цехтар мен шоттар тұтынушылар, тапсырыстар, жұмсау баптары және есепке алу мен калькуляцияның басқа да объектілері мен есептік бағасы бойынша материалдардың жұмсалуы көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет