«Қаржылық есеп» пәнінен сұрақтар



бет11/24
Дата07.02.2022
өлшемі69,93 Kb.
#92528
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
ответы госэкз

Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз – негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің мынадай әдістері бар:
1. Құнды бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеп шығару;
2. Құнды орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды ( немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
3. Жеделдетіп есептен шығару:
- қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
- құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару;
Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады.
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900 000 теңге (1 000 000 – 100 000), яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы), ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:
900 000 х 20% = 180 000теңге


Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс) объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Нақты орындалған жұмыс мөлшері


Жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. 
Қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бір қалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл, сондықтан бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша жалдың амортизациялық аударым мөлшері (100% : 5) 20% болады.

33.Негізгі құралдарды жөндеу есебі.
Кәсіпорын меншігіндегі немесе жалға алынған негізгі құралдары тозып істен шықпас үшін белгілі- бір уақыт аралығында жөндеу жүргізіп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай жөндеу немесе ағымдағы жөндеу, және күрделі жөндеу болып екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.
Ұйымдар негізгі құралдардың құрылыс- монтаж жұмыстарын 2 әдіспен ұйымдастырып жүзеге асырады:
Шаруашылық әдісі кәсіпорынның өз күшімен және қаражатарымен жасалынатын жөндеулер.
Медігерлік әдісі кезінде негізгі құралдарды арнайы субъектілер (автожөндеу, жөндеу- шаруашылық субъектілері), яғни сыртқы қатысушылар көмегімен жүзеге асырылатын жөндеулер.

34.Негізгі құралдардың жал есебі.


Негізгі құралдарды жалдаудың 2 түрі бар:
Қаржыландырылатын жал – мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады. Жалдаудың бұл түрінде жалгер жалданған мүлікті өзінің балансында көрсетеді. Жалданған негізгі құралдың төлемі жасалғаннан кейін және жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалға берушінің меншігінде болуы мүмкін.
Ағымдағы жал деп - қаржыландырылатын жалгерліктен басқа кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің басында жүйелі түрде әрбір есеп алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі.
Жалға алу мерізіміне қарай жалдаудың 3 түрі сипатталады:
- 3 жылдан жоғары жалдау, яғни ұзақ мерзімді жал немесе лизинг;
- 1 жылдан бастап 3 жылға дейінгі, яғни орта мерзімді жал немесе хайринг;
- 1 жылға дейінгі жалдау, яғни қысқа мерзімді жал немесе чартер.

35.Негізгі құралдардың қайта бағалануы және түгенделуі


Негізгі құралдарды қайта бағалау, қалыптасқан есеп жүргізудің бір нысаны болып табылады. Негізгі құралдарды қайта бағалау – бұл өнімнің өзіндік құнын және рентабельдікті анықтауда тиімді болып табылады. Негізгі құралды қайта бағалау үшін арнайы коммисия құрылады. Қайта бағалауда НҚ-дың бастапқы құны негізгі мәлімет болып табылады.
Қайта бағалау кезінде индекстік тәсілді қолданса, бастапқы баға мен амортизациялық сома бірдей коэффициентке көбейтіледі. Мысалы, объекттің құны 500 мың теңге, амортизация – 100 мың теңге, коэффициент – 1,1. Қайта бағалаудан кейін ағымдағы құны 500 мың теңге*1,1=550 мың теңге болады, ал амортизация – 100 мың теңге*1,1=110 мың теңге.
Тікелей бағалау әдісін қолданған кезде бастапқы құн мен амортизация сомасы қосылады және айырмасы (қалдық немесе баланстық құны) нарықтық бағаға дейін ұлғайтылады. Амортизация қайтадан есептеледі, ал объектінің қызмет көрсету уақытына және қалдық құнына байланысты амортизациялық ставкалар да өзгереді. Қызмет көрсету мерзімі мен қалдық құны да қайта қаралуы мүмкін.

36.Материалдық емес активтердің түсінігі, маңызы, түрі және бағалануы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет