«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны


Сабақ тақырыбы: Кассадағы операцияларды құжатпен рәсімдеу, есептілік және есеп беру



бет6/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Сабақ тақырыбы: Кассадағы операцияларды құжатпен рәсімдеу, есептілік және есеп беру.

1. Касса әрекеттерінің есебі және касса бойынша жауапкершілік


2. Касса әрекеттерін құжаттандандыру
3. Кассадағы ақша қаражаттарын түгендеу.

1. Касса қолма-қол ақша қаражаттардың қабылдау, беру және уақытша сақтауға арналған арнайы жабдықталған және оқшауландырылған орны.


Кассалық әрекеттерді кассир жүзеге асырады. Кассир мен және оның міндеттерін жүзеге асыратын тұлға бухгалтермен жеке еңбек келісім шартын жасағаннан кейін жұмысқа қабылдау туралы сәйкес бұйрық шығарылады. Содан кейін ұйым басшысы өзімен дайындалып бекітілетін кассалық әрекеттер есебін жүргізу ережесімен таныстыру қажет. Кассир осы ережеге қол қоя отырып, танысқаннан кейін міндетті түрде онымен толық материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт жасалынады. Оның негізінде кассир кассадағы ақша қаражатының сақталуына, бастапқы кассалық құжаттардың дұрыс толтырылуына және кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуіне толық жауапкершілікпен атқарады.
Кассадағы операциялар есебі 1011 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттар» 1012 «Кассадағы валютамен ақша қаражаттары» шоттарында жүргізіледі. Кассалық әрекеттер №2 ҚЕҰС сай жүргізіледі.

2. Кассаға ақша қабылдау кіріс кассалық ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қолын қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен касиир қол қойған ашаны қабылдағаны туралы түбіртек квитанция беріледі. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады. Оған ақша қаражатын басқарушы ретінде ұйым басшысы, бас бухгалтер, кассир және ақша алушы тұлға қолын қояды. Ақша берілген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмерін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Барлық орындалған кассалық құжаттар кассирмен жинақталады, және олардың негізінде кассалық кітап толтырылады. Кассалық кітап нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кіммен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмері, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және қалдықты есептейді.

Кітапта жазбалар көшірме қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Екінші данасы жыртылатын беті кассирдің есебі қызметін атқарады. Ол барлық құжаттар мен бірге бухгалтерияға беріледі. Бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай №1 журнал-ордер (регистрлер) толтырылады. Айдың аяғына қалдық шығарылып, бас кітапқа жазылады.


3. Түгендеу дегеніміз- белгілі бір мерзімге, ақша қаражаттарының нақты бар болуын айқындау тәсілі. Кассаны түгендеу кезінде кассадағы барлық ақша қаражаттарын толығымен қайтадан санау жолымен нақты ақшалардың болуын тексереді. Кассадағы ақша қаражаттарының жетіспеушілігі немесе артықшылығы анықталған кезде актіде артықшылық немесе кемшілік сомасын көрсетіп олардың туындау себептері анықталады.


Кассада түгендеу №2 ҚЕҰС сай: ұйым басшысының өкімімен, бақылаушы органдардың тапсырысымен, материалды-жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде, табиғат апатынан, ұйым жабылғанда кейін жүргізіледі.
Түгендеуді тексерілетін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға болып тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді.
Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті есеп саясатынада бекітіледі.
Кассада түгендеу жүргізу тәртібі:

  1. Кассаға мөрі бар қағаз жабыстырылып, кілт кассирде, ал мөртабан текссерушіде қалады.

  2. Кассир түгендеу комиссиясының көзінше кассалық есепті құрып, барлық кіріс және шығыс ордерлер тіркелгендігі туралы қолхат жазады.

  3. Кассалық есепке бас бухгалтер қолын қояды.

  4. Кассадағы ақша қаражаттарын купюра бойынша толық санайды.

  5. Кассадағы нақты ақшаны бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырады.

  6. Сонымен қатар түгендеу комиссиясы кассаның дұрыс жабдықталуын тексеріп, заң бұзушылық анықталса, түгендеу актісінде көрсетеді.

  7. Түгендеу нәтижесін актіге тіркеп, ол 3 данада біруі бухгалтерияға, екіншісі кассирде және үшіншісі түгендеу комиссиясының төрағасында қалады.

  8. Егер жетіспеушілік анықталса кассирден жазбаша түсініктеме хат алынып, басшыға айтылады және кассирді түгендеу аяқталғанға дейін жұмыстан босатып, тексеру органдарына іс жүргізеді.

  9. Түгендеу аяқталғанна кейін түгендеу комиссиясы түгендеу актісі негізінде есеп құрып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолын қойып, бас бухгалтерге береді.

Негізгі шоттар корреспонденциясы







Шаруашылық әрекеттің мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Есеп айрысу шотынан кассаға ақша қаражаттары алынды

1010

1030

2.

Кассаға есеп беруге тиісті тұлғалардан қолданылмаған ақша қаражаттары қайтарылды

1010

1251

3.

Кассадан есепайрысу шотына ақша қаражаттары алынды.

1030

1010

4.

Кассадан есеп беруге тиісті тұлғаларға ақша қаражаттары берілді.

1251

1010

5.

Кассадан жұмысшыларға төлемақы берілді

3350

1010

6.

Кассаға банк несиесі кірістелді

1010

3010

7.

Кассадан сатылып алынған компьютерлерге ақша қаражаты қайтарылды

3310

1010

8.

Кассадан бюджетке салықтар бойынша міндеттемелер аударылды

3100

1010

9.

Қолма-қол ақша қаражаттарымен банк несиелері өтелді

3010

1010

10.

Қолма-қол ақша қаражаттары арқылы кредиторлық қарыздар жабылды.

3300

1010

11.

Кассаға сатылған өнімдерден (көрсетілген қызметтерден) түсім келіп түсті:
-ҚҚС –з құнына
-ҚҚС сомасына

1010

6010
3130

12.

Кассаға банктегі валюталық шотынан қолма-қол шетел валютасы келіп түсті

1010

1032

13.

Кассаға берілген аванс қайтарылды.

1010

1610

14.

Оң бағамдық айырмадан табыстар сомасы касса келіп түсті

1010

6250

15.

Кассадан депозиттік банктік шотына ақша қаражаттары берілді

1050

1010

16.

Кассада ақшаның жетіспеушілігі анықталды:
-кассирдің кінәсынан
-кінәлі тұлға анықталмаған жағдайда

1253
7210 н/е 7470



1010
1010



17.

Кассадан түгендеуден артықшылық сомасы

1010

6280

18.

Кассадан алынған материалдар , тауарлардың құны өтелді
- ҚҚС –з құнына

-ҚҚС сомасына



1310, 1330


1420

1010


19.

Кеңселік, типографиялық және телефондық байланыс шығындары төленеді:
-әкімшілік басқарушылықтың
-ұйым цехының

7210
8410

1010

20.

Ақпараттың, кеңестік қызметтер және аудиторлық қызметтер үшін төленді

7210

1010



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет