«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет3/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

10-Тарау Ұйымның есеп саясаты



  • Есеп саясатының ұғымы және құрылымы



11-Тарау Ұйымның қаржылық есеп беруі



  • Экономикалық ақпарат жүйесіндегі қаржылық есеп берудің мағынасы

  • Қаржылық есеп беруді құрудың дайындық жұмыстары

  • Ұйымның қызметі туралы қаржылық ақпаратты сыртқы және ішкі пайдаланушылар



Қосымшалар


Қолданған әдебиеттер


1-Тарау Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары (қайталау жүргізу)
Сабақ тақырыбы : Қаржылық есептің мақсаттары мен қағидалары

1. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және нормативтік-құқықтық реттелуі


2. Қаржылық есептің қағидалары


1. Бухгалтерлік есепті ұйымдстыруда, шаруашылық әрекеттерді орындау барысында заңдылықтарды қадағалауда ұйым басшысы жауапкершілік атқарады. Ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне, барлық бөлімшелері мен қызметтерінің, ұйым қызметкерлерінің орындауын қамтамасыз етуіне, есеп ұсыну үшін барлық құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу және ұсыну тәртібінің талаптарын қамтамасыз етуде жағдай жасауы керек.
Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бастап бухгалтерлік есептің нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесін ұсынған бухгалтерлік есептің реформалануы жүргізілді.
Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасы Заңдары:

  • ҚР-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің біртекті құқықтық әдістемелік негіздерін бекітетін «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы»;

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;

  • Қазақстан Республикасының салық Кодексі.

2007 жылдың наурыз айынан бастап 28 қаңтар 2007 жылғы №234-ІІІ «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Заң Қазақстан территориясында тіркелген, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық шаруашылық заңды субъектілер мен жеке тұлғалар үшін есеп пен есеп берудің біркелкі құқықтық әдістемелік негіздерін бекітеді.
«Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңы 5 бөлімнен тұрады.
1-бөлім. Жалпы ережелер. Бөлімде: заңның қызмет ету саласы; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінің мемлекеттік реттелуі; бухгалтерлік есеп стандарттары мен бухгалтерлік есепшоттарының үлгі жоспары; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің мақсаттары мен қағидалары берілген.
2-бөлім. Бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік құжаттандыру және ішкі бақылау. Бөлімде бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік құжаттандыру және ішкі бақылауды ұйымдастыруға негізгі талаптар қарастырылған.
3-бөлім. Қаржылық есеп элементтерінің есебі және бағалау. Бұл бөлімде қаржылық есеп берулердің элементтері, олардың бағалануы мен есебі қарастырылған.
4-бөлім. Қаржылық есеп беру. Қаржылық есеп беру түсінігі меолданн құрамы, консолидирленген қаржылық есеп беру; есептік кезең туралы түсінік; қаржылық есеп беруді ұсыну мерзімдері мен мекен-жайлар қарастырылады.
5-бөлім. Қорытынды ережелер. Бұл бөлімде «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзғандығы үшін жауапкершіліктер көрсетіледі.
Екінші деңгей – ҚР қаржы министрлігінің өкілетті органымен (1998 жылға дейін бухгалтерлік есептің Ұлттық комиссиясы, ал қазір бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаменті) дайындалған және бекітілген ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары.
Бухгалтерлік есеп стандарттары – есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субъектілер үшін нормативті құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.
Қазақстанда қызмет етіп отырған есеп стандарттарын келесідей бөлуге болады::

  • Жалпы әдістемелік (№1 «Есеп саясаты», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептерді негізгі ашулар», №3 «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп», №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» және т.б.);

  • Әлеуметтік саясат бойынша стандарттар (№16 «Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі» және т.б.);

  • Мүліктер мен құралдардың жеке түрлері бойынша стандарттар (№6 «Негізгі құралдар есебі», №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі», №8 «Қаржылық инвестициялар есебі») және т.б.

ҚР 2006ж 1 қаңтарынан бастап барлық ұйымдар бухгалтерлік есепті ҚЕХС-на сәйкес жүргізеді.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары – жоғары кәсіби халықаралық ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы сипаттағы бухгалтерлік есеп ережелері, әдістері, ұғымдары мен процедуралары жиыны.
2007 жылдың наурыз айынан бастап 28 қаңтар 2007 жылғы №234-ІІІ «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді төмендегідей субъектілер құру керек:
- ҚР Салық Кодексіне сәйкес арнайы салықтық режимді қолданатын жеке кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді жүргізбейді.
- шағын және орташа ұйымдар, коммерциялық емес, қазыналық-мемлекеттік ұйымдар қаржылық есепті ҚЕҰС-на сәйкес жүргізеді. (НСФО №1, 2 )
- ірі кәсіпкерлер мен жария ететін ұйымдар қаржылық есепті ҚЕХС-на сәйкес жүргізуге міндетті.

Үшінші деңгей - бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік ұсыныстар, шоттардың үлгі жоспарын қолдану бойынша нұсқаулықтар, бухгалтерлік есептің есеп тіркегіштерін толтыру бойынша нұсқаулықтар және т.б. Нормативті құжаттардың осы деңгейі ҚР қаржы министрлігімен дайындалып бекітіледі.


Үлгі шоттар жоспары 2007 жылдың 23 мамыр айының ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілді.
Төртінші деңгей – субъектінің есеп саясаты, осы субъектінің жүргізетін есебінің нысаны, шоттардың жұмыс жоспары, белгілі бір объектілер бойынша есептің таңдалған әдістері талқыланатын субъектінің өзімен дайындалып бекітіледі.
Есеп саясаты – бұл бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді ашудың негізгі қағидаларына және негіздеріне сәйкес жүргізу үшін субъектінің басшысымен қабылданатын әдістердің жиынтығы.

2. Қағида – бұл бухгалтерлік есептің ғылым ретіндегі одан келешектегі шығатын барлық тұжырымдарды анықтайтын негізі, бастапқы және базалық ережесі.


«Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-ІІІ Заңына сәйкес негізгі қағидалар болып келесілер табылады:
1.Есептеу қағидасы. Қаржылық есеп берулер есептеу қағидасының негізінде құрылады, өйткені табыстар тауарлар сатылған және қызметтер көрсетілген кездегі есепті кезеңде, ал шығындар табыстар алу үшін пайдаланылған кездегі есепті кезеңде көрсетіледі.
2.Үзіліссіз қызмет қағидасы. Шаруашылық субъектісі өз қызметін белгіленбеген уақыт аралығында жалғастыра береді және жақын арада оның жойылуы күтілмейді.
3.Түсініктілік қағидасы. Қаржылық есеп берудегі ақпараттар оларды пайдаланушылар үшін түсінікті болуы керек.
4.Маңыздылық қағидасы. Қаржы ақпараты пайдаланушылардың шешім қабылдауы барысында, олардың қажеттерін қанағаттандыруда және қаржы-шаруашылық қызметіне баға беруде көмектесуі тиіс.
5.Мәнділік қағидасы.Есеп жүргізу саясатында мәнді, маңызды ақпараттың ескерілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі қаржы есептемесін пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, онда оны қаржы есептерінде ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.
6.Дұрыстық қағидасы.Ақпарат шынайы көрсетіліп, қате болмауы тиіс.
7.Қаржылық ақпаратты әділетті және тура көрсету.Қаржылық есептемелер оларды пайдаланушыларды субъектінің қаржылық жағдайы, операцияларының нәтижелері және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы шынайы және тура түсінік тудыруы керек.
8.Бейтараптық қағидасы.Ақпарат сенімді болуы үшін бұрмаланудан аулақ болуы керек.
9.Сақтық қағидасы. Активтер мен табыстардың асыра бағаланбауын, ал міндеттемелер мен шығындардың жете бағаланбауын болдырмас үшін, белгісіздік жағдайда баға беруге қажетті шешімдер қабылданған кезде сақ болған жөн. Активтер мен міндеттемелерді бағалаған кезде неғұрлым консервативті әдіс таңдалынады: шығындар-максимум бойынша, ал табыстар минимум бойынша.
10.Тиянақтылық қағидасы.Қаржы есептеріндегі ақпарат толық болуы керек.
11.Салыстырмалық қағидасы. Қаржы ақпараты пайдалы әрі мазмұнды болуы үшін, ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы түрде, ал оны пайдаланушылар есеп саясатынан және оған енгізілетін барлық өзгерістерден хабардар болуы керек.
12.Кезектілік қағидасы. Ұйымдармен таңдалып алынған есеп саясаты бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданылады. Пайдаланушылар субъектінің қаржылық есеп беруін әр түрлі есеп кезеңдерімен салыстыруға мүмкіндіктері болуылары керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет