Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, пайдалы құралды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіштік тетік, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, және т.б. жатады.
Өндірістік емес негізгі құралдар қатарына шаруашылық өндірістің басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құрал жатқызылады. Оларға: тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылықтарда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және т.б. жатады.
Негізгі құрал кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.
Меншікті – кәсіпорынның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.
Жалға алынған – басқа кәсіпорындардан уақытша пайдалануға әкелінген негізгі құралдар.
Негізгі құралдардың заттық құрамына қарай мүліктік және мүліктік емес болып жіктеледі.
Мүліктікке заттай көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Ал пайдалану сипатына қарай НҚ-дың мына түрлері бар:
Жұмыс істеп тұрған ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын (сынып қалған) негізгі құралдар жатады.
Қорды тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар,яғни резервте тұрған негізгі құралдар.
Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.
Бастапқы – негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.